From Wikipedia, the free encyclopedia
Тимур Асқарұлы Құлыбаев (10 қыркүйек 1966, Алматы) — қазақстандық кәсіпкер, экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰОК президенті (2015—2024)[2][3], Қазақстан темір жолы директорлар кеңесінің төрағасы (2009—2011) және Самұрық-Қазына төрағасы (2011—2011). Forbes журналы бойынша бірнеше жыл қатарынан ең бай адамдар тізіміне еніп[4], 2024 жылы байлығы 5 млрд $ бағаланды[5]. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динараға үйленген.
Тимур Асқарұлы Құлыбаев | |
Құлыбаев, 2011 жыл | |
Туған күні |
10 қыркүйек 1966 (58 жас) |
---|---|
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Компаниясы | |
Лауазымы |
директорлар кеңесінің төрағасы |
Компаниясы | |
Лауазымы |
директорлар кеңесінің төрағасы |
Компаниясы | |
Лауазымы |
директорлар кеңесінің төрағасы (2008—2012) |
Компаниясы | |
Лауазымы |
төраға (2005—2023)[1] |
Білімі |
1. РФММ (1983) |
Марапаттары | |
Жұбайы |
Динара Құлыбаева (тумысында Назарбаева, некеде 1990—) |
Жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге “АЛМЭКС холдингтік тобы“ АҚ арқылы елдегі ірі банктердің бірі Халық Банктың 69.52 % иелік етеді.[6]. 2024 жылы Халық Банк Құлыбаевтарға 276.5 млрд ₸, ал 2022 жылы 138 млрд ₸ өтемақы төлеп берді.[7]. Одан бөлек ол “Каспий мұнай” АҚ 100 %, “Шұбаркөл Премиум” АҚ 67 %, “Кристалл Менеджмент” АҚ 51 % және “Premier Development Company” АҚ 50 % кіретін “Joint Resources” АҚ иесі. “Joint Resources” АҚ 2022 жылы 43,56 млрд ₸ табыс тапты.[8]
Жыл | Байлығы | Орны |
---|---|---|
2024 | 5 млрд $[9] | әлемде 612-ші, елде 2-ші |
2023 | 4.3 млрд $[10] | әлемде 636-шы, елде 2-ші |
2022 | 3.9 млрд $[11] | әлемде 780-ші, елде 2-ші |
2021 | 2.9 млрд $[12] | елде 6-шы |
2020 | 2.9 млрд $[13] | елде 2-ші |
2019 | 3.1 млрд $[14] | елде 3-ші |
2018 | 3.1 млрд $[15] | елде 2-ші |
2017 | 2.2 млрд $[16] | елде 3-ші |
2016 | 2.1 млрд $[17] | елде 3-ші |
2015 | 2.1 млрд $[18] | елде 4-ші |
2014 | 1.8 млрд $[19] | елде 3-ші |
2013 | 1.3 млрд $[20] | елде 5-ші |
2012 | 1.258 млрд $[21] | елде 6-шы |
1966 жылы 10 қыркүйекте Қазақ КСР-і Алматы қаласында туған. Дулат тайпасының сиқым руынан шыққан.[22] [23]. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 жылы). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша экономист біліктілігімен бітірген (1988 жылы).
«Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі саласында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1999 жылы).
1988–1990 жылдар аралығында ҚазКСР Мемелекеттік жоспар жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтында (НИЭИ ПиН – ЖжН ЭҒЗИ) қызмет атқарған.
1990 жылы Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры ғылыми-консультациялық орталығының директоры болып тағайындалды.
Құлыбаев 1990 жылдары қаржылық-инвестициялық қызметпен айналысатын «Алтын-Алма» компаниясын құрды (кейіннен «Алмэкс» холдингі болып өзгерді), компания «Халық Банкі» акциясының бақылау пакеттерінің белгілі бір бөлігінің иегері болатын.
Мемлекеттік органдарда,компаниялар мен қорларда қызмет атқарған кезеңдерде жеке активтерді басқаруды банк IPO-сын іс жүзіне асыра алған және оның банктік сектордағы озық ұстанымын сақтап қала алған жас та болса тәжірибелі менеджерлер командасына (Григорий Марченко, Александр Павлов, Әнуар Сәйденов, Қайрат Сатылғанов) тапсырды.
1997 жылы ҚР Мемкомитетінің Инвестициялар жөніндегі жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының жетекшісі болып тағайындалды(министр орынбасары құқығында).
1997 жылдың мамыр айынан 1999 жылдың наурыз айы аралығына дейін «KazakhOil Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ-ның (1994–1997 жылдары «жаппай жекешелендіру» кезеңінен кейін мемлекет меншігінде қалған мұнай-газ активтерін шоғырландырған мемлекеттік компания) экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болып қызмет атқарды.
