Роберто Карлос да Силва Роша (порт. Roberto Carlos da Silva Rocha; 10 сәуір 1973, Гарса, Сан-Паулу, Бразилия) — Бразилияның бұрынғы футболшысы, қорғаушы, сонымен қатар орта қорғаушы мен тіреуші жартылай қорғаушының позициясында ойнай алады. 2002 жылдың футболдан әлем чемпионы, “1998 жылғы футболдан әлем чемпионатының” күміс жүлдегері. [ФИФА 100]]ге кіреді. УЕФА Чемпиондар Лигасында 100-ден астам матчта ойнаған 19 футболшылардың бірі[1].
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Роберто Карлос |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Толық аты |
Роберто Карлос да Силва Роша
|
---|
Лақап аттары |
Робби
|
---|
Туған күні |
10 сәуір 1973 (1973-04-10) (51 жас)
|
---|
Туған жері |
Гарса, Сан-Паулу, Бразилия
|
---|
Азаматтығы |
Бразилия Испания
|
---|
Бойы |
168
|
---|
Салмағы |
70
|
---|
Позиция |
қорғаушы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
Сивасспор
|
---|
Номері |
Басты жаттықтырушы
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
Ол өзінің жылдамдық мағлұматтарымен (Роберто Карлос 100 метрді 11 секундтан аз уақытта жүгіріп өткен[2]) және бірталай әдемі гол салған, соның ішінде айып соққылардан гол салған аса қатты қашықтан соққыларымен әйгілі. 1997 жылы “ ФИФА-ның жыл футболшысы” атағына дауыс беру нәтижесінде отандасы Роналдодан кейін екінші орынға ие болды. Көп жылдар бойы ол соққы күші мен доптың ұшу жылдамдығы (198 км/сағ) туралы әлемдік рекордтың иесі болып келді. Бұл рекорды “2010 жылғы футболдан әлем чемпионатында” неміс футболшысы Лукас Подольски 201 км/сағ жылдамдықпен озып кетті[3]. Роберто Карлос айып соққыларды табанның сыртқы жағымен орындайды, сол себепті доптың ұшу траекториясы әрқашан әртүрлі болып келеді[4].
«Мен бұл соққыларды күнде жаттықтырамын және сәттілік тек тұрақты жаттығулардың нәтижесінде ғана келеді деп санаймын», — Роберто Карлос
- Басқа сайыстар ретінде Бразилия штаттарының жарыстары қарастырылады
More information Маусым, Клуб ...
Close
(Жағдайына қарай 2011 жылдың 26 қыркүйегіне түзетілген)
«Палмейрас»
- Бразилия Чемпионы(2): 1993, 1994
- Рио-Сан-Паулу турнирі жеңімпазы: 1993
- Сан-Паулу штатының чемпионы(2): 1993, 1994
«Реал Мадрид»
- Испания чемпионы (4): 1996/97, 2000/01, 2002/03, 2006/07
- Испания Суперкубкі иегері (3): 1997, 2001, 2003
- УЕФА чемпиондар лигасының жеңімпазы (3): 1997/98, 1999/00, 2001/02
- УЕФА Суперкубок иегері: 2002
- Континентаралық кубок иегері (2): 1998, 2002
«Фенербахче»
- Түркия Суперкубок иегері (2): 2007, 2009
Бразилия құрамасы
- Әлем чемпионы: 2002
- Америка Кубок иегері(2): 1997, 1999
- Конфедирация Кубок иегері: 1997
- Әлем вице-чемпионы: 1998
- Олимпияда ойындарының қола жүлдегері: 1996
- УЕФА-ның Еуропадағы ең жақсы қорғаушысы (2): 2001/02, 2002/03
- «France Football» нұсқасы бойынша Еуропаның нөмірі екінші футболшы: 2002
- ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің нөмірі екінші футболисті: 1997
- Италия чемпионатының үздік қорғаушысы: 1996
- Бразилия чемпионатының үздік қорғаушысы: 2010
- Бразилияның «Күміс доп» иегері(3): 1993, 1994, 2010
- ЕФЕ трофей иегері: 1998
- Golden Foot жүлдесінің иегері: 2008
- УЕФА символикалық ұлттық команданың құрамына кірді(2): 2002, 2003
- Бразилия символикалық чемпионат команданың құрамына кірді: 2010
- ФИФА 100 тізіміне кіргізілді
- Түркияның жыл бапкері: 2013/14
- World Soccer нұсқасы бойынша XX ғ. ең үздік футболшылардың тізіміне кіргізілді