From Wikipedia, the free encyclopedia
Toyota Motor Corporation (жапон. トヨタ自動車株式会社 тойота дзидо:ша кабушикигайша) — әлемнің ең ірі машина жасау, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін және қосымша бірнеше бизнес бағыттары бар корпорация. Штаб-пәтері - Жапонияның Тойота қаласында, Айчи аумағында орналасқан. Fortune Global 500[2] (2010 жылы) – компания 5-ші орынды иеленген.
Toyota Motor Corporation Toyota Jidosha Kabushiki-gaisha トヨタ自動車株式会社 | |
Түрі | |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Компанияның ұраны |
Арманынды іске асыр (Қазақстан) |
Құрылды | |
Құрушы |
Киитиро Тойода |
Орналасуы |
Жапония: Тоёта, Айти |
Басты адамдары |
|
Саласы | |
Өнімі |
Жеңіл және коммерциялық автомобильдер, автобустар Toyota, Lexus, Scion |
Айналым |
▲ ¥28,403 трлн |
Операциялық кірісі |
▲ ¥2.854 трлн |
Таза табыс |
▲ ¥2,313 трлн |
Қызметкерлер саны |
349 мың (2016)[1] |
Еншілес компания |
Toyota Financial Services |
Аудитор | |
Сайты |
Toyota Motor Corporation — Toyota Group-тың басты мүшесі болып саналады. «Toyota» бренді көбінесе осы компаниямен байланысты. «Тойота» автокөліктерінің белгісі сопақ әрі оны перпендикуляр қиған доғал шеңберлер арқылы белгіленеді және осы перпендикуляр тұрған доғал шеңберді жартылай қиыс сызық кесіп өтеді. Бұл иненің көзі мен одан өткен жіпті білдіреді. Киичироның әкесінің тоқыма цехында сондай-ақ ине және жіп шығару ісі де жүзеге асқан. Содан бері осы белгі «Тойота» автомобильдерінің сауда белгісі болып қалыптасқан
«Toyota» жапондық автомобиль компаниясы 1933 жылы тоқыма станоктарын дайындаумен айналысатын Toyoda Automatic Loom Works зауытының бөлімшесі ретінде құрылды. 1929 жылы Киичиро Тойода Еуропа мен АҚШ-қа машина өнеркәсібімен танысуға сапар жасады. 1930 жылы компания иесіні Сакичи Тойоданың ұлы Киичиро Тойода американдық үлгімен бензинді қозғалтқышты автомобильдер шығара бастады. Оның бірқатар өзгерген тегі фирманың сауда маркасы болды. Жапония Үкіметі Toyoda Automatic Loom Works компаниясының бұл бастамасын қолдады. 1934 жылы компания бірінші рет А типтегі қозғалтқыштағы жолаушы тасымалдайтын автомобиль шығарды, осы модель 1935 жылдың 1 мамырында пайдалануға берілді, осы жылы G1 жүк машинасы тамыз айында қолданысқа енді. АА маркалы көлігінің өндірісі 1936 жылы басталды. Алдыңғы моделдер Dodge Power Wagon и Chevrolet моделдеріне ұқсас болды.
Toyota Motor Co., Ltd.- 1937 жылы өздігінен қызмет атқаратын компания болып негізделді. Компанияны құрушының тегі «Тойода» (豊田) болып аталатынына қарамастан, компанияға «Тойота» (トヨタ) аты берілді. Өйткені, Жапонияда 8 саны сәттілік әкеледі деп саналады, ал катаканамен жазылған «Тоёта» (トヨタ) атауы дәл 8 сызықтан тұрады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания Жапония императорлығына жүк тасымалдаушы көлік шығарумен айналысты. Сол кездегі қатаң тапшылық үшін Жапонияның әскери жүк тасымалдаушы көлігі ең оңайлатылған нұсқада, мысалы, бір ғана фарасымен жасалды. Кейбіреулердің ойынша соғыстың жылдам біткені Аичи қаласындағы Toyota зауытын бомбылаудың әсерінен болды деп санайды.
