From Wikipedia, the free encyclopedia
Аргентина Ұлттық футбол құрама командасы (ис. Selección de fútbol de Argentina) Аргентинаны халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы Аргентина футбол қауымдастығының қол астында бақылауда болады. Қауымдастық 1912 жылдан бастап ФИФА мүшесі, ал 1916 жылдан КОНМЕБОЛ мүшесі болып табылады.
Аргентина | |||
Лақап аты |
Аспанды-көгілдір (ис. La Albiceleste) | ||
---|---|---|---|
Конфедерация | |||
Федерация |
Аргентина футбол қауымдастығы | ||
Бас бапкері | |||
Капитаны | |||
Ең көп ойын саны |
Лионель Месси (172) | ||
Үздік бомбардир |
Лионель Месси (98) | ||
Үй стадионы | |||
ФИФА рейтингі |
1 (18. 07. 2024) | ||
Жоғарғы көрсеткіш |
1 (наурыз 2007, қазан 2007 — маусым 2008, шілде-қазан 2015, сәуір 2016 — сәуір, сәуір 2023 — ) | ||
Төменгі көрсеткіш |
24 (тамыз 1996) | ||
ФИФА коды |
ARG | ||
Формасы | |||
| |||
Бірінші ойын | |||
Уругвай 2:3 Аргентина | |||
Ең ірі жеңіс | |||
Аргентина 12:0 Эквадор | |||
Ең ірі жеңіліс | |||
Чехословакия 6:1 Аргентина | |||
Әлем чемпионаты | |||
Қатысу |
17 (бірінші 1930) | ||
Жетістіктері | |||
Америка кубогы | |||
Қатысу |
43 (бірінші 1916) | ||
Жетістіктері |
1921, 1925, 1927, 1929, 1937, 1941, 1945, 1946, 1947, 1955, 1957, 1959, 1991, 1993, 2021 | ||
Аргентина құрамасы 20-ғасырдың басында-ақ қалыптасты, 1901 жылы тұңғыш ойынын өткізді, 1912 жылы ФИФА-ға мүше болды. 1910 жылы Аргентинада Оңтүстік Америка құрлығындағы тұңғыш ресми халықаралық турнир — Мамыр төңкерісінің жүз жылдығы турнирі ұйымдастырылды. Кейін ол турнир Америка кубогының бастаушысы ретінде тарихқа жазылды.
Құрама 1928 жылға дейін тек оңтүстік америкалық құрамалармен ғана сынға түсіп жүрді. Олардың тұңғыш "шетжерлік" қарсыластары - Португалия құрамасы болды (1928 жыл, 0:0).
1930 жылғы әлем чемпионатына қатысқан 13 құраманың бірі атанды, финалға дейін жетіп, Уругвайдан 2:4 есебімен ұтылып қалды. Бұл — әлем чемпионаттарындағы 70-жылдарға дейінгі мақтанарлық жалғыз жетістігі еді. Аргентина 1934-74 жылдар аралығында әлем чемпионаттарында сәтсіз ойнағанымен, осы аралықта жеті рет Оңтүстік Америка жеңімпазы атанды. 1978 жылы әлем чемпионаты Аргентинада өтті де, Аргентина финалда 3:1 есебімен Нидерландыны ұтып, әлем чемпионы атанды. Кейін Диего Марадонаның дәуірі келді де, 1986 жылғы әлем чемпионатында Аргентинаға тең келер құрама табылмады.
Құрама 1990 жылғы әлем чемпионатында да финалға шықты, бірақ ГФР футболшыларынан 0:1 есебімен ұтылып қалды. Осы Марадона бастаған ұжым 1991, 1993 жылдары Америка кбогында топ жарды.
1994 жылғы әлем чемпионатында 1/8 финалдан аса алмады.
1998 жылы ширек финалда Нидерланды құрамасынан сүрінді (1:2)
Құрама 2002 жылғы әлем чемпионатына өте мықты құраммен барды, бірақ топтық турнирден аса алмады. 2006 жылы құрамы едуір жаңарып, топтық турнирден сүрінбей өтті. 1/8 финалда Мексканы 2:1 есебімен ұтып, ширек финалда турнир қожайындары Германиямен ойнады. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальтилер сериясында Аргентина ұтылып қалды.
