From Wikipedia, the free encyclopedia
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2023 соңғы мәлімет бойынша оған 178 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина Ресей және Қазақстан бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және де 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.
Дүниежүзілік сауда ұйымы World Trade Organization (ағылш.) Organisation mondiale du commerce (франц.) Organización Mundial del Comercio (исп.) | |
---|---|
ДСҰ-ға мүше мемлекеттер Еуропалық Одақ арқылы да ұсынылған мүше мемлекеттер Бақылаушылар Мүше емес
| |
Құрылуы | қаңтар 1, 1995 |
Бас кеңсесі | Centre William Rappard, Женева, Швейцария |
Мүшелері | 178 member states |
Ресми тілдері | Ағылшын, Француз, Испан[1] |
Генералды директоры | Паскаль Лами |
Бюджет | 189 миллион швейцар франкы (2009 ж. шамамен 182 миллион АҚШ доллары).[2] |
Қызметкерлер саны | 625[3] |
Ресми торабы | wto.org |
ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:
— Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;
— Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;
— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
— Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;
— Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.
ДСҰ-да 178 қатысушы бар, оның ішінде: БҰҰ-ға мүше 160 халықаралық танылған мемлекет, ішінара танылған Тайвань, 2 тәуелді аумақ (Гонконг және Макао) және Еуропалық Одақ. ДСҰ-ға кіру үшін мемлекет меморандум беруі керек, ол арқылы ДСҰ ұйымға қатысты сауда және экономикалық саясатты қарастырады.[4][5]
Посткеңестік елдер осылайша ДСҰ-ға қосылды:
ДСҰ шеңберінен тыс посткеңестік төрт ел қалады: Әзірбайжан, Беларусь, Түрікменстан және Өзбекстан.
2013 жылы Түрікменстан ДСҰ - ға кіру туралы бастама көтерді[7][8]. 2020 жылдың мамырында Түрікменстан Үкіметі ДСҰ хатшылығына бақылаушы мәртебесін алуға өтініш берді және осы мәртебеге ие болды, ал 2020 жылдың 22 шілдесінде келесі бес жыл ішінде ДСҰ-ға кіру процесін бастау шартымен.[9]
2016 жылы Беларусь ДСҰ-ға кіру бойынша белсенді келіссөздерді бастады.
2020 жылдың шілдесінде Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті-соңғы ресми отырыстан 15 жыл өткен соң, ал 2023 жылы алтыншы отырыс өтті.[10][11]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.