Ярен
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ярен (ағылш. Yaren) — Науру Республикасындағы қала және округтарының бірі, елдің бейресми астанасы.
Округ | |
Ярен | |
ағылш. Yaren | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Кіреді |
Ярен сайлау округы |
Әкімшілік орталығы |
Ярен |
депутаттар |
Кирен Кике |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
0°32′ о. е. 166°55′ ш. б.0.533° о. е. 166.917° ш. б. (G) (O) (Я) |
Жер аумағы |
1,5 км² (5 орын) |
Биіктігі · Ең биік · Орташа · Минималды |
|
Уақыт белдеуі |
UTC+12 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
747 адам (2011) |
Тығыздығы |
498,00 адам/км² |
Ресми тілі | |
Ярен Ортаққорда |
Ярен жанартау конусының шыныңда пайда болған маржан аттолындағы Науру аралында орналасқан. Климаты экваториалды, ыстық және ылғалды. Орташа айлық температура 28 градусты құрайды. Жылда жауын-шашын мөлшері шамамен 2000 мм. Кейде құрғақшылық жылдар болып тұрады, ал кейбір жылдары жауын-шашын мөлшері 4500 мм-ге дейін жетеді. Осындай елеулі тербелістер Эль-Ниньо құбылысымен түсіндіріледі. Жаңбыр жауатын мезгіл қарашадан ақпанға дейін созылады.[1] Наурыздан қазанға дейін солтүстік-шығыс бағытындағы желдер үстем болады. Жыл сайын аралда беттік ағымның тугелдей жоқ болғанымен шамамен 30 млн м³ су түседі. Аралда жаппай кокос пальмалары, панданустер, фикустер, дәмжапырақ және де басқа жапырақты өсімдіктер өседі. Сонымен қатар Бұталы формациялардың әр түрлі типтері де кең таралған. Сүтқоректілердің ішінен егеуқұйрықтар ғана бар. Бауырымен жорғалаушылар кесірткелермен ұсынылған. Көптеген құстар және жәндіктер түрлері мекендейді.
2011 жылдың санағы бойынша, Яренның халық саны 747 адамды құрайды.[2]. Округтегі тұрғындарының басым бөлігін микронезия тобы халықтарының өкілі — наурулықтар құрайды. Олардың халық санының ішіндегі үлесі 90 %. Бұдан басқа, Яренде шамамен 5 % Океания елдерінен шыққан халықтар, және 3 % қытайлар, басқалары — еуропалықтар. Ресми тілдері — науру және ағылшын. Діншіл адамдар ішінде 60 % протестанттықтар, қалғандары — католиктер.
Ярен округының аумағында алғашқы еуропалық елді-мекендер XIX ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. 1888 жылы Ярен Маршалл аралдарының герман протектораты құрамына кірді, ал 1914 жылдан бастап Ұлыбритания, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінің бірегей басқаруының астында болған. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде, 1942—1945 жылдар аралығында, округ жапон әскерінің басқыншылығында болды. 1968 жылы Науру мемлекеті өз тәуелсіздігін алды, бірақ Ярен республиканың ресми астанасы ретінде жарияланған жоқ. Президенттің резиденциясы орналасқан Мененг округімен қатар, ол Наурудың әкімшілік орталығы ғана.
Қаладағы көрікті жерлерінің қатарына жапон қару-жарағының мұражайы және Екінші дүниедүзілік соғыстан кейін қалған көптеген бункерлері және капонирлері бар. Арал батып кеткен ұшақтар мен кемелермен барлық жағынан қоршалған. Қалада халықаралық әуежай орналасқан, сонымен қатар көрікті жерлерге жер астындағы шағын Мокуа-Вел көлін де жатқызуға болады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.