Toyota Motor Corporation соғыстан кейін 1947 жылы коммерциялық жолаушы тасымалдайтын көлік SA моделін шығарды. 1950 жылы Toyota Motor Sales Co атаулы сатумен айналысатын жеке компания құрылды. (Ол 1982 жылға дейін қызмет атқарды). 1956 жылы сәуірде Toyopet делдалдық жүйе құрылды. 1957 жылы Toyota Crown Америкаға экспортқа жіберілетін алғашқы жапондық автомобиль болды. (Бразилияға да экспортталды).
Тойота 1960 жылы жылдам қарқынмен кеңейе бастады. Ең алғашқы «Тойота» маркалы автомобиль Жапония аумағынан тыс 1963 жылы Аустралияның Мельбурн қаласында конвейерден шығарылды.
2009 жылдың мамыр айында компания қаржылық залалға ұшырады[3].Бұл 1950 жылдан бастап болмаған еді.
2008 жылдағы компания акцияларының негізгі иелері:
Компанияның төрағасы — Фудзио Чо. Президенті — Акио Тойода [4].
Компания Toyota, Lexus, Scion, Daihatsu, Hino деген жолаушы тасымалдайтын, жүк тасымалдайтын автомобильдер және автобустар брендтерін шығарады.
31 наурыз 2008 жылы аяқталған 2007-2008 қаржы жылында корпарация 9,37 млн автомобиль сатты. 2008 жылдың түсімі — $204,352 млрд, таза пайдасы — $-4,349 млрд құрады.
2007 ж. I кварталында Toyota Motor, General Motors–қа қарағанда көп машина шығарып сатты. GM 76 жыл бойы «әлемдегі ең ірі көлік шығарушы» атқа ие болған. Соңғы жылдары GM және басқа да американдық көлік шығарушылар дағдарысқа байланысты өндірісті қысқартып, бірінші кезекте нарықта бәсекелесі Toyota маркасына орынды босатқан. І кварталда 2,37 млн автомобиль шығарып, 2,35 млн сатқаны туралы жапония 24 сәуірде хабарлаған. Осылайша ең алғаш рет 2,34 млн шығарып, 2,26 млн сатқан GM алдына шыққан.[5].
Қазақстандағы ресми делдалы (дилері) ретінде 1993 ж. Алматыда Астана моторс құрылған. Ол көптеген мамандандырылған кәсіпорындар ашуға ұйтқы болды. Соның ішінде 1995 ж. компаниядан бөлініп шыққан “Алматы Тойота орталығы” (“Toyota Center Almaty”) тех. қызмет көрсету ст. бар. Жеңіл автомобильдер, джиптер, шағын автобустар, “Тойота” автобустарын сатады. Стансадан сатып алынған әрбір автомобильге “Toyota Motor Corporatіon” компаниясы 50 000 км қашықтыққа немесе 12 айға кепілдік береді. 1995 ж. “Астана моторс” компаниясынан оқшау отау тіккен “Астана секьюрити” (Astana Securіty — қауіпсіздік қызметі) жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды, объектілерді қорғайды, ҚР-да тасылатын жүктердің қауіпсіздігін қаматамасыз етумен айналысады. Астана, Қостанай, Ақтөбе қ-ларында компанияның филиалдары жұмыс істейді.
"Тойота Файнэншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ " ЖШС тұлғасында корпорацияның қаржы бөлімшесі 2022 жылғы маусымдағы жағдай бойынша 147.6 млрд. теңге көрсеткішімен Қазақстанның МҚҰ арасында жиынтық активтер көлемі бойынша екінші орында[6]
2011 жылы Ресейде компанияның екі еншілес компаниясы құрылды: ЖШС "Тойота Мотор" (автомобильді сатуға жауапты), басты офисі Мәскеуде; ЖШС "Тойота Мотор Мануфекчуринг Ресей" ( автомобильді Ресейде жасап шығаруға жауапты), басты офисі Санкт-Петербургте.
