Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ертіс (орыс. Иртыш, қыт. 额尔齐斯河) — Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы.[1]
Ертіс | |
---|---|
Павлодар аумағындағы Ертіс өзені | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 4248 км |
Су алабының ауданы |
1 643 000 км² |
Су алабы | Солтүстік Мұзды мұхиты |
Өзендердің су алабы |
Обь/Үбі |
Су шығыны | 3000 м³/с (сағасы) |
Су ағысы | |
Бастауы | Алтай таулары |
• Орналасқан жері | Қытай мен Моңғолияның шекаралары |
• Координаттары | 47°52′29″ с. е. 89°58′23″ ш. б.47.8748583° с. е. 89.9730611° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Обь |
• Координаттары | 61°04′50″ с. е. 68°49′50″ ш. б.61.08056° с. е. 68.83056° ш. б. (G) (O) (Я) |
Еңістігі | 0,03 м/км |
Орналасуы | |
Ертіс бассейні | |
Ел | Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Қытай |
Ортаққордағы санаты: Ертіс |
Қазақстан жерінде Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2.
Қытайдан Бала Ертіс деп басталып, Қазақстанда Қара Ертіс деп аталып, Жайсан көліне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады да, Ресей аумағындағы Обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашқыда белесті-төбелі жазықпен ағып, Алтайдың Нарын, Қалба жоталары, т.б. тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағады. Бұлардың ішіндегі суы мол əрі ең ірісі – Бұқтырма СЭС-і салынған. Ертіс шатқалында орасан зор бөгет (биіктігі 96 м) салудың нəтижесінде, ағыс бойымен жоғары қарай ұзындығы 600 км-ге созылған су бөгені бар. Бұқтырма бөгенін көлеміне қарай Үлкен Ертіс теңізі деп атауға болады.
Бұқтырма бөгенінен төменде, тау аралығындағы тау шатқалыда Ертіс өзенінде екінші бөген – Кіші Ертіс жасалған. Ертістің бұл жердегі суының деңгейін көтеріп тұрған Өскемен СЭС-інің бөгеті. Өскемен мен Семей қалаларының аралығында Шүлбі бөгені орналасқан. Оны Шүлбі СЭС-інің бөгеті бөліп тұрады. Өскеменнен төмен қарай Ертіс кең аңғармен ағады, оның оң жағында – Кенді Алтай, сол жағында – Сарыарқа жатыр. Аңғардың жағалауы едəуір биік əрі тік құламалы, кей жерлеріжартасты. Ертіс Семей қаласы тұсында нағыз жазықтағы өзенге айналады. Бұл жерде өзен арнасы меандара жасап, кей жерде тарамдалып кетеді. Оған Семей мен Өскемен қаласының аралығында көптеген салалар келіп құяды. Олардың ішіндегі ең ірілері – оң жақтан қосылған Үлбі мен Үбі өзендері жəне сол жақтан қосылатын Шар мен Қызылсу өзендері.
Ертіс өзенінің атауы көне дәуір жазба ескерткіштерінде, атап айтқанда VIII ғасырдың Тоныкөк және Күлтегін сияқты тасқа жазылған жазуларда кездеседі. Онда түркілердің Алтай тауларына дейін жетіп, Ертіс өзеніне өтіп түргеш тайпасымен соғысып, оларды жеңгендері айтылады. Ертіс - Эртіш түрінде Махмут Қашқари сөздігінде де кездеседі. Атауға орта ғасыр ғалымы эртішмақ, яғни "тез өту" етістігінен жасалған деген түсінік береді. Ертіс атауының шығу тегі жайлы әр жылдары белгілі саяхатшы-географ В.П.Семенов-Тянь-Шанский, А.П.Дульзон, Э.М.Мурзаев, А.Әбдірахманов т.б. ғалымдар пікір айтты. Ол пікірлер В.Н.Попованың осы сөз этимологиясы жайлы арнайы мақаласында айтылған. [2]
Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Алабы Алтай тауларының оңтүстік-батысын, Тарбағатайдың солтүстік-батыс баурайын, Сарыарқаның солтүстік-шығысын, Ресей жерінде Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал етегін қамтиды.
Қазақ жерінде Ертіс ағынын Қатын, Қалба, Нарын, Тарбағатай және Сауыр жоталарынан, Құлынды даласынан жинайды. Көп жерінде тау сілемдерін тіле терең шатқалдар қалыптасқан. Бұл тұста жағаларының биіктігі 500 м-ге жетеді. Құлынды даласында өзеннің арнасы кеңейіп, жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары (250 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы көбіне қарағайлы шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені 100 – 150 м, Омбы қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл кент тұсында 25 – 30 км-ге жетеді.
Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуық). Басты кемежайлары: Өскемен, Семей, Павлодар, Омбы, Тобыл, Ханты-Мансийск. 1953 жылы Ертісте Өскемен су электр станциясы (СЭС) салынған. Ертіс каскадындағы 3-саты Шүлбі СЭС-і бөгетінің құрылысы басталды. Ертіс алабының су энергетикалық ресурстарын игеру жылына 30 млрд. кв/сағ-қа дейін электр энергиясын бере алады. Ертістің суы Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс-Қарағанды каналын қоректендіруге (75 м3/с су алынады) пайдаланылады. Ертіс сүйрік, сылан, бекіре, шортан, алабұға, елең және т.б. балықтарға бай. Сазан, табан, көксерке және байкал омулі жерсіндірілген.[3]
Қазақстандық бөлігіндегі басты салалары
Ресей аумағындағы салалары
Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқа аймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс-Қарағанды каналы тартылған. Көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды.f>
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.