Ақтөбе қаласының футбол клубы From Wikipedia, the free encyclopedia
«Ақтөбе» — Қазақстан Премьер Лигасында ойнайтын қазақстандық футбол клубы. Ақтөбе қаласының Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионы клубтың базасы болып табылады.
1936 жылы ақтөбелік «Динамо» командасы КСРО кубогінің бірінші айналымына қатысып, 1/64 финалда ЦДКА клубымен ойнап 0:4 есебімен ұтылып қалды. Осыдан кейін Ақтөбедегі «үлкен» футбол тарихы 30 жылға үзілді. Алғашқы нағыз үлкен жетістік ақтөбелік футболшыларға 1966 жылы келді. «Ақтөберентген» зауытында құрылған команда қазан айында Жезқазған қаласында өткен финалда Қазақ КСР-ың чемпионы болды.
«Ақтөбе» футбол клубының ресми тарихы 1967 жылдан бастау алады. «Актюбинец» командасына шеберлер командасы статусы берілді. Құрылған команда КСРО-ның төменгі дивизиондарында 3 маусым ойнап, 7 жыл көзден ғайып болды. «Актюбинец» КСРО чемпионаттарында 24 жыл ішінде барлығы 19 рет қатысты (1967–1969 – «Б» класы; 1976–1991 – 2 лига). КСРО кубогіне қатысуы туралы әртүрлі пікірлер бар: біреулер «Актюбинец» ешқашан кубок ойындарына қатыспаған десе, кейбіреулер клубтың 1967/68 маусымында, яғни өзінің алғашқы «кәсіби» маусымында, КСРО кубогіне қатысқанын айтады.
КСРО чемпионаттарында команда екінші лигада өз аймағында екі рет жеңіске жетті. «Актюбинец» бірінші рет табысқа 1981 жетті, өзінің тарихында алғашқы рет 2-ші лиганың 7-ші аймағында чемпион болды. Бұған дейін 1979, 1980 жылдарда екі рет 3-ші орын алды. Команда 24 рет жеңіске жетіп, 4 ойында тең ойнап, 4 ойында жеңіліс тауып, қарағандылық Шахтерді 3 ұпайға озды. Бірақ, екінші лиганың финалдық додасында ақтөбелік футболшылар бірінші лигада жүлдеге ие бола алмады.
Келесі үлкен табыс 10 жылдан кейін келді. Соңғы КСРО чемпионаты жылында «Актюбинец» екінші лиганың 8-ші республикалық аймағының ең үздік командасы болды, және бұл жеңіс өте тарихи жеңіс болды – «Актюбинец» КСРО тарихында өз аймағының соңғы жеңімпазы атанды.
Кеңес Одағының ыдырауы көптеген спортшылар мен спорттық қоғамдардың өміріне әсер етті, бірақ, дәл осы оқиғаның арқасында «Актюбинец» лезде бірнеше деңгейге көтеріліп, Қазақстан чемпионатының Жоғарғы лигасында пайда болды.
КСРО чемпионаттарында «Актюбинец» 698 матч ойнады, олардың ішінде 300 жеңіс, 130 тең ойын, 268 жеңіліс тапты. Доп айырмашылығы — 842-733. «Актюбинец» КСРО чемпионаты ойындарындағы алғашқы жеңісін 1976 жылдың 2 мамырында тойлады. Матч Орталық стадионда ферғаналық «Нефтяник» командасына қарсы өтті, голдың авторы Владимир Коробков. Бұл ақтөбеліктердің өз алаңында соққан алғашқы голы болды. Ақтөбеліктердің алғашқы «хет-тригі» екінші лигада 1976 жылдың 4 қыркүйегінде шымкенттік «Металлург» командасына қарсы өткен матчта болды (4:2). Бұл ойында Владимир Прошин қонақтардың қақпашысын өз қақпасынан 3 рет допты алып шығуына мәжбүр етті. «Актюбинецтің» ең төменгі орны − 21 (1969). Ең ірі жеңісі − 10:0 (Болат, Теміртау, 1990). Ең ірі жеңілістері − 0:5 (Восток, Өскемен, 1983) және 1:6 («Нефтяник», Ферғана, 1976; Восток, Өскемен, 1982). «Актюбинецтің» еншісінде Вьетнам (3:2, 1980 ж.) және Лаос (6:2, 1981 ж.) құрамаларына қарсы өткізілген екі халықаралық матч бар.
Ел тәуелсіздікке қол жеткізген соң, команда КСРО чемпионатының 4-ші дивизионынан Қазақстанның Суперлигасына қадам басты. Бірақ, алғашқы қадамы сәтсіз болды. Команда 1992–1997 жылдарда Қазақстан чемпионатында 9−14 орындарды иеленіп жүрді. Тек, жалғыз табыс 1994 жылы болды, команда ұлттық біріншілікте 4-орын алып, Қазақстан Кубогінің финалына шықты. Алматы қаласындағы республикалық орталық стадионда өткен финалда өскемендік Востоктан 0:1 есебімен жеңіліс тапты.