Сол кезеңде «Казахойл» президенті болған Нұрлан Балғымбаев бұл жөнінде былай деп атап өтеді:
|
1999 жылдың наурызында «KazTransOil Мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның (Магистралды мұнай құбырларының желісін басқарушы ұлттық компания) президенті болып тағайындалды.
2001 жылдың мамырынан 2002 жылдың ақпанына дейін — «Мұнай-газ тасымалы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған) бас директоры. 2002 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың қазан айы аралығында — «Қазақойл» және «Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компанияларының бірігуінен құрылған «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның бірінші вице-президенті.
«ҚазМұнайГаз-дағы» қызметінен кеткен соң, Қазақстанның энергетикалық секторында жұмыс істейтін ұлттық және шетелдік негізгі компанияларды біріктірген «KazEnergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясы ЗТБ-ны құруға бастамашы болды және оған басшылық жасады. Сонымен бір мезетте ҚР Президентінің қаржылық және энергетикалық саясат жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымына ие болды.
2005–2006 және 2007–2008 жылдары өзінің жеке бизнесін қоғамдық қызметімен қатар алып жүрді.
2006 жылдың сәуір айы мен 2007 жылдың тамызы аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Самұрық қазақстандық холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары болып істеді. Сонымен бір мезетте «KEGOC» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК-сы директорлар кеңесінің төрағасы міндетін атқарды.
2008 жылдың қазан айында «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Қордың еншілес «Қазатомпром», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «KEGOC», «Самұрық-Энерго» компанияларының директорлар кеңесінің төрағасы болды.[25]
2011 жылы 12 сәуірде Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың басқарма төрағасы болып тағайындалды.[26] Оның басшылығымен Қор ұлттық компанияларға корпоративті басқару қағидаттарын енгізу және ауқымды индустриялау міндеттерін іске асыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
«Бізге жүктелген міндеттер аз емес. Оның ең бастысын жаңа жасақталған Үкіметтің жақында ғана өткен кеңейтілген мәжілісінде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап ескерткен болатын. Ол Қор компанияларын "ұлттық чемпиондар" деңгейіне дейін көтеруді міндеттеді. Инновацияларды енгізуге қабілетті, өз саласында кез келген күрделі жобаларды жүзеге асыруға дайын, аймақтық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, мықты компанияларға айналдыруды тапсырды. Екінші маңызды мәселе - мемлекеттік компаниялардың бірқатарын "халықтық IPO-ға" өткізу, сонымен бірге қазақстандықтарды қор нарығына тарту үшін олардың өз табыстарын арттыруына қолайлы жағдайлар туғызу. Бұл мәселе бойынша біз үкіметпен бірлікте ұлттық компанияларды қор нарығына шығарудың тұжырымдамалары мен механизмдерін жасау үстіндеміз. Инновацияларды дамыту -мемлекет әлеуетін көтерудің маңызды шарасы екендігін Елбасымыз баса атап көрсетті. Осы мәселенің өзі біздің алға қойған басым бағытымыз болып саналады. Қор ұлттық компаниялардың негізгі акционері, басқарушы жалғыз корпоративтік орталық ретінде басты рөлге ие болуы тиіс. Біз топтарға тұтастай жіктеп, сондай-ақ ірі компанияларға жеке-дараланған күйде корпоративтік инновациялық-технологиялық стратегия жасауға кірістік. Қордың Инновациялық кеңесі, ал еншілес компанияларда Ғылыми-техникалық кеңестер құрылды. Біз табысқа жетудің жолы туындаған ойдың дайын өнім болғанына дейінгі жүретін барлық процестер кешенінің іске асуын қамтамасыз ететін инновацияны басқарудың заманауи әдістерін енгізу деп білеміз. Егер қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы айтар болсақ, осы жылы біз үкіметтің дағдарыстың алдын алу бойынша жүргізген бағдарламаларын толықтай іске асырып боламыз. Қор үшін ішкі жүйелік міндеттемелер де маңызды. Бұл арада еншілес компанияларды басқарудың жүйелерін жетілдіру жөнінде айтып отырмын. "Самұрық-Қазына" - шаруашылық құрылым емес, қор еншілес компаниялардың операциялық қызметтеріне араласпайды, компанияның сарапшы қызметкерлерін ауыстырмайды, ауыстыруға тиіс те емес. Біз активтермен басқарамыз. Бұл дегеніміз, басты бағыт ретінде корпоративтік басқару қағидаттары қойылуы тиіс. Корпоративтік құжаттар мен реттемелер жасау және жасау үдерістерін қалыптастыру, бағалаудың нақты критерилерін енгізе отырып, стратегиялық шешімдер қабылдау және оны жүзеге асырумен біз әртүрлі жобалар арқылы нақты экономиканың тетіктерін меңгеріп, еншілес компаниялар ісінің тиімділігін арттырамыз.»[27]
Құлыбаевтың пікірінше инвесторлармен тұрақты конструктивті байланыстар орнату Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін өте маңызды.
