Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Абул-Аббас Ахмад ибн Мухаммад ибн Касир әл-Ферғани (араб.: أحمد بن كثير الفرغاني; шамамен 798—861[1]) — Орта Азиядан шыққан ортағасырлық астроном жəне математик. Батыс Еуропада Alfraganus атымен танымал.
Әл-Ферғани Орта Азияның Ферғана өлкенсінде туған. Өмірінің ұзақ уақытын Араб халифатының астанасы Бағдатта өткізеді. Ферғани - əйгілі Хорезмидің замандасы. Ол Хорезми негізін салған Бағдат астрономия-математика мектебінің белсенді қайраткерлерінің бірі болды.
Қазіргі заманда бізге мәлім еңбектері: Астрономия негіздері, Альмагестке түсініктіме, Астролябия туралы трактат, Жеті климат туралы, Күн сағатын жасау жəне т.б.
Астрономия негіздері - сол замандағы астрономиялық жөніндегі энциклопедиялық еңбек. Бұл еңбекте сфералық астрономиялық мəселелері жəне аспан шырақтары қозғалысының теориясы баяндалады. Ал, Астролябия туралы тракта астролябияның (ежелгі астрономдар көп қолданған аспан сферасындағы шырақтардың коордираталарын анықтауға арналған аспап) теориялық негізін түсіндірді, тұңғыш рет стереографиялық проекция теориясын талдады, сондай-ақ сфералық ұшбұрыштардағы косинус теоремасына келтіретін есептерді де қарастырады. Ферғанидің еңбектерінде астрономияға байланысты географиялық мəселелерді де қамтылған. Мысалы, Астрономия негіздерінде Птолемейдің географиясында көрсетілмеген кейбір елдер мен қалалардың тізімі келтірген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.