Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бесқарағай ауданы — 2022 жылдың 8 маусымынан бастап ресми түрде құрылған Абай облысының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. Әкімшілік бірлігі ретінде 1928 жылы құрылып, 1959 жылға дейін Павлодар облысының, 1997 жылға дейін Семей облысының, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының құрамында болды. Орталығы – Бесқарағай ауылы (Большая Владимировка).
Қазақстан ауданы | |||
Бесқарағай ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
10 | ||
Ауыл саны |
28 | ||
Әкімі |
Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі, №144 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
51°00′40″ с. е. 79°09′14″ ш. б.51.01111° с. е. 79.15389° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1928 | ||
Жер аумағы |
11,4 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
17 863[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (71,82%), орыстар (20,92%), немістер (2,86%), татарлар (2,08%), украиндар (1,07%), басқа ұлт өкілдері (1,25%)[2] | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Автомобиль коды |
18 | ||
Аудан шығысында Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Углы және Михайловка аудандарымен 89 км ұзындықта және Бородулиха ауданымен, батысы мен солтүстігінде Павлодар облысының Май, Аққулы аудандарымен, оңтүстік-батысында Курчатов қаласымен және оңтүстігінде Жаңасемей ауданымен шекаралас орналасқан.
Аудан ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді, астық, майлы және бақша дақылдарын өндірумен, сүтті мал шаруашылығымен, халық тұтыну тауарларын, орман шаруашылығы кәсіпорындарының өнімдерін өндірумен айналысады. Ауыл шаруашылығы алқаптары бұрынғы 13 кеңшарлар мен 1 ұжымшардың базасында құрылған 633 шаруа қожалықтарына бекітілді.
Аудан аумағында 6 «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі-390,8 мың га алқаппен, «Дорожник» ЖШС, аудандық электр жүйесі, Қазақтелеком, Қазпошта, мемлекеттік көп салалы коммуналдық кәсіпорны орналасқан. Тарихқа көз жүгіртсек, ХVІІІ ғасырдың басында І Петр кезіндегі орыс мемлекеті Шығыс елдерімен экономикалық және саяси байланыстарды нығайтты. 1714 жылы Ертісте қорғандардан, форпостар мен бекіністерден тұратын
Бесқарағай ауданы 1928 жылы Семей округінің құрамында құрылды. Орталығы Беген ауылы болды.
1932 жылы Шығыс Қазақстан облысының, 1938 жылдан бастап Павлодар облысының құрамына енді.
1959 жылы 9 мамырда Бесқарағай ауданынан Павлодар облысынан Семей облысына берілді.
1960 жылы Грачев ауылдық кеңесі таратылды.
1961 жылы Ново-Покров ауданының Байуақ ауылдық кеңесі беріліп, Елубай ауылдық кеңесі жойылды.
1963 жылы 2 қаңтарда Бесқарағай және Ново-Покров аудандарының негізінде Бесқарағай ауылдық ауданы құрылды. 14 қаңтарда Атшапқан ауылдық кеңесі таратылды. 12 наурызда Шаған кенті Семей қаласының қарамағына өтті. 27 маусымда Социал ауылдық кеңесі таратылды.
1966 жылы 31 қаңтарда қайта құрылған Жаңасемей ауданына Глухов, Жиенәлі ауылдық кеңестері берілді.
1979 жылы Қоянбай, 1984 жылы Лесной, Бөденелі ауылдық кеңестері құрылды.
1996 жылы 27 тамызда Бөденелі, Қоянбай, Кривинка, Лесной ауылдық округтері таратылды.
1996 жылы 30 тамызда таратылған Жаңасемей ауданының Глухов ауылдық округі қосылды.
1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, аудан Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.[3]
Пайдалы қазбалары рудалы емес қазбалардан тұрады, олар отқа төзімді саз балшық, ірі құм, құрылыс құмдары, жылтыр тас, әк, әртүрлі бояулар және ауданның солтүстік қапталының бөлігінде сирек жер темірлері табылды, бір-ақ жер қоймалары төмен зертелуде.
Аудан климаты құбылмалы, құрғақ. Қысы ұзақ және суық. Қаңтар айында орташа температурасы -170С, кейде-450С-дейін жетеді. Жазы ыстық, құрғақ. Шілде айында орташа температурасы - 210 ыстық. Қысы-қатты боранды, жазы-шаңды дауылды. Орташа жылдық ылғалы 275-300 мм. Өсімдіктердің өсіп-өнуі және даму кезеңі 140 күн, бұл көптеген дәнді дақылдар мен көкөністердің және бақша дақылдарының пысуына қолайлы. Өсімдік әлемі (өсімдіктер) бай және әр түрлі. Ертіс маңында бос терек, қара терек, көк терек, тал шыбық, аққайын, черемуха, долона, ырғай, шәңгіш жидек және басқа да өсімдіктер. Дәрлік шөптер күнделікті өседі. Белдеулі орманда аққайың - көк терек алқаптарында қарағай, аққайың, көк терек, қарағаш, итмұрын, тобылғы, үйеңкі өседі.
