Карлос Алберто Торрес (порт. Carlos Alberto Torres, o Capitão do Tri, немесе жәй ғана Карлос Алберто; 17 шілде 1944[1], Рио-де-Жанейро — 25 қазан 2016[2][3], сонда) — бразилиялық футболшы, қорғаушы.
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Карлос Алберто Торрес |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Туған күні |
17 шілде 1944 (1944-07-17)
|
---|
Туған жері |
Рио-де-Жанейро
|
---|
Қайтыс болған күні |
25 қазан 2016 (2016-10-25) (72 жас)
|
---|
Азаматтығы |
Бразилия
|
---|
Бойы |
180
|
---|
Позиция |
қорғаушы
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
Бразилия Ұлттық футбол құрамасы сапында 1970 жылы әлем чемпионы атанды. Кейін көптеген жылдар бойы бапкерлікпен айналысып, көптеген клубтық командалармен бірге Әзірбайжан және Оман ұлттық құрамаларын жаттықтырды.
1970 жылғы әлем біріншілігінің финалында Италияның қақпасына шешуші соңғы голды соқты (4:1). 1970 жылғы әлем біріншілігінің символикалық құрамы мен 2004 жылы ФИФА-ның 100 жылдығына орай Пеле анықтаған ФИФА 100 тізіміне қосылды.
Кейін саясатқа да араласып, 1989-93 жылдары Рио-де-Жанейродағы Муниципальды кеңесте жұмысшылар демократиялық партиясының вице-меңгерушісі және бірінші хатшысы болды.
Ұлы — Карлос Алешандре Торрес те футболшы, 1992 жылы Бразилия құрамасы сапында бір ойын өткізген.
- Әлем чемпионы (1): 1970
- Бразилия чемпионы (Робертан) (1): 1968
- Сан-Паулу штатының чемпионы (4): 1967, 1968, 1969, 1973
- Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (3): 1964, 1975, 1976
- АҚШ чемпионы (NASL) (3): 1977, 1978, 1982
- Континентаралық суперкубок жеңімпазы (1): 1968
- Бразилия чемпионы (2): 1983, 1995
- Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (2): 1996, 1997
- Рио-Сан-Паулу турнирінің чемпионы (1): 1998
- КОНМЕБОЛ кубогы (1): 1993