Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі — үкімет құрамына енетін, Қазақстан ішкі істер органдары жүйесін басқаратын, Қазақстан аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы салааралық іс-қимылдарды реттейтін, құқық қорғау аясындағы мемлекеттік саясатты жасау және іске асыруға жауапты министрлік.[2]
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі (ҚР ІІМ) | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | Қазақстан |
Мекемені басқарады | Қазақстан Республикасының Үкіметі |
Штаб-пәтері | 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1[1] 51°09′08″ с. е. 71°27′18″ ш. б.51.15239306° с. е. 71.45515972° ш. б. (G) (O) (Я) |
Министр | полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов |
Бірінші вице-министр | Бауыржан Әленов |
Бір мекемеге қарасты орган | Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы |
Ресми сайты | |
gov.kz/memleket/entities/qriim |
1920 жылдың қазанында Қазақ КСР Ішкі істер халық комиссариаты (ІІХК) ретінде құрылды,[3] 1946 жылдан Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі деп аталды.[4]
1996 жылы 3 қаңтарда Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік автомобиль инспекциясы (МАИ) Жол полициясы болып өзгертілді.
1998 жылғы 9 желтоқсандағы №307 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан милициясы "полиция" болып өзгертілді.
Үкіметтің 2001 жылдың 8 маусымындағы қаулысымен[5] министрліктің Жол полициясы комитеті құрылды.
Қазақстан үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен[6] Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Әділет министрлігінің құрамына берілді.
Қазақстан үкіметінің 2002 жылдың 22 мамырынағы қаулысымен[7] министрліктің Тыл департаменті таратылды.
Қазақстан президентінің 2002 жылдың 28 тамызындағы Жарлығына[8] сәйкес Үкіметтің 2002 жылдың 26 қыркүйегіндегі қаулысымен[9] министрліктің Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасы министрліктің Ішкі әскерлер комитеті болып қайта ұйымдастырылды.
Президенттің 2002 жылғы 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2002 жылғы 11 қазандағы қаулысымен[10] министрліктің Жол полициясы комитеті таратылды, оның мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері министрлікке берілді.
Президенттің 2003 жылдың 23 желтоқсанындағы Жарлығымен[11] экономикалық және сыбайлас қылмыстарды анықтау және тергеу функциялары Экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігіне (Қаржы полициясы) берілді; қылмыс жасады деп күдіктенген және айыпталған адамдарды ұстау және тергеу изоляторында жазасын өткеретін сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды атқару, сондай-ақ құжаттау және Қазақстан азаматтарына жеке куәлігі мен паспортын беру функциялары Әділет министрлігіне берілді. Әділет министрлігі есірткі айналымы мен оның заңсыз айналымына қарсы іс-әрекет ету саласындағы функциялары Ішкі істер министрлігіне берілді.
Қазақстан Президентінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2004 жылдың 3 наурызындағы қаулысымен[12] министрліктің Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті құрылды.
Үкіметтің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 423 Қаулысымен Iшкi iстер министрлiгiнiң аумақтық органдары Iшкi iстер министрлiгiнiң Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көлiктегi iшкi iстер департаменттерi болып қайта аталды.[13]
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 313 Қаулысымен Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi құрылды.[14]
ҚР Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығымен:
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті құрылды.[15]
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 736 Қаулысымен Қазақстан азаматтарын құжаттандыруды, сәйкестендіру нөмірлері бар жеке куәліктер мен паспорттар дайындауды және беруді, азаматтарды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асыру Әділет министрлігінен Ішкі істер министрлігіне қайтарылды.
Президенттің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысымен Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ішкі істер министрлігіне кері қайтарылды.[16]
ҚР Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Ішкі істер министрлігінің заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу мен тіркеу, олардың уақытша және тұрақты тұру, елден тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, есепке алу және тіркеу, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша өкілеттіктерін қоспағанда, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру функциялары берілді.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 245 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті таратылды.[17]
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті Әкімшілік полиция комитетіне қосылды.[18] Ішкі істер министрінің бұйрығымен 2013 жылғы 1 қарашадан бастап Жол полициясы Әкімшілік полициямен бірікті.[19]
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен таратылған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің негізінде Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті құрылды. Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы болып қайта аталды. Министрліктің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Криминалдық полиция комитеті және Тергеу комитеті таратылды.[20]
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 110 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті құрылды.[21]
Үкіметтің 2018 жылғы 16 қазандағы № 637 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдар - Ішкі істер департаменттері, ішкі істер басқармалары, ішкі істер бөлімдері, Көліктегі ішкі істер департаменті мен ішкі істер желілік бөлімдері сәйкесінше Полиция департаменті, полиция басқармасы, полиция бөлімі, Көліктегі полиция департаменті және желілік полиция бөлімі болып қайта аталды.[22]
Президенттің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылуына байланысты ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті таратылды.[23]
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 735 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды.
Ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген міндеттер:
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) |
Қызметі | Партиясы | Үкімет басшысы | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Михаил Берсенёв (1937 туған) |
сәуір 1990 |
сәуір 1992 |
белгісіз | Терещенко | ||
2 | Владимир Шумов (1941–2020) |
сәуір 1992 |
қыркүйек 1994 |
белгісіз | Терещенко | ||
3 | Болат Баекенов (1942–2023) |
қыркүйек 1994 |
қазан 1995 |
белгісіз | Терещенко Қажыгелдин | ||
4 | Қайырбек Сүлейменов (1949 туған) |
қазан 1995 |
желтоқсан 2000 |
Партиясыз | Қажыгелдин Балғымбаев Тоқаев | ||
5 | Болат Ысқақов (1947 туған) |
желтоқсан 2000 |
қаңтар 2002 |
белгісіз | Тоқаев | ||
6 | Қайырбек Сүлейменов (1949 туған) |
қаңтар 2002 |
қыркүйек 2003 |
Партиясыз | Тасмағамбетов Даниал Ахметов | ||
7 | Зауытбек Тұрысбеков (1949 туған) |
12 қыркүйек 2003 |
14 қазан 2005 |
Отан[27] | Даниал Ахметов | ||
7 | Бауыржан Мұхаметжанов (1960 туған) |
14 қазан 2005 |
2 сәуір 2009 |
белгісіз | Даниал Ахметов Мәсімов I | ||
8 | Серік Баймағанбетов (1958 туған) |
2 сәуір 2009 |
11 сәуір 2011 |
белгісіз | Мәсімов I | ||
9 | Қалмұханбет Қасымов (1957 туған) |
11 сәуір 2011 |
12 ақпан 2019 |
белгісіз | Мәсімов I Серік Ахметов Мәсімов II Сағынтаев | ||
10 | Ерлан Тұрғымбаев (1962 туған) |
12 ақпан 2019 |
25 ақпан 2022 |
белгісіз | Сағынтаев Мамин I Мамин II Смайылов I | ||
11 | Марат Ахметжанов (1964 туған) |
25 ақпан 2022 |
2 қыркүйек 2023 |
белгісіз | Смайылов I Смайылов II | ||
12 | Ержан Сәденов (1968 туған) |
2 қыркүйек 2023 |
— | белгісіз | Смайылов II Бектенов |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.