Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Семей облысы — Қазақ КСР (1939-1991) және Қазақстан Республикасының (1991-1997) құрамында болған әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Семей қаласы.
Облыс | |
Семей облысы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Кіреді | |
Енеді |
15 аудан |
Әкімшілік орталығы | |
Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы | |
Облыс әкімі | |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | |
Таратылған уақыты | |
Жер аумағы |
179 600 км² |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
838 324 адам (1989) |
Ресей империясының Семей облысы 1854 жылы құрылды. 1920 жылы облыс Семей губерниясы болып қайта құрылды. Кейін Қазақ КСР құрамында 1939 жылы облыс құрылған кезде оның құрамына Семей қаласы мен Абыралы, Ақсуат, Аягөз, Белағаш, Жаңасемей, Жарма, Көкпекті, Мақаншы, Жаңа Шүлбі, Үржар, Шыңғыстау, Шұбартау аудандары кірді.
1939 жылдың соңында Шар ауданы құрылды.
1940 жылы Шыңғыстау ауданы Абай (орыс. Абаев) ауданы болып өзгертілді.
1944 жылы Белағаш ауданы Бородулиха болып өзгертілді. Жаңа Покров ауданы құрылды.
1953 жылы Абаев ауданы Абай болып өзгертілді.
1955 жылы Абыралы ауданы таратылды.
1957 жылы Жаңасемей ауданы таратылды.
1959 жылы Бесқарағай ауданы Павлодар облысынан Семей облысына берілді.
1962 жылы Бородулиха ауданы таратылды.
1963 жылы бұрынғы аудандардың орнына Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар ауылдық аудандары құрылды. Шар өндірістік ауданы да құрылды. Аягөз облыстық бағыныстағы қалаға айналды.
1964 жылы Шар өндірістік ауданы таратылды. Ақсуат және Шұбартау аудандары құрылды.
1966 жылы Жаңасемей ауданы, 1969 жылы Мақаншы ауданы, 1970 жылы Жаңа Шүлбі ауданы, 1972 жылы Шар ауданы, 1980 жылы Таскескен ауданы, 1990 жылы Абыралы ауданы құрылды.
1996 жылы Жаңасемей және Таскескен аудандары таратылды.
1997 жылы Жаңа Шүлбі ауданы таратылды.
1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, оның бүкіл аумағы Шығыс Қазақстан облысына берілді[1].
Халқы 757 мың (1975).
1989 жылы Семей облысының құрамына 1 облыстық бағыныстағы Семей қаласы мен 14 аудан кірді:
№ | Аудан | Орталығы | Тұрғындары (1989), адам |
---|---|---|---|
1 | Семей қалалық кеңесі | Семей | 335 112 |
2 | Абай | Қарауыл | 27 080 |
3 | Ақсуат | Ақсуат | 33 100 |
4 | Аягөз | Аягөз | 68 117 |
5 | Бесқарағай | Үлкен Владимировка | 32 959 |
6 | Бородулиха | Бородулиха | 38 609 |
7 | Жаңасемей | Семей | 40 716 |
8 | Жарма | Георгиевка | 42 786 |
9 | Көкпекті | Көкпекті | 32 808 |
10 | Мақаншы | Мақаншы | 43 141 |
11 | Жаңа Шүлбі | Жаңа Шүлбі | 16 977 |
12 | Таскескен | Таскескен | 32 065 |
13 | Үржар | Үржар | 45 564 |
14 | Шар | Шар | 31 812 |
15 | Шұбартау | Баршатас | 17 478 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.