Достастық кубогы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Футболдан Достастық кубогы — Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттердегі ұлттық біріншіліктерде чемпион атанған клубтар бас қосқан қыстық турнир. 1993-2011 жылдары ұйымдастырылды. 2011-16 жылдары жастар құрамасы шақыртылды.
Достастық кубогы | |
![]() | |
Мемлекет | |
---|---|
Қаланған |
1993 |
Таратылған |
2016 |
Атағы ең көп |
|
Тарихы
Кеңес Үкiметi ыдырағаннан кейiн олардың арасындағы байланысты ұстап қалудың неше түрлi жолдары қарастырыла бастағаны белгiлi. Футболдан Достастық елдерiнiң арасында бiр турнир болуы керек екенiн ескерген ТМД футбол федерациясы 1992 жылдың шiлдесiнде жыл сайын Достастық елдер чемпиондарының кубогы өткiзiлiп тұрады деп шештi. Ал, негiзi Достастық кубогының «туған күнi» деп 1993 жылдың 25 қаңтарын айтуға болады. Себебi, дәл сол күнi әзiрбайжандық «Нефтчи» мен латвиялық «Сконто» матчы арқылы бүгiнге дейiн жеткен турнирдiң тұсауы кесiлген болатын. Мiне, сол кезден бастап Достастық кубогы ылғи қыста ұйымдастырылып келедi. Өйткенi, жылдың басқа мезгiлiнде осы елдер арасында турнир ұйымдастыру мүмкiн еместiгi белгiлi. Сондай-ақ, алғашында турнир басқа елдерде де өтiледi делiнгенiмен, осы уақытқа дейiн Ресейдiң шекарасынан ары аса алмады. Осыған дейiн 24 рет өткен турнирдiң он бесiн Мәскеу қабылдаған болса, тоғызы Санкт-Петербург қаласында өттi.
Алғашында ТМД чемпиондарының кубогы футболдан халықаралық байланысты ұстап тұрған турнир саналса, кейiн келе «дарынды футболшылар көрмесi» деген бейресми атауға ие бола бастады. Себебi, он бес мемлекеттiң ең үздiк ойыншылары өзара күш сынасып, жақсы өнер көрсеткендерi өз клубынан беделдi командаларға шақырту ала бастады. Мәселен, 1993 жылы «Пахтакордың» сапында жасындай жарқылдаған Валерий Кечинов мәскеудiң «Спартагына» ауысып кеткен болса, 2003 жылы тираспольдiк «Шерифтiң» намысын қорғаған Чиди Одиаға «ЦСКА-ның» көзi түстi. Дегенмен, осы мәртебелi турнир туралы сөз қозғағанда Андрей Шевченко, Каха Каладзе, Дмитрий Аленичев сынды футболшылардың есiмдерiн атамай кетуге болмайды. Бұл үшеуi де Чемпиондар лигасын жеңiп алған футболшылар. Яғни, алғашқы екеуi итальяндық «Милан», соңғысы португалдық «Порту» сапында Еуропа чемпионы атанған. Сондай-ақ, Сергей Ребров, Дмитрий Сычев, Шота Арвеладзе секiлдi сайыпқыран футболшылар да спорттық баспалдағын Достастық кубогынан бастаған екен.
2003 жылдан бастап Достастық кубогына ақырындап қызығушылық азая бердi. Оның бiрден бiр себебi ретiнде мамандар сол жылғы Украина чемпионы донецкiлiк «Шахтердiң» турнирге қосалқы құрамын жiберуiмен байланыстырады. Одан кейiн алаңға қосалқы құраммен шығу Ресей мен Украина клубтары арасында сәнге айналып, турнирдiң мәртебесiн тiптен төмендетiп жiбердi. Осыны ойлаған Ресей футбол одағының президентi Виталий Мутко 2007 жылдан бастап он алтыншы команда ретiнде шығыс Еуропа елiнiң чемпионын шақырта бастады.
2016 жылдан соң турнир өткізілген жоқ.
