Абай ауданы (Абай облысы)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Абай ауданы (Абай облысы)
Remove ads

Абай ауданыАбай облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Семей облысының батыс бөлігінде 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылған. Орталығы — Қарауыл ауылы.

Quick Facts Әкімшілігі, Облысы ...
Remove ads
 Басқа мағыналар үшін Абай ауданы деген бетті қараңыз.

Аудан Абайдың өмірі, шығармашылығымен тығыз байланысты. Абай, Мұхтар Әуезов тарихи-өлкетану мұражайлары бар. Абайдың аналары — Зере, Ұлжан, жұбайлары — Ділдә мен Әйгерімге, балаларына ескерткіш-мазарлар орнатылған. «Еңлік-Кебек» кесенесі де осында. Абай шәкірттері Көкбай, Шәкәрім Абай ауданында өмір сүрген. Қарт ақын Шәкір Әбенов те осы ауданда тұрған[3].

Remove ads

Тарихы

1928 жылы 17 қаңтарда Семей уезінің Шаған, Шыңғыс болыстарының және жартылай Луначарский болысының жерінен Семей округінің құрамында Шыңғыстау ауданы болып құрылған (1928 жылғы 3 қыркүйекте БОАК-мен бекітілген). Орталығы Доғалақ қонысында болған.

1932 жылы 20 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы құрылғанда орталығы Қарауыл ауылында орналасқан Шыңғыстау ауданы болып құрамына енген (1932 жылы 10 наурызда БОАК-мен бекітілген).

1930 жылы 20-21 қарашада Қазақ АКСР ОАК Қаулысымен Шыңғыстау ауданы Голощёкин ауданы болып өзгертілді.

1930 жылы 17 желтоқсанда ауданға бұрынғы Шыңғыстау атауы қайтарылды.

1939 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Шыңғыстау ауданы Шығыс Қазақстан облысынан Семей облысына берілді.

1940 жылы 15 наурызда ауданда 8 ауылдық кеңес болған: Арқат, Бақанас, Қарауыл, Құндызды, Құлмен, Мұқыр, Сарыжал, Сарғалдақ.

1940 жылғы 5 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 95 жыл толуына орай Шыңғыстау ауданы Абай ауданы болып өзгертілді.

Ауылдық кеңестері: Арқат, Бақанас, Қарауыл (1953 жылдан Абай), Құндызды, Құлмен, Мұқыр, Сарыжал, Сарғалдақ.

1954 жылғы 4 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Бақанас және Мұқыр ауылдық кеңестері Мұқыр ауылдық кеңесіне біріктірілді.

1955 жылғы 22 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен аудан құрамына таратылған Абыралы ауданының Қараөлең және Шаған ауылдық кеңестері енді.

1959 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Абай ауылдық округі Новопокров ауданына берілді және Шаған ауылдық кеңесі таратылып, аумағы Қараөлең ауылдық кеңесінің құрамына енді.

1963 жылғы 2 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен таратылған Новопокров ауданының Абай, Знаменка, Семейтау ауылдық кеңестерінің негізінде Абай ауылдық ауданы құрылды. Орталығы – Қарауыл ауылы болды. Ауылдық кеңестері: Абай, Арқат, Знаменка, Қарауыл, Құлмен, Құндызды, Мұқыр, Сарғалдақ, Сарыжал, Семейтау.

1965 жылғы 28 тамыздағы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Семейтау ауылдық кеңесі Бородулиха ауданына өтті.

1966 жылғы 31 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Знаменка ауылдық кеңесі қайта құрылған Жаңасемей ауданының құрамына берілді.

1971 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ақбұлақ ауылы орталығы болатын Ақбұлақ ауылдық кеңесі құрылды.

1978 жылғы 8 наурыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен орталығы Медеу ауылы болатын Медеу ауылдық кеңесі құрылды.

1980 жылғы 28 шілдедегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен орталығы Абыралы ауылында болатын Абыралы ауылдық кеңесі құрылды.

1990 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен қайта құрылған Абыралы ауданының құрамына Абыралы, Ақбұлақ, Қараөлең, Сарғалдақ ауылдық кеңестері берілді.

1991 жылғы 11 желтоқсандағы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен Құлмен ауылдық кеңесі Қасқабұлақ ауылдық кеңесі болып өзгертілді.[4]

Remove ads

Географиялық орны, жер бедері

Аумағы — 20 093 км². Жері бедері ойлы-қырлы болып келеді. Оңтүстік-батысын Ханшыңғыс (1152 м) және Шыңғыстау (1077 м), шығысын Дегелең, Ордатау, батысын Дос таулары алып жатыр. Кен байлықтарынан мәрмәр, гранит, қиыршықтас, құм, т.б. өндіріледі. Аудан батысы мен солтүстігінде Жаңасемей ауданымен, оңтүстігінде Аягөз, шығысында Жарма аудандарымен шектеседі.

Халқы

More information 1989[5] ...

Әкімшілік бөлінісі

11 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген:

More information Ауылдық округтері, 2021 2009-ға пайызбен ...
Remove ads

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Орташа ауа температурасы қаңтарда — 15,5°С, шілдеде — 20,5°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері — 250–350 мм. Аудан аумағынан Шаған, Ащысу, Бөкенші өзендері ағып өтеді. Жазда құрғап қалатын ұсақ өзендер мен жылғалар, ащы және сор көлдер көп. Жері қоңыр және сортаң топырақты келеді. Өсімдіктерден далалық өңірде селеу, бетеге, жусан, ши, таулы өңірлерде терек, қайың, өзен бойларында тал, қарақат, мойыл өседі. Жануарлардан арқар, елік, қасқыр, түлкі, ор қоян, қарсақ, борсық, күзен, тиін, сарышұнақ; құстардан дуадақ, құр, бұлдырық, бөдене, тырна, қаз, үйрек, бүркіт, т.б. мекендейді.

Ауыл шаруашылығынана пайдаланатын жер аумағы — 3271,2 мың га (2006), оның ішінде егістік жері — 66,6 мың га, шабындық — 61,4 мың га, жайылым — 3141,1 мың га (2001). Тұрғындары облыс орталығы Өскемен қаласымен және көрші аудандармен автомобиль жолдары арқылы қатынайды. Ауданда Абай Құнанбайұлы пен М.О. Әуезовтің мұражайлары, Жидебай қорығы, Сарыкөл, Қоңыр әулие үңгірлері, Еңлік-Кебек зираты, т.б. тарихи орындар мен туристік маңызы бар көрікті жерлер бар.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads