From Wikipedia, the free encyclopedia
Бородулиха ауданы — Абай облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Орталығы – Бородулиха ауылы. Аудан 1928 жылы құрылған.
Қазақстан ауданы | |||
Бородулиха ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
17 | ||
Кенттік әкімдіктер саны |
1 | ||
Ауыл саны |
49 | ||
Әкімі |
Айдар Маратұлы Ибраев | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №69 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
50°42′52″ с. е. 80°55′50″ ш. б.50.71444° с. е. 80.93056° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1928 | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
33 241[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (42,88%), орыстар (42,68%), немістер (8,60%), татарлар (1,96%), украиндар (1,24%), басқа ұлт өкілдері (2,64%)[2] | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Автомобиль коды |
18 | ||
1928 жылы 17 қаңтарда Семей уезінің Бородулиха және Совет болыстарынан Семей округінің Белағаш ауданы құрылған. Орталығы — Белағаш ауылы болды (1928 жылы 3 қыркүйекте БОАК-мен бекітілген).
1932 жылы 20 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы құрылып, оның құрамына орталығы Бородулиха ауылында орналасқан Белағаш ауданы енеді (1932 жылы 10 наурызда БОАК-мен бекітілген).
1935 жылғы 24 ақпандағы Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің Қаулысымен қайта құрылған Предгорный ауданына Төлентау, Тройницк, Қызыл, Лево-Бережный, Митрофанов, Бородин, Азов ауылдық кеңестері; Семей ауданына – Шабынды, Қоқан, Пролетар, Репин, Болтатар, Жаңаалы, Қорғанбай, Клементьев, Талица, Шар, Тепқаша, Знаменск, Ерназаров, Карпов, Делбегетей, Мұрат, Ебетей ауылдық кеңестері берілді.
1939 жылғы 14 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен аудан жаңадан құрылған Семей облысына берілді. Ауылдық кеңестері: Андреев, Белағаш, Бородулиха, Ерназаров, Жаймов, Зубаиров, Камышен, Красноаул, Крестьян, Ленин, Николаев, Новодвор, Октябрь, Орлов, Перементьев, Петропавл, Подборный, Пролетар, Степной, Ранов, Тоқаев, Ұялы.
1944 жылғы 8 мамырдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Крестьян ауылдық кеңесі Степной ауылдық кеңесімен біріктіріліп, Камышен ауылдық кеңесі Дмитрьев ауылдық кеңесі болып өзгертілді. Сондай-ақ Белағаш кенттік кеңесі құрылды. Жаңадан құрылған Ново-Покров ауданына Белағаш, Ерназаров, Жаймов, Зубаиров, Красноаул, Николаев, Октябрь, Подборный, Пролетар, Тоқаев, Степной, Ұялы ауылдық кеңестері және Белағаш кенттік кеңесі берілді. Белағаш ауданы Бородулиха ауданы болып өзгертілді.
1945 жылы 1 қаңтар бойынша Бородулиха ауданының құрамына Андреев, Барышев, Бородулиха, Дмитриев, Ленин, Новодвор, Орлов, Переменов, Ремов ауылдық кеңестері кірді. 1954 жылғы 4 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ленин, Орлов, Ремов ауылдық кеңестері Ремов ауылдық кеңесіне біріктірілді.
1962 жылғы 29 мамырдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Жаңа Шүлбі ауданымен бірігуі нәтижесінде Бородулиха ауданы таратылды.
1963 жылғы 2 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен таратылған Жаңа Шүлбі, жартылай Ново-Покров аудандарының жерінен Бородулиха ауылдық ауданы құрылды. Ауылдық кеңестері: Андреев, Барышев, Бородулиха, Дмитриев, Новодвор, Переменов, Ремов, Жернов, Краснояр, Зубаиров, Ертіс, Красноаул, Ново-Покров, Жаңа Шүлбі, Ленин, Подборный, Степной, Таврия, Тоқаев, Тепқаша, Уба-Форпост, Шүлбі және Белағаш кенттік кеңесі.
1963 жылғы 27 маусымдағы Семей облыстық атқару комитетінің Шешімімен Барышев ауылдық кеңесі Жернов ауылдық кеңесімен біріктірілді.
1965 жылғы 28 тамыздағы Семей облыстық атқару комитетінің Шешімімен Абай ауданынан Семейтау ауылдық кеңесі берілді.
1965 жылғы 22 қазандағы Семей облыстық атқару комитетінің Шешімімен Абай ауданының Знаменск ауылдық кеңесінен Бородулиха ауданының Петропавл ауылдық кеңесіне Сарапан жайылым учаскесі; Ново-Покров ауылдық кеңесіне Әтей учаскесі; Зубаир ауылдық кеңесіне Шынжы учаскесі берілді.