1998 жылы компания мәскеулік Toyota Motor Corporation өкілдігін ашты. Содан автомобиль нарығының динамикалық дамуына байланысты маркетинг және сату бойынша ЖШС «Тойота мотор» ұлттық компания ашуға шешім қабылданды. 2002 жылдың 1 сәуірінен бастап ЖШС «Тойота мотор» Ресей аумағында жұмыс істей бастады. [7]. ЖШС «Тойота мотор» Президенттері: [8]
2007 жылы Ресейде ЖАҚ «Тойота Банк»жұмыс істей бастады, Мәскеу мен Санкт-Петербургете өкілдігі бар. Банк қызметі — жеке автонесиелеу және ресми делдардарды Toyota и Lexus автомобилдерімен корпоративті несиелеу. Toyota концерні, жеке деректер бойынша, Ресейде Банк ашқан халықаралық алғашқы көлік шығарушы болды.[9].
[10][11][12][13][14][15][16][17][18][19][20]:
2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
3 ай. | 6 ай. | 9 ай. | Қорытынды | 3 ай. | 6 ай. | 9 ай. | Қорытынды | 3 ай. | 6 ай. | 9 ай. | Қорытынды | 3 ай. | 6 ай. | 9 ай. | Қорытынды | 3 ай. | 6 ай. | 9 ай. | Қорытынды | |
Yaris | с. | с. | 229 | 1 125 | 1 776 | 2 714 | 920 | 2 256 | 4 775 | 5 693 | ||||||||||
Auris | ш. | ш. | ш. | 11 | 3 774 | 10 908 | 19 342 | |||||||||||||
Toyota Corolla | 2 976 | 5 390 | 8 746 | 12 973 | 4 231 | 10 505 | 16 982 | 22 442 | 4 680 | 12 866 | 23 019 | 31 222 | 10 345 | 22 584 | 38 942 | 47 260 | 63 986 | |||
Toyota Verso | с. | − | − | 230 | 402 | 236 | 661 | 987 | 1 228 | 242 | 559 | 1 039 | 923 | |||||||
Toyota Avensis | м.ж. | 2 902 | 4 330 | 6 092 | 1 455 | 4 301 | 6 367 | 8 612 | 2 290 | 5 866 | 9 112 | 13 140 | 3 834 | 10 529 | 20 843 | 19 337 | ||||
Toyota Camry | 1 651 | 4 545 | 6 873 | 9 797 | 2 203 | 6 417 | 9 914 | 12 860 | 2 039 | 6 804 | 12 060 | 18 099 | 4 081 | 11 921 | 26 358 | 21 640 | 28 029 | |||
Toyota RAV4 | 1 090 | 2 664 | 4 406 | 6 156 | 1 268 | 3 596 | 4 977 | 6 335 | 2 346 | 5 445 | 8 589 | 12 030 | 5 058 | 10 704 | 22 856 | 22 918 | ||||
Toyota Land Cruiser Prado | 773 | 1 573 | 2 252 | 3 667 | 1 049 | 2 421 | 3 354 | 4 449 | 1 466 | 3 753 | 5 888 | 8 382 | 2 552 | 5 431 | 11 542 | 16 236 | ||||
Toyota Land Cruiser 100 | 949 | 2 212 | 3 551 | 4 964 | 1 007 | 2 355 | 3 448 | 5 314 | 1 696 | 4 171 | 6 443 | 8 502 | 2 243 | 4 360 | 6 425 | |||||
Toyota Land Cruiser 200 | ш. | ш. | ш. | ш. | 12 388 | |||||||||||||||
Toyota Hiace | с. | 7 | 62 | 145 | 224 | 46 | 148 | 259 | 372 | 82 | 213 | |||||||||
Барлығы: | 9 213 | 19 404 | 30 323 | 43 649 | 11 220 | 29 798 | 45 417 | 60 638 | 15 028 | 40 839 | 68 133 | 95 689 | 29 368 | 72 331 | 144 975 | 144 547 | 188 866 |
с. — Ресейде сатылмады
ш. — шығарылмады
м.ж. — мәлiметтер жоқ
Түсініктеме: Көліктердің сатылымы сәйкес болмауы мүмкін, бұл есеп жаңа көрсеткіштерден алынды.
