Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы — Қазақстан ішкі істер органдарының біртұтас жүйесіне кіретін құқық қорғау функциялары бар әскери құрама.
Quick Facts Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы (ҚР ҰҰ), Жалпы мағлұмат ...
Close
Ұлттық ұлан (ҚР ҰҰ) жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға арналған.
1992 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскері құрылды. 2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта құрылды.
- маңызды мемлекеттiк объектiлердi және арнайы жүктердi күзету
- ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қорғауға, жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесуге, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдай мен соғыс жағдайының, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимдерін қамтамасыз етуге қатысу, осы операцияға, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларға қатысу
- сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін, толық қауіпсіз мекемелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін күзету
- Ұлттық ұлан күзететін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың мінез-құлқын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру
- сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүру
- соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау
- Қазақстан Республикасының аумағында қарулы қылмыскерлерді залалсыздандыру, заңсыз әскерилендірілген немесе қаруланған құралымдар (топтар), ұйымдасқан қылмыстық топтар (қоғамдастықтар) әрекетін тоқтату жөніндегі арнайы операцияларға қатысу
- ауыр және аса ауыр қылмыстардың, диверсиялардың, терроризм актілерінің, қарулы қақтығыстардың жолын кесуге қатысу және тайталасушы тараптарды ажырату
- Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау[1]
- Ұлттық ұланның әскери басқару органдары
- Жедел мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлімдер
- Маңызды мемлекеттік объектілерді және арнайы жүктерді күзету жөніндегі арнайы әскери бөлімдер
- Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін күзету және айдауылмен алып жүру жөніндегі құрамалар мен әскери бөлімдер
- Арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлімдер
- Ұлттық ұланның әскери полиция органдары
- Ұлттық ұланның жоғары әскери оқу орны
- Ұлттық ұланның қызметін қамтамасыз ететін әскери бөлімдер (оқу-жаттығу, байланыс, тылдық, медициналық, техникалық қамтамасыз ету және басқалар)
- Авиациялық бөлімдер
- Арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер)
- Жоғарғы оқу орны
- Әскери бөлімдер
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3477 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3502 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3514 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3517 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3650 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы - 5449 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5451 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5514 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығы - 5515 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5570 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5572 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6637 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы - 6638 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6656 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6679 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6698 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6699 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығы - 6800 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 7552 әскери бөлiмi
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлiмi[2]
- Ішкі әскерлер Қолбасшылары
- Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов (1995-2000)
- Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов (2001-2002)
- Болат Бақытжанұлы Жаңасаев (2002-2003)
- Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов (2003-2008)
- Руслан Фатихұлы Жақсылықов (2008-2013)
- Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы
- Руслан Фатихұлы Жақсылықов (2013-2014)
- Ұлттық ұлан Бас қолбасшылары
- Руслан Фатихұлы Жақсылықов (2014-2022)
- Еркін Советбекұлы Ботақанов (2022-2024)
- Аңсаған Скендерұлы Балтабеков (2024 жылдан бастап)