90-шы жылдардың ортасында Қазақстанда қалалардың бұрынғы атауларын қайтару үрдісі болды. Қалаға Ақтөбе деген тарихи атауы беріліп, «Актюбинец» өзінің өмір сүруін тоқтатып, 1996 жылы «Ақтөбемұнайға» жол берді. Бірақ, бұл атаумен команда бар болғаны бір жыл өмір сүрді, және команданың атауы «Ақтөбе» деп өзгертілді. Тіпті, 1997 жылы Жоғарғы лига командалардың санының қысқартылуына байланысты «Ақтөбе» Бірінші лигаға түсіп қалып, Жоғарғы лигаға жаңа ғасырда қайта оралды. Қайта жаңару 2000 жылы команда «Ақтөбе-Ленто» атауымен Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасын жеңген кезде болды (атап өтетін жайт, команда бұл лигада бар болғаны 11 матч өткізіп, 8 ойында жеңіп, 3 ойында ұтылды). Бұл жетістік команданың Суперлигаға қайта оралуына мүмкіндік берді. 2001 жылы Суперлигада 8-орын алып, келесі 3 маусымда (2002–2004) 4-5 орындарды иеленіп, команда қазақ футболының мықты клубтарының қатарына нық жақындай түсті. Келесі маусымда команда атауынан «Ленто» сөзі алынып, клуб қазіргі уақытқа дейін «Ақтөбе» атауымен өнер көрсетіп келеді.
2005 жыл команда үшін ең табысты жыл болды, клуб қостанайлық «Тобылды» 1 ұпайға озып, алғаш рет өз тарихында Қазақстан чемпионы атағын иеленді. Бұл жеңіс командаға Достастық кубогының 14-ші сайысына қатысуға мүмкіндік берді. Додадағы «Ақтөбенің» қарсыластары төмендегі командалар болды: «Металлург» (Лиепая, Латвия); «Вахш» (Қорған-Төбе, Тәжікстан); «Нефтчи» (Баку, Әзірбайжан). «Ақтөбе» өз тобынан шыға алмай, доданы топтық кезеңде аяқтады.
Достастық кубогынан басқа «Ақтөбе», чемпионатта чемпион болғанының арқасында, УЕФА Чемпиондар Лигасында бірінші квалификациялық кезеңнен бастауға жүлде алды. Жеребе тарту нәтижесінде «Ақтөбенің» қарсыласы болып тағы да Лиепая қаласының «Металлург» клубы болды. Бірақ, 2 матчтың есебін қоса есептегенде «Ақтөбе» 1:2 есебімен жеңіліс тауып, Чемпиондар Лигасымен қош айтысты.
2006 жылғы Қазақстан чемпионатында «Ақтөбе» негізгі қарсыласы «Астанадан» 4 ұпайға қалып қойып, 2-ші орын алды. Команда Қазақстан Кубогында да 1/8 финалда қосымша белгіленген уақытта Петропавл қаласының Есіл-Богатырь клубынан 0:1 есебімен жеңіліс тауып, жарыстан тыс қалды. Бірақ, команда Достастық кубогында ойнауға мүмкіндік алды, себебі ел чемпионы «Астана» бұл додада ойнаудан бас тартты. Бірақ, ақтөбеліктер топтық кезеңнен өте алмай, додамен қош айтысты.
«Ақтөбе» жаңа бапкер Владимир Мұхановтың қол астында 2007 жылы екінші рет чемпионаттың жеңімпазы атанды. 2008 және 2009 жылдары «Ақтөбе» тағы да екі рет елдің чемпионы болып, келесі үш жылдың ішінде, Қазақстан чемпионатында, 2010 жылы 2-ші орынға ие болып және 2011, 2012 жылдары 3-ші орын алып, екінші орнынан жоғары нәтижеге жеткен жоқ. 2013 жылы, басты бапкердің орнына Владимир Никитенко келіп, «Ақтөбе», егемен Қазақстан тарихында 5-ші рет елдің чемпионы болып, жанкүйлерінің арманын іске асырды.
2019 жылғы маусымда футболшылардың жалақысын уақытында төлемегені үшін ҚФФ шешімі бойынша 12 ұпайы алынып тасталды. Мұның зияныы тимей қалмады, клуб соңғы орыннан жоғары көтеріле алмай, бірінші лигаға түсіп кетті. 2020 жылы бірінші лига жеңімпазы атанып, элитаға қайта оралды.