1966 жылы 31 қаңтарда қайта құрылған Жаңасемей ауданына Зубаиров, Ертіс, Ново-Покров, Петропавл, Семейтау, Тепкаши ауылдық кеңестері; Жаңа Шүлбі ауданына Андреев, Жернов, Краснояр, Ленин, Жаңа Шүлбі, Таврия, Уба-Форпост, Шүлбі ауылдық кеңестері берілді.
1974 жылы 25 қыркүйекте Орлов тау-кен байыту комбинаты маңындағы елді мекен жұмысшы кенттері санатына жатқызылып, оған «Жезкент» атауы берілді. Жезкент кенттік кеңесі құрылды.
1975 жылы 2 наурызда орталығы Андроновка ауылында орналасқан Андронов ауылдық кеңесі құрылды. Ремов ауылдық кеңесі таратылып, аумағы Переменов ауылдық кеңесіне берілді.
1977 жылғы 1 қаңтарда ауданға Андронов, Бакин, Бородулиха, Дмитриев, Красноаул, Новодвор, Орлов, Подборный, Переменов, Степной, Тоқаев, Белағаш ауылдық кеңестері мен Жезкент кенттік кеңесі кірді.
1993 жылы 8 желтоқсандағы президент жарлығымен облыста ауылдық және кенттік округтерге бөліну жүйесі енгізілді.
1996 жылғы 1 қыркүйекте Бородулиха ауданына Бородулиха, Бакин, Зубаир, Новопокров, Петропавл, Белағаш, Дмитриев, Красноаул, Новодвор, Подборный, Переменов, Степной, Тоқаев ауылдық округтері мен Жезкент кенттік округі кірді.
1996 жылы 27 тамызда Семей облысы әкімінің шешімімен Андронов ауылдық округі таратылып, Переменов ауылдық округіне қосылды; Орлов ауылдық округі таратылып, Соснов ауылдық округіне қосылды.
Таратылған Жаңасемей ауданы құрамынан Зубаир, Новопокров, Петропавл ауылдық округтері берілді.
1997 жылы 29 қаңтарда Семей облысының әкімі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Красноаул ауылдық округі таратылып, Бакин ауылдық округіне қосылды; Тоқаев ауылдық округі таратылып, Белағаш кентінің әкімінің әкімшілік бағынысына берілді. Сондай-ақ Бородулиха ауданының құрамына таратылған Жаңа Шүлбі ауданының Андреев, Краснояр, Ленин, Жаңа Шүлбі, Таврия, Уба-Форпост ауылдық округтері берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, аудан Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.[3]
Бородулиха ауданы солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, шығысында Шемонаиха ауданымен, батысында Бесқарағай ауданымен, оңтүстігінде Ұлан және Жаңасемей аудандарымен шекаралас. Аудан арқылы республикалық маңызы бар темір жол және автомобиль жолдары өтеді. Бородулиха ауданының жер қабаттарында жартылай металлды қазбалар бар. Қоспаларда мыс және мырыштан басқа алтын, күміс, кадмий, сондай ақ, сирек және шашылған элементтер кездеседі. Аудан территориясында құрылыс материалдарын – кірпіш және тас, ұсақ тас өндіру үшін негіз болып табылатын шикізат қоры бар.
Ормандарында көптеген жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар, дәрілік шөптер өседі. Жыл сайын 50 мың куб метр ағаш дайындалады. Жабайы аңдардан сілеусі қасқыр, қарсақ, түлкі, тиін, аққұлақ, борсық, сасық күзен, ондатра, қоян, тұяқтылардан бұлан, елік мекендейді. Континенттік климаты – күрт. Қысы аязды, жазы салқын. Жылдық орташа температура қаңтар айында -17 градус, шілде айында +20 градус.