2005 жылы Toyota Ресейдің Мин эконом дамуымен Санкт-Петербург әкімшілігімен (Шушары) қаласында көлік шығару зауытын салу келісіміне қол қойды. Өндіріс 2007 жылдың 21 желтоқсанында ашылды, бірінші этапта зауыт 1жылда Toyota Camry «Е»класты көлігін 20 мың көлік шығарып, ресейдің ішкі нарығына енгізу керек. (әріде экспортқа жөнелту мүмкін) Кейін өндіріс көлемі 1 жылда - 50 мың машинаға көтеріліп, ал болашақта 200-300 мың машинаға көтеріледі. Бұл жоба көлемі 150 млн долларға бағаланып отыр. [21][22].
2011 жылы компания Toyota Land Cruiser Prado өндірісінің жоспарын Алыс Шығысқа Sollers и Mitsui серіктес өндіріске жариялады.[23].
ЖШС «Тойота Мотор Мануфекчуринг Ресей» (Toyota Motor Manufacturing Russia): Бас директоры:
Күнтізбе жылы | Барлығы | Жапония | Құрама Штаттар | ||
---|---|---|---|---|---|
Өндіріс | Сатылым | Өндіріс | Сатылым | Сатылым | |
1935 | 21 | ||||
1936 | 1,142 | ||||
1937 | 4,013 | ||||
1938 | 4,615 | ||||
1939 | 11,981 | ||||
1940 | 14,787 | ||||
1941 | 14,611 | ||||
1942 | 16,302 | ||||
1943 | 9,827 | ||||
1944 | 12,720 | ||||
1945 | 3,275 | ||||
1946 | 5,821 | ||||
1947 | 3,922 | ||||
1948 | 6,703 | ||||
1949 | 10,824 | ||||
1950 | 11,706 | ||||
1951 | 14,228 | ||||
1952 | 42,106 | ||||
1953 | 16,496 | ||||
1954 | 22,713 | ||||
1955 | 22,786 | ||||
1956 | 46,716 | ||||
1957 | 79,527 | ||||
1958 | 78,856 | ||||
1959 | 101,194 | ||||
1960 | 154,770 | ||||
1961 | 210,937 | ||||
1962 | 230,350 | ||||
1963 | 318,495 | ||||
1964 | 425,764 | ||||
1965 | 477,643 | ||||
1966 | 587,539 | ||||
1967 | 832,130 | ||||
1968 | 1,097,405 | ||||
1969 | 1,471,211 | ||||
1970 | 1,609,190 | ||||
1971 | 1,955,033 | ||||
1972 | 2,087,133 | ||||
1973 | 2,308,098 | ||||
1974 | 2,114,980 | ||||
1975 | 2,336,053 | ||||
1976 | 2,487,851 | ||||
1977 | 2,720,758 | ||||
1978 | 2,929,157 | ||||
1979 | 2,996,225 | ||||
1980 | 3,293,344 | ||||
1981 | 3,220,418 | ||||
1982 | 3,144,557 | ||||
1983 | 3,272,335 | ||||
1984 | 3,429,249 | ||||
1985 | 3,665,622 | ||||
1986 | 3,660,167 | ||||
1987 | 3,638,279 | ||||
1988 | 3,956,697[24] | 2,120,273[24] