Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ферғана (өзб. Farg‘ona, Фарғона) — Өзбекстанның шығысында, Ферғана аңғарының оңтүстік бөлігінде орналасқан қала.
Қала | |
Ферғана | |
өзб. Farg‘ona, Фарғона | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
облыс орталығы |
Уәлаят | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
40°23′11″ с. е. 71°47′11″ ш. б.40.38639° с. е. 71.78639° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1876 |
Бұрынғы атаулары |
Жаңа Маргилан (1876—1907) |
Қала статусы |
1876 |
Жер аумағы |
95,6 км² |
Орталығының биiктігі |
580 м |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
380 800 адам (2018) |
Тығыздығы |
2937 адам/км² |
Ұлттық құрамы | |
Конфессиялар |
мұсылмандар, православтар, протестанттар, католиктер, яһудилер |
Ресми тілі | |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+998 73 |
Пошта индекстері |
712000—712200, 150100 |
Автомобиль коды |
15 (1998—2008), |
Ферғана шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Ферғана |
Ферғана шежіресін үш тарихи кезеңге бөлуге болады: революцияға дейінгі, кеңестік және қазіргі (тәуелсіздік дәуірі). Қаланың негізін салудың бастамашысы — орыс генералы, "Түркістанды бағындырушы" Михаил Дмитриевич Скобелев. Қала 1876 жылы құрылды; 1887 жылы 18 маусым оның жобасы бекітілді. Негізін қалаушы, алғашқы құрылысшысы — екінші әскери губернатор Александр Константинович Абрамов.
Жаңа қала атын таңдаумен Түркістан генерал-губернаторлығы канцеляриясы айналысты. Сол кездің өзінде «Ферғана» не «Ферғанск» деп атау жөнінде әрекеттер болған. Алайда екі жаққа да көнімді шешімге келіп, Жаңа Маргелан деп аталды.
1907 жылдың желтоқсанында М. Д. Скобелев өлімінің 25 жылдығына орай қала оның құрметіне Скобелев деген жаңа атауға ие болды. Ферғана облысының алғашқы губернаторы есімімен қала 1924 жылға дейін аталып келді, кейін Ферғана атауына ие болды.
Ферғана Өзбекстанның шығысында, ел астанасы Ташкенттен шығысқа қарай шамамен 420 км, және Әндіжаннан оңтүстік-батысқа қарай 75 км қашықтықта орналасқан. Қалада 340 000-нан астам адам тұрады, осылайша ол Ферғана жазығындағы үшінші ірі қала болып саналады. Ферғананың территориясы — 95,6 км². Қала теңіз деңгейінен 580 метр биік орналасқан.
Қала бес ауданнан тұрады:
2014 жылдың 1 қаңтарына сәйкес қала халқы саны 340,6 мың адамды құрайды.
Ферғана климаты бүкіл жазықтыкі сияқты континенттік. Қысы жылы. Қаңтардағы орташа температура +0,2 °C-ты құрайды, абсолют минимум — −25,8 °C. Қар жамылғысы ұзақ емес. Жазы ыстық. Шілдедегі орташа температура — +27,4 °C, максимумы — +42,2 °C. Жылдық жауын-шашын мөлшері 192 мм. Жауын-шашынның көп бөлігі қыста және көктемде түседі.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.