Жануарлар әлемі (жануарлар) әр түрлі. Дала алқаптарында: атжалман, мұжыма тышқан, орман тышқандары, қояндар мен ақтиындар мекендейді. Күнделікті салпаң құлақ кірпі, қасқыр, түлкі, сұр күзен, борсық, саршұнақ және басқалар кездеседі. Жер бауырлы кесірткелер, улы сұр жыландар, сарбас жыландар топтары және басқалар кездеседі.
Белдеулі ормандарда орманның жануарлары да кездеседі, олар ұшатын тиындар, қояндар, түлкілер, қасқырлар, еліктер, бұландар мекендейді және сілеусіндер кездеседі. Құстар әлемі бай және әр түрлі болып кездеседі. Боз торғайлар, лашындар, қара тағандар, боз торғайлар, сасық көктер, сауысқандар, қарғалар, көгершіндер, торғайлар, ұшатын құстар: қаздар, аққулар, үйректер және басқа да құстар мекендейді.
Ертіс жағалауларында, су айдындарда, көлдерде ондатралар кездеседі. Ертіс және Канонерка көлдерінде табан, қара балықтар, ала бұғалар, шортандар, шабақтар, лақалар, сүйріктер мекендейді, тұқылар жасанды дамытылған.
Су қоры Ертіс өзені. Аудан аумағындағы Ертіс құйылымының кейбір жер асты және жер үсті бұлақтары ғана бар. Кіші және үлкен Канонерка көлі, үлкен, кіші және шағын Шошқалы (Теңіз соры) көлдері емді, олар Павлодар облысының Мойылды көліне ұқсас. Тұзды суда 70 пайыз хлорлы–натрилы қоспа, 40 пайызы борма–терапиялық маңызды негізі бар. 164 г/л балшықты минералдан құралады, судың қысымы +380, +420. Бұл көлдің қасиетті суы әлемдік курортарға теңестріледі: «Трускавец», «Новая Русса» және басқалары, бұлар әр түрлі аурулар үшін емді. Ауданның табиғи аумағы – дала - шөпті және орман алқапты. Ертістің сол қапталында Қазақтың төбешіктер басталады. Ауданның гидрогеологиялық ерекшелегі ол тұщы жер асты суларының жиналған жерінде орналасқан.
Тұрғындары 18 689 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 68,70%, орыстар – 25,07%, немістер – 2,55%, татарлар – 2,03%, украиндар – 0,80%, басқа ұлт өкілдері – 0,85%.
28 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтер | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Баскөл ауылдық округі | 1800 | ▼ 1382 | 76,8 | 895 | ▼ 681 | 76,1 | 905 | ▼ 701 | 77,5 |
Беген ауылдық округі | 1680 | ▼ 1309 | 77,9 | 852 | ▼ 672 | 78,9 | 828 | ▼ 637 | 76,9 |
Бесқарағай ауылдық округі | 4377 | ▲ 4765 | 108,9 | 2018 | ▲ 2298 | 113,9 | 2359 | ▲ 2467 | 104,6 |
Глухов ауылдық округі | 2415 | ▼ 2141 | 88,7 | 1186 | ▼ 1096 | 92,4 | 1229 | ▼ 1045 | 85 |
Долон ауылдық округі | 1789 | ▼ 1214 | 67,9 | 890 | ▼ 600 | 67,4 | 899 | ▼ 614 | 68,3 |
Ерназар ауылдық округі | 2440 | ▼ 1700 | 69,7 | 1219 | ▼ 855 | 70,1 | 1221 | ▼ 845 | 69,2 |
Жетіжар ауылдық округі | 1517 | ▼ 1077 | 71 | 770 | ▼ 542 | 70,4 | 747 | ▼ 535 | 71,6 |
Канонер ауылдық округі | 2287 | ▼ 2026 | 88,6 | 1127 | ▼ 997 | 88,5 | 1160 | ▼ 1029 | 88,7 |
Қарабас ауылдық округі | 2235 | ▼ 1494 | 66,8 | 1064 | ▼ 734 | 69 | 1171 | ▼ 760 | 64,9 |
Малая Владимировка ауылдық округі | 1670 | ▼ 1188 | 71,1 | 852 | ▼ 581 | 68,2 | 818 | ▼ 607 | 74,2 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 22210 | ▼ 18296 | 82,4 | 10873 | ▼ 9056 | 83,3 | 11337 | ▼ 9240 | 81,5 |
Аудан халықтарына АОА, өкпе ауруына қарсы аурухана, 7 отбасылық–дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік – акушерлік пункті, 15 медициналық пунктер, 16 кітапханалар, 182 сауда орындары, 21 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қызмет көрсетеді. Аудан ауылдарында 21 жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді, онда 4842 оқушылар білім алады, барлық мектептер компьютерлендіріліп, Интернетке қосылған. Саз мектебі, балалар-жасөспірімдер мектебі, шығармашылық үйі жұмыс істейді. Жазғы кездерде ауданда Ертіс жағалауында 150 балаларға арналған сауықтыру - спорт лагері жұмыс істейді. 2004 жылы Большая Владимировка ауылында балалар бақшасының 1 тобы ашылды.