Ауданының өнеркәсібін «Жезкент ТКК» АҚ және қайта өңдеу кәсіпорындарының тармақтары ұсынады. Бүгінде Жезкент тау кен байыту комбинаты тек қана Шығыс Қазақстанның емес Қазақстан Республикасының түсті металлургиясының флагманы болып табылады. «Жезкент ТКК» Қазақстанның Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен қиылысқан жерінде орналасқан. Кенді алғаш рет өндіру 1977 жылы басталған. 1988 жылдың желтоқсан айында мыс және мырыш қосындысын алу үшін алғашқы кешен іске қосылған. Жезкент ТКК 1994 жылдың 25 қаңтарынан бастап акционерлік қоғам болып қайта құрылған. 1997 жылдың ақпан айынан бастап комбинат «Самсунг Дойчланд ГмбХ» сырттай басқаруына берілген және «Қазақмыс» корпорациясының құрамына енеді. («Самсунг Дойчланд ГмбХ» корпорациясы 2001 жылдың сәуірінен бастап Жезкент ТКК-ның акциясының 90% сатып алған). 1999 жылы Шульба ГЭС-нан электр беру жүйесінің тартылғанына байланысты Ресейден электр алу тәуелділігі жойылды, үстіміздегі жылы фабриканың қалдықтарын қолданатын бетон – қалау кешені ашылды, бұл да Ресей жерінен құм қалдықтарын алудан бас тартуға мүмкіншілік берді. Комбинат 1992 жылдан бастап өзі жүретін тау-шахта құрылғылары паркін «Тампак» фирмасының машиналарымен ауыстыруда. Қазіргі кезде комбинат кен өндіруді көтеріп шығару тәсілімен, мыс және мырыш қосындысын шығарып және оны байытумен айналысады. Комбинат 3,5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр, олардың орта айлық жалақысы 23 мыңнан асады, бұл бүгінде аудан да ғана емес, облыста да ең жоғарылардың бірі болып есептеледі. Комбинат барлық әлеуметтік және коммуналдық саланы қамтамасыз етіп отыр, кәсіпорынның балансында 500-ден астам бала баратын екі бала бақша, бассейн, металлургтер сарайы, кафе, профилактикалық қызмет көрсету мекемесі, жаз кезеңінде балалардың демалуы үшін жұмыс істейтін лагерь бар.
Бородулиха ауданының агроөндіріс кешені: Агроөндіріс кешені – бұл дегеніміз өзінің басты мақсаты дән және май тұқымдығын өсіру, ет және сүт беретін мал шаруашылығын дамыту болып табылатын 12 жауакершілігі шектеулі серіктестік, бір ұжымдық кәсіпорын, 518 шаруа қожалықтары. Агроөндіріс кешені халықтың азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандырады. 2004 жылы егіс алаңы 210 000 га. құрады. Алаңның 65 % жаздық бидай, 7 % дәнді дақылдар және 19% жем-шөп егуге берілген. Күнбағыс алаңы – 58 900 га.
Ауданда, ауданның тұрғындары да ерекше. Олардың көзге түсер қасиеті – ынталылығы және қаракетшілдігі. Екінші дүниежүзілік соғыс майданында және еңбекте өзін көрсете білген ауылдастардың арасында соғыс ардагері, Социалистік еңбек ері, Бородулиха ауданының құрметті азаматы В. Еременконың аты аса құрметпен және сүйіспеншілікпен аталады. Ол кісі ауыл шаруашылығының көтеріліп өркендеуі жолында 44 жыл қызмет етті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің бес орденімен, үш құрмет грамотасымен марапатталған. Василий Васильевич ұзақ жылдар бойы басқарған ұжымшарға бірнеше рет Д. Қонаев, Н. Назарбаев келіп қайтқан.
Жерлестеріміз ұзақ жылдар бойы Алматы қаласындағы Краснознаменное жоғары әскери шекара училищесін басқарған Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант М. Меркулов туралы құрметпен сөз етеді. Мәдениет: Ауданда жұмыс орындары бар, халқы қонақжай, мәдени орталықтар әрқашанда қызу жұмыс үстінде. Ауданда 24 мәдени объект жұмыс істейді. Олар аудандық мәдениет Үйі, 1 аудандық және 18 селолық кітапханалар, олардың 14 мектеп кітапханаларымен біріккен. Бүгінде кітапхана жүйесі – бұл кітап қоры 350 899 бірліктен асатын бірыңғай ақпараттық-әдістемелік орталық. Күрделі жөндеуден кейін аудандық мәдениет үйі жұмыс істеуде. Мәдениет үйінде балалар мен үлкендерге арналған эстрадалық, хореографиялық, қуыршақ (қазақ тілінде), домбыра, хор үйірмелері жұмыс істейді. Жастар би кеші жұмысын қайта жандандырды. «Искорка», «Фигаро» бишілер ұжымы, «Арна» вокалды-аспапты ансамбль жұмыс істейді. 2004 жылы аудандық мәдениет үйінің екі ансамблі – «Гәкку» қазақ этнографиялық, фольклорлық ансамблі және «Русские узоры» фольклорлық ансамблі Қазақстан Республикасының мәдениет және қоғамдық келісім Министрлігінің «Халық ансамблі» атағын алды. Дарынды және кедей отбасының балалары үшін «Әкім шыршасы» мерекесін өткізу дәстүрге айналды.