Маусым | Дода | Кезең | Ел | Клуб | Үйде | Қонақта | Есеп |
---|---|---|---|---|---|---|---|
2006/07 | УЕФА Чемпиондар Лигасы | 1-нші кв. кезең | Латвия | Металлург Лиепая | 1-1 | 0-1 | 1-2 |
2007/08 | Еуропа Лигасы | 1-нші кв. кезең | Австрия | Маттерсбург | 1-0 | 2-4 | 3-4 |
2008/09 | УЕФА Чемпиондар Лигасы | 1-нші кв. кезең | Молдова | Шериф | 1-0 | 0-4 | 1-4 |
2009/10 | УЕФА Чемпиондар Лигасы | 2-нші кв. кезең | Исландия | Хафнарфьордюр | 2-0 | 4-0 | 6-0 |
3-нші кв. кезең | Израиль | Маккаби Хайфа | 0-0 | 3-4 | 3-4 | ||
2009/10 | Еуропа Лигасы | Плей-офф | Германия | Вердер Бремен | 0-2 | 3-6 | 3-8 |
2010/11 | УЕФА Чемпиондар Лигасы | 2-нші кв. кезең | Грузия | Олимпи Рустави | 2-0 | 1-1 | 3-1 |
3-нші кв. кезең | Израиль | Хапоэль Тель-Авив | 1-0 | 1-3 | 2-3 | ||
2010/11 | Еуропа Лигасы | Плей-офф | Нидерланд | АЗ Алкмаар | 2-1 | 0-2 | 2-3 |
2011/12 | Еуропа Лигасы | 2-нші кв. кезең | Венгрия | Кечкемет | 0-0 | 1-1 | 1-1 |
3-нші кв. кезең | Ресей | Алания | 1-1 | 1-1 | 1-1 (п. 2-4) | ||
2012/13 | Еуропа Лигасы | 1-нші кв. кезең | Грузия | Торпедо Кутаиси | 1-0 | 1-1 | 2-1 |
2-нші кв. кезең | Молдова | Милсами | 3-0 | 2-4 | 5-4 | ||
3-нші кв. кезең | Бельгия | Генк | 1-2 | 2-1 | 2-4 | ||
2013/14 | Еуропа Лигасы | 1-нші кв. кезең | Армения | Гандзасар | 2-1 | 2-1 | 4-2 |
2-нші кв. кезең | Норвегия | Ходд | 2-0 | 0-1 | 2-1 | ||
3-нші кв. кезең | Исландия | Брейдаблик | 1-0 | 0-1 | 1-1 (п. 2-1) | ||
Плей-офф |
Украина | Динамо Киев | 2-3 | 1-5 | 3-8 | ||
2014/15 | УЕФА Чемпиондар Лигасы | 2-нші кв. кезең | Грузия | Динамо Тбилиси | 3-0 | 0-1 | 4-0 |
3-нші кв. кезең | Румыния | Стяуа Бухарест | 2-2 | 1-2 | 3-4 | ||
2014/15 | Еуропа Лигасы | Плей-офф | Польша | Легия Варшава | 0-1 | 0-2 | 0-3 |
2015/16 | Еуропа Лигасы | 1-нші кв. кезең | Эстония | Нымме Калью | 0-1 | 0-0 | 0-1 |
2021 жыл, сәуір
№ | Қақпашылар | Туған күні | Азаматтығы |
---|---|---|---|
1 | Жасур Нарзикулов | 13.04.1984 | Қазақстан |
32 | Евгений Ситдиков | 25.06.2001 | Қазақстан |
№ | Қорғаушылар | Туған күні | Азаматтығы |
18 | Михал Йерабек | 10.09.1993 | Чехия |
6 | Рустам Темирхан | 10.08.1997 | Қазақстан |
17 | Есен Жасанов | 24.04.1998 | Қазақстан |
31 | Әділхан Таңжарықов | 25.11.1996 | Қазақстан |
22 | Виталий Волков | 22.03.1981 | Ресей |
2 | Дінмұхаммед Қашкен | 04.01.2000 | Қазақстан |
3 | Лаша Тотадзе | 24.08.1988 | Грузия |
5 | Армен Манучарян | 03.02.1995 | Армения |
№ | Жартылай қорғаушылар | Туған күні | Азаматтығы |
93 | Тонго Думбия | 06.08.1989 | Мали |
4 | Демият Сламбеков | 13.01.1997 | Қазақстан |
14 | Юрий Перцух | 13.05.1996 | Қазақстан |
20 | Әлішер Назаров | 01.05.1999 | Қазақстан |
12 | Әлішер Әжімов | 29.05.2001 | Қазақстан |
31 | Әділхан Таңжарықов | 25.11.1996 | Қазақстан |
20 | Еркебұлан Нұрғалиев | 12.09.1993 | Қазақстан |
73 | Дидар Жалмұқан | 22.05.1996 | Қазақстан |
88 | Антон Шурыгин | 03.12.1988 | Қазақстан |
№ | Шабуылшылар | Туған күні | Азаматтығы |
11 | Игорь Сергеев | 30.04.1993 | Өзбекстан |
23 | Рифат Нурмугамет | 22.05.1996 | Қазақстан |
93 | Максим Федин | 08.06.1996 | Қазақстан |
94 | Эвре Мукам | 24.05.1994 | Франция |
7 | Олег Чернышов | 23.12.1986 | Ресей |
9 | Боян Дубайич | 01.09.1990 | Сербия |
10 | Максим Самородов | 29.06.2002 | Қазақстан |
Бұл мақала қазақша Уикипедияның жақсы мақалалар тізіміне енеді. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.