Ауданда екі тілде 1600 дана басылыммен «Бесқарағай тынысы» қоғамдық – саяси газеті шығарылады.
Ауданның басты байлығы, оның адамдары, олардың арқасында ол туралы Қазақстан ғана емес басқа да мемлекеттер біледі.
Ұлы Отан соғысы жылдары Отанды мыңнан аса бесқарағайлықтар қорғады. Олардың үшеуі Кеңес Одағының Батырлары атанды, олар Елистратов С.А., Корнев И.И., Қайырбаев М. Мұнда Социалистік еңбек ерлері – Жингелбаев К., Қонақов Е, Щевцов С.И. еңбек етті. Аудан тұрғындары жерлестері, капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған А.Г.Белоусовты естен шығармайды. 54 адам Тәжік – Ауған шекараларында өз борыштарын атқарды, олардың ішінде өлгенен кейін ордендермен марапатталғандар - Қалтаев К.М. – «Қызыл жұлдыз» орденімен, Белякин Н.Г.
«Қызыл жұлдыз» орденімен, Диц И.А. - «Қызыл жұлдыз» орденімен, Нұртазин К.Т. - «Қызыл жұлдыз» орденімен, «1,2 дәрежелі шекара әскерлерінің ең үздігі» төс белгісі, «Ауған халықтарынан интернацио-налис-жауынгерлер» медалімен, «Қазақстан Демократиялық Ауған Республикасынан әскерлерді шығарғанға 15 жыл» өлгенен кейінгі куәлігімен марапатталды.
Ертістің сол жағалауындағы Бөдене ауылында өзінің ақындық талантын дарын еткен Әміре Қашаубаев өмір сүрді. (Ескерту: Әміре Абыралы өңірінде туған. Ақын емес, әйгілі әнші болған.) Елуінші жылдары өзінің жерін Мәскеу, Алматы қалаларында өткен ақындар айтысында танытып, жеңімпаз атанған халық ақыны Нұрлыбек Баймұратов өмір сүрді.
Өздерінің шығармашылық дарындарын өз өлкелеріне деген сүйіспеншілігін таныта білген ақындар Канонерка ауылынан Михаил Балыкин, Беген ауылынан композитор Төлеген Мұхамеджанов және Болат Қабылбаев Семияр ауылынан, Өндіріс ауылынан Жолан Дәстенов, Беген ауылынан киноактер Меңтай Өтепбергенов және басқа да ғалымдар және ғылыми қызметкерлер.
Аудан орталығында кәсіптік - техникалық мектеп жұмыс істейді, онда тігінші, киім пішуші, механизаторлар, слесарлар дайындайды, автомобиль мектептері және «Отан» қоғамдық ұйымы жұмыс істеп, одан барлық категориялар бойынша жүргізушілерді шығарады.
Бүгінгі уақытта аудан орталығында композитор және ақын, 50-ден аса өлендердің авторы Қайлаш Нұрғазин тұрады. Бұл жерден 50 жылдары Рим қаласында өткен Олимпиадалық ойындарда КСРО- ның құрама командасының құрамында 4х100 метр қашықтық эстафетасы бойынша қатысқан күміс жүлдегері Гусман Косанов, жетпісінші жылдары Мюнхен Олимпиадасында жеңіл атлетикаға қатысқандар Анатолий Бадранков және Анатолий Микетенко, жеңіл атлетика бойынша КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Александр Довбенко шықты.
Халықаралық республикалық, облыстық жарыстарда бірнеше дүркін жүлдегер атанған біздің жерлестеріміз спорт шеберлері – күресші Изатов Е.Т., Кирибаев Т., Ямалитденов Х., Махамбетов Д., оқ ату бойынша Касатчиков В.А., шаңғы бойынша Баяндилов В., жеңіл атлетика бой-ынша Ә. Зиаданова және басқалары. Ауданның волейбол құрама командасы 2000 жылы Астана қаласында Қазақ-стан Республикасының жазғы ауылдық ойындарында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап, үшінші орынды иеленді. 20 жыл ішінде аудандық Мәдениет үйінің «Экситон» би тобы «Халық» белгісінің иегері, бұл атақты 2004 жылы «Черодей» би ансамблі «Үлгілі» белгісін алды.
Қазақстан Репсубликасының Тәуелсіздігі жылы бесқарағайлықтар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» жоғары үкіметтік наградаларымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медальдарымен 33 адам, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 1 адам, 14 бесқарағайлықтар Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.