«Қазақстан инвестицияны өсіру туралы айтатын мемлекет ретінде, Қазақстанға инвесторларды шақырады, өз міндеттемелерінің тұрақтылығын көрсетеді. Сондықтан да менің ойымша біздің инвесторлар өздерін жақсы, қолайлы сезінеді».
Шет ел инвесторларымен ынтымақтастық сондай-ақ экология, қазақстандық құрам, ұлттық кадрлар мәселелері болып шығады. «Біз осы мәселелер бойынша және, соның ішінде, шет ел инвесторларымен жұмыс істеп жатырмыз», деп атап өтті Құлыбаев.[28][29] «Инновациялық Қазақстан» идеялар конкурсы шеңберінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Құлыбаев экономика саласындағы талантты жастардың инновациялық жобаларын қолдап сөз сөйлейді:
«Мен бұл конкурс жаңа есімдерді анықтап, қоғамдық өмірдегі және экономикадағы өзекті проблемаларды ерекше шешуге және соны, өзіндік идеяларға жол ашады деп сенемін. Егер біз бүгін инновациялық жастарды қолдасақ, ертең қуатты Қазақстан біздің қолымызда екеніне сенімдімін.»[30]
2011 жылдың 26 желтоқсан күні Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ң Басқарма төрағалығынан босатылды.[31]
2010 жылдың сәуір айында «Атамекен одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының президиум төрағасы (ҰЭП) болып сайланды[32]. 2011 жылдың қыркүйегінде Астанада өткен «Атамекен» ҰЭП съезінде Құлыбаев Кеден одағы және қазақстандық құрамды дамыту шеңберінде бизнес үшін қолайлы жағдай туғызу мәселелерін қозғады. «Бүгінгі таңда 50 пайыздан астам сатып алулар, бұл міне, қазақстандық құрам. Біз осы санды көбейту үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деді Құлыбаев. [33]
2011 жылғы 30 маусымда «Газпром ААҚ»-тың кезектен тыс акционерлер жиналысында директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.[34][35]
2008 жылдан Бүкіләлемдік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) Қазақстан Ұлттық комитетінің төрағасы. 2009 жылдың қаңтар айынан бастап, осы күнге дейін Қазақстан бокс федерациясының президенті. 2010 жылдан — ҚР Ұлттық олимпияда комитеті атқарушы комитетінің мүшесі. 2010 жылдың наурыз айынан ҚР Кәсіпкерлер бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі. 2010 жылдың мамыр айында ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі құрамына енген.
2012 жылдың наурыз айында Тимур Құлыбаев Халықаралық Бокс федерациясының вице-президенті болып сайланды. Бұл шешім АИБА атқарушы комитетінің осы жылдағы алғашқы отырысында қабылданды[36].
Тимур Құлыбаев қазақстандық және шетелдік БАҚ-тарда Қазақстанның болашық президенті ретінде қарастырылып жүр. Алайда, ол өзі бұл пікірге қосылмайды. 2011 жылдың шілдесінде қазақстандық БАҚ өкілдерімен көздесуінде бұған қатысты Тимур Құлыбаев өз ойын былай білдірді:
«Нұрсұлтан Әбішұлы сәуірде президент болып сайланды. Енді мұрагерлік мәселесін талқылап жату орынсыз. Мен экономикалық мәселелермен және бизнесті дамытумен айналысып жүрмін, бұл өзіме ұнайды. Мен ешқашан өзімді саясаткер ретінде көрсеткен емеспін»[37], содан кейін пресс-конференция барысында пікірін қайталады: «Мен бизнеспен айналысамын. Саясатпен ешқашан айналысқан жоқпын, ешқандай да саяси партияға мүше емеспiн. Мен өзiмдi бизнесте еркiн сезiнемiн және бизнесте өз дегенiме жеткiм келедi. Сондықтан жуық арада саясатпен айналысатын ойым жоқ.»[38][39]
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі. Хоббиі — гольф, тау шаңғысы, футбол.
Тимур Құлыбаев спортқа әуес, әсіресе, ол гольфтен халықаралық турнирлерге қатысқан.[52] Спортсмендер мен тренерлерді қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін тұрақты инвестициялар ала отырып, ірі қалалардағы спортзалдарды ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның өзге өңірлеріндегі спортзалдарды да жабдықтай отырып, оның басшылығымен Қазақстан бокс федерациясы белсенді дами бастады.[53]
Мен бала кезден спортпен дос болдым. Спортқа деген қызығушылығымды арттырған әке-шешем, әсіресе әкем. Ол кісі кезінде бокстан спорт шебері, Қазақстан чемпионы болған. Ағаммен бірге спортпен үнемі айналыстық. Спортпен шүғылданғаным ерік-жігерімді қалыптастырды, өз-өзімді ұстай білуге дағдыландырды. Мінез-құлқымды шынықтырып, жеңебілушілікке ынтамды арттырған спорттың бизнестегі жетістігіме де әжептәуір әсері бар сенімді түрде айта аламын.[54]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.