From Wikipedia, the free encyclopedia
Нарын жотасы – Оңтүстік Алтайдағы таулы жота.
Нарын жотасы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы |
130 км |
Биіктігі |
2533 м |
Орналасуы | |
50°06′ с. е. 84°19′ ш. б.50.100° с. е. 84.317° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
Қазақстан, Абай облысы Көкпекті ауданы мен Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы жерінде |
|
Абай облысы Көкпекті ауданы мен Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы жерінде орналасқан.
Жота батыстан шығысқа қарай 130 км-ге созылып жатыр. Ең биік жері шығыс бөлігінде (абсолюттік биіктігі 2533 м). Нарын жотасы Күршім және Нарын өзендерінің суайрығы саналады. Жотаның баурайынан Құрғаққайыңды, Жіңішке, Күршім, Нарын, Қиынсу, Қумырза, Маралды, Озерная, т.б. өзендер бастау алады.
Жота палеозой эрасының конгломераттарынан, әктас, құмтас, тақтатас, туф, порфирит және интрузивті граниттерден түзілген. Жер қойнауында түсті металл кентастарының кен орындары барланған.
Өсімдік жамылғысында 600 м-ден 1300 м-ге дейінгі биіктікте бетеге, жусан, т.б. далалық өсімдіктер, 1300 м-ден жоғарыда (солтүстік беткейінде) қайың, көктерек, одан жоғарыда шырша, самырсын, тау басында альпілік шалғын өседі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.