2010 жылы да ширек финалда Марадона жаттықтырған аргентиналықтар Германиядан ұтылды, бұл жолы ірі есеппен — 0:4.
2014 жылы Аргентина басты фаворит саналды, Алехандро Сабельяның шәкірттері финалға дейін жетіп, финалда тағы да сол Германия бұларға тоқауыл болды: 0:1.
2015, 2016 жылдары қатарынан екі рет Америка кубогының финалында сүрінді, екеуінде де Чилиге жол берді, екуінде де пенальтилер арқылы. 2018 жылы Хорхе Сампаоли бастаған аргентиналықтар 1/8 финалда Франциядан ұтылды.
№ | Ойыншы | ЖЖ | Гол | Матч |
---|---|---|---|---|
1 | Лионель Месси | 2005— | 61 | 123 |
2 | Габриель Батистута | 1991—2002 | 54 | 78 |
3 | Серхио Агуэро | 2006— | 36 | 84 |
4 | Эрнан Креспо | 1995—2007 | 35 | 64 |
5 | Диего Марадона | 1977—1994 | 34 | 91 |
6 | Гонсало Игуаин | 2009— | 31 | 69 |
7 | Луис Артиме | 1961—1967 | 24 | 25 |
8 | Леопольдо Луке | 1975—1981 | 22 | 45 |
9 | Даниэль Пассарелла | 1976—1986 | 22 | 70 |
10 | Эрминио Масантонио | 1935—1942 | 21 | 19 |
2021 жылғы Америка кубогындағы құрамы
№ | Футболшы | Клуб | Туған күні |
---|---|---|---|
Қақпашы | |||
1 | Франко Армани | Ривер Плейт | 16 қазан 1986 |
12 | Агустин Марчесин | Порту | 16 наурыз 1988 |
23 | Эмилиано Мартинес | Астон Вилла | 2 қыркүйек 1992 |
28 | Хуан Муссо | Удинезе | 6 мамыр 1994 |
Қорғаушылар | |||
2 | Лукас Мартинес | Фиорентина | 10 мамыр 1996 |
3 | Николас Тальяфико | Аякс | 31 иамыз 1992 |
4 | Гонсало Монтиэль | Ривер Плейт | 1 қаңтар 1997 |
6 | Херман Песселья | Фиорентина | 27 маусым 1991 |
8 | Маркос Акунья | Севилья | 28 қазан 1991 |
13 | Кристиан Ромеро | Аталанта | 27 сәуір 1988 |
19 | Николас Отаменди | Бенфика (Лиссабон) | 12 ақпан 1988 |
25 | Лисандро Мартинес | Аякс | 18 қаңтар 1998 |
26 | Науэль Молина | Удинезе | 6 сәуір 1998 |
Жартылай қорғаушылар | |||
5 | Леандро Паредес | Пари Сен-Жермен | 29 маусым 1994 |
7 | Родриго де Пауль | Удинезе | 24 мамыр 1994 |
11 | Анхель Ди Мария | Пари Сен-Жермен | 14 ақпан 1988 |
14 | Эсекиэль Паласиос | Байер 04 | 5 қазан 1998 |
17 | Николас Домингес | Болонья | 28 маусым 1998 |
18 | Гидо Родригес | Реал Бетис | 12 сәуір 1994 |
20 | Джовани Ло Чельсо | Тоттенхэм Хотспур | 9 сәуір 1996 |
24 | Алехандро Гомес | Севилья | 15 ақпан 1988 |
Шабуылшы | |||
9 | Серхио Агуэро | Манчестер Сити | 2 маусым 1988 |
10 | Лионель Месси (к) | Барселона | 24 маусым 1987 |
15 | Николас Гонсалес | Штутгарт | 6 сәуір 1998 |
16 | Хоакин Корреа | Лацио | 13 тамыз 1994 |
21 | Анхель Корреа | Атлетико Мадрид | 9 наурыз 1995 |
22 | Лаутаро Мартинес | Интернационале | 22 тамыз 1997 |
27 | Хулиан Альварес | Ривер Плейт | 31 қаңтар 2000 |
Бас бапкер | |||
Лионель Скалони | 16 мамыр 1978 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.