Фаянс[1] (Италиядағы Фаянс өндірілген Фаэнца қаласының атымен аталған), жанан – кеуек құрылымды түсі ақ керамикалық материал.

  • Фаянсқа ұқсас бұйымдар ертедегі Мысырда, кейін Қытайда (4 – 5 ғасырларда) шығарылды.
  • Сапасы жоғары Фаянстар 18 – 20 ғасырларда Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресейде шығарыла бастаған.
  • Фаянстың фарфордан айырмашылығы құрамында саз бен коалин (83%) көп болады. Ол саз, коалин, кварц және дала шпаты қоспасын 1280°С-та күйдіру арқылы алынады.
  • Фаянс бұйымдарын өндірудің технологиясы фарфор өндіру ісіне ұқсас болғанмен өзгешелігі де бар. Мысалы, Фаянс массасы дайындалатын қоспаның құрамында дала шпаты, т.б. минералдар аздау және одан жасалатын бұйымдарды үш қайтара (әуелі 1280°С-та, кейін 1050°С, бетіне сурет салынған соң 600 – 900°С-та) үздіксіз қыздырылатын жер асты пештерінде күйдіреді. Фаянс бұйымдарының бетіне мөлдір емес глазурь жағылады.
  • Санитарлық Фаянс ылғалдығы 30 – 32% болып келетін созылғыш массадан гипсті пішіндерге салынып, арнайы қондырғыларда жасалады.
  • Фаянс әр түрлі ыдыстар мен сәндік бұйымдар жасауда, медицинада, құрылыста қолданылады.

Дереккөздер

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Фаянс


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.