Тұрғындары 35 925 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 35,77%, орыстар – 52,72%, немістер – 6,69%, татарлар – 2,03%, украиндар – 0,73%, басқа ұлт өкілдері – 2,06%.
49 елді мекен 1 кенттік әкімдік пен 17 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Андреев ауылдық округі | 720 | ▼ 664 | 92,2 | 354 | ▼ 313 | 88,4 | 366 | ▼ 351 | 95,9 |
Бақы ауылдық округі | 1479 | ▼ 1114 | 75,3 | 714 | ▼ 561 | 78,6 | 765 | ▼ 553 | 72,3 |
Белағаш ауылдық округі | 2466 | ▼ 2169 | 88 | 1197 | ▼ 1071 | 89,5 | 1269 | ▼ 1098 | 86,5 |
Бородулиха ауылдық округі | 5687 | ▲6291 | 110,6 | 2703 | ▲2947 | 109 | 2984 | ▲ 3344 | 112,1 |
Дмитриев ауылдық округі | 1317 | ▼ 1199 | 91 | 639 | ▼ 619 | 96,9 | 678 | ▼ 580 | 85,5 |
Жаңа Шүлбі ауылдық округі | 3550 | ▼ 2788 | 78,5 | 1731 | ▼ 1382 | 79,8 | 1819 | ▼ 1406 | 77,3 |
Жезкент кенттік әкімдігі | 9888 | ▼ 7917 | 80,1 | 4727 | ▼ 3805 | 80,5 | 5161 | ▼ 4112 | 79,7 |
Жернов ауылдық округі | 1335 | ▼ 973 | 72,9 | 678 | ▼ 495 | 73 | 657 | ▼ 478 | 72,8 |
Зубаир ауылдық округі | 566 | ▼ 403 | 71,2 | 283 | ▼ 193 | 68,2 | 283 | ▼ 210 | 74,2 |
Краснояр ауылдық округі | 913 | ▼ 585 | 64,1 | 471 | ▼ 295 | 62,6 | 442 | ▼ 290 | 65,6 |
Құнарлы ауылдық округі | 1163 | ▼ 828 | 71,2 | 571 | ▼ 427 | 74,8 | 592 | ▼ 401 | 67,7 |
Новодворов ауылдық округі | 1773 | ▼ 1297 | 73,2 | 894 | ▼ 649 | 72,6 | 879 | ▼ 648 | 73,7 |
Новопокров ауылдық округі | 3013 | ▼ 2372 | 78,7 | 1495 | ▼ 1163 | 77,8 | 1518 | ▼ 1209 | 79,6 |
Переменов ауылдық округі | 2266 | ▼ 2044 | 90,2 | 1171 | ▼ 1092 | 93,3 | 1095 | ▼ 952 | 86,9 |
Петропавл ауылдық округі | 1343 | ▼ 1297 | 96,6 | 663 | ▼ 640 | 96,5 | 680 | ▼ 657 | 96,6 |
Подборный ауылдық округі | 1083 | ▼ 893 | 82,5 | 525 | ▼ 414 | 78,9 | 558 | ▼ 479 | 85,8 |
Степной ауылдық округі | 520 | ▼ 310 | 59,6 | 263 | ▼ 174 | 66,2 | 257 | ▼ 136 | 52,9 |
Таврия ауылдық округі | 1085 | ▼ 503 | 46,4 | 522 | ▼ 255 | 48,9 | 563 | ▼ 248 | 44 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 40167 | ▼ 33647 | 83,8 | 19601 | ▼ 16495 | 84,2 | 20566 | ▼ 17152 | 83,4 |
Ауданда 7842 бала білім алатын 37 жалпы білім беретін мектеп бар. Осы мектепте жұмыс істейтін 807 мұғалімдердің 504 жоғары білімі бар. Барлық мектептер компьютерленген. Балаларды мектепке жеткізу үшін 14 автобус сатып алынды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толған жылы аудан орталығында үшінші қазақ мектебі ашылды, осы мектепте балалардың бірінші сыныптан бастап ана тілінің рухани байлығын ұғынып, ұлттық мәдениетпен танысуына мүмкіншілік бар. 2002 жылы аудан орталығында балалар спорт мектебі және Жезкент кентінде әуен мектебі ашылған. Ауданның барлық педагогтарының 58-і «Қазақстан Республикасының оқу үздігі» атағына ие, 57-і Қазақстан Республикасының білім Министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. 34 спорт ғимараттары бар, олар 1 спорткешені, орта мектептердегі спорт залдары, ашық алаңдар, Новая Шульба селосындағы ауыр атлетика арнайы залдары, Новопокровка селосындағы жеңіл-атлетикалық манеж, Жезкент кентіндегі жүзу бассейні.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.