Финалдар
Жыл | Жеңімпаз | Финалист | Есеп | Стадион |
---|---|---|---|---|
1993 | ![]() |
![]() |
8:0 | Мәскеу, ЛФК ЦСКА, 5000 |
1994 | ![]() |
![]() |
7:0 | Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 18000 |
1995 | ![]() |
![]() |
5:1 | Мәскеу, ЛФК ЦСКА, 4500 |
1996 | ![]() |
![]() |
1:0 | Мәскеу, ЛФК ЦСКА, 4500 |
1997 | ![]() |
![]() |
3:2 | Мәскеу, ЛФК ЦСКА, 5000 |
1998 | ![]() |
![]() |
1:0 | Мәскеу, ЛФК ЦСКА, 4500 |
1999 | ![]() |
![]() |
2:1 | Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі 14000 |
1999 | ![]() |
![]() |
3:0 | Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 16000 |
2001 | ![]() |
![]() |
2:1 | Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 25000 |
2002 | ![]() |
![]() |
4:3 | Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 24386 |
2003 | ![]() |
![]() |
2:1 | Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 2000 |
2004 | ![]() |
![]() |
3:1 | Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 4000 |
2005 | ![]() |
![]() |
2:1 | Мәскеу, Манеж Динамо. 2000 |
2006 | ![]() |
![]() |
4:2 | Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 6200 |
2007 | ![]() |
![]() |
0:0, (9:8, пен.) |
Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 10000 |
2008 | ![]() |
![]() |
4:3 | Санкт-Петербург, Петербург спорт-концерт комплексі, 6000 |
2009 | ![]() |
![]() |
1:1, (5:4, пен.) |
Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 3700 |
2010 | ![]() |
![]() |
5:2 | Мәскеу, Олимпиада спорт комплексі, 4000 |
2011 | ![]() |
![]() |
0:0, (6:5, пен.) |
Санкт-Петербург, 2000 |
Жастар командалары.
Жыл | Жеңімпаз | Финалист | Есеп | Стадион |
---|---|---|---|---|
2012 | ![]() |
![]() |
2:0 | Санкт-Петербург, 3000 |
2013 | ![]() |
![]() |
4:2 | Санкт-Петербург, 7000 |
2014 | ![]() |
![]() |
4:0 | Санкт-Петербург, 3000 |
2015 | ![]() |
![]() |
2:1 | Санкт-Петербург |
2016 | ![]() |
![]() |
4:2 | Санкт-Петербург, 3000 |
Қазақстан үлесі
Қазақстандық клубтар барлық турнирге қатысты. Тек 2005 жылы ғана "Қайрат" алғашқы болып, топтық турнирден келесі сатыға өте алды. Қазақстанның атынан шыққан "Ақтөбе" 2 рет қатарынан финалға дейін жетіп чемпион атана алмады.
О | Ел | Жеңістер | Финалдар | Жеңімпаздар | Финалисттер |
---|---|---|---|---|---|
1 | ![]() |
8 | 4 | Спартак (Мәскеу) (6), Локомотив (Мәскеу) (1), Рубин (Казан) (1) | Спартак (Мәскеу) (3), Алания (Владикавказ) (1) |
2 | ![]() |
4 | 1 | Динамо (Киев) (4) | Динамо (Киев) (1) |
3-4 | ![]() |
2 | 1 | Интер (Бақы) (1), Хазар-Ленкорань (1) | Нефтчи (Бақы) (1) |
![]() |
2 | 1 | Шериф (Тирасполь) (2) | Зимбру (1) | |
5 | ![]() |
1 | 2 | Пахтакор (Ташкент) (1) | Пахтакор (Ташкент) (1), Нефтчи (Ферғана) (1) |
6 | ![]() |
1 | 1 | Динамо (Тбилиси) (1) | Динамо (Тбилиси) (1) |
7 | ![]() |
0 | 4 | Сконто (Рига) (3), Вентспилс (1) | |
8 | ![]() |
0 | 2 | Ақтөбе ФК (2) | |
9-10 | ![]() |
0 | 1 | Динамо-93 (1) Шахтер (1) | |
![]() |
0 | 1 | Каунас (1) |
Сұрмергендер
Орын | Футболшы | Соққан доп саны |
---|---|---|
1 | ![]() |
20 |
2 | ![]() |
18 |
3 | ![]() |
17 |
![]() |
17 | |
5 | ![]() |
14 |
* | ![]() |
14 |
7 | ![]() |
13 |
8 | ![]() |
12 |
![]() |
12 | |
10 | ![]() |
11 |
![]() |
11 | |
![]() |
11 |
Рекордтар
- Турнирдегі ең ірі есепті "Спартак (Мәскеу)" жасады. 1998 жылы Тәжікстанның "Вахш" командасын 19-0 есебін жеңді.
- Мәскеудің "Спартагы" мен "Киевтің Динамосы" турнирді 3 рет жеңіп алды. "Спартак" ол жетісікті тағы қайталады. "Спартак" — 1993-1995, 1999-201, ал Динамо - 1966-1998 жылдар аралығында жеңімпаз атанды.
- Турнирде ең көп доп соққан футболшы - Владимир Бесчастных. Оның еншісінде — 20 доп.
- Турнирге ең көп қатысқан — "Сконто (Рига)". Олар 13 рет қатысып, 3 рет финалға дейін шығып, бірақ бірде-бір рет жеңімпаз атанған жоқ.
- "Сконто" клубының қорғаушысы Михаил Землинский турнирде ең көп ойын өткізді — 46 ойын.
- Төрешілердің арасында Валентин Иванов ең көп ойынға қазылық еткен. оның еншісінде — 20 ойын.
Сілтемелер
- RSSSF
- http://www.engis.ru/ciscup/ Мұрағатталған 22 қаңтардың 2008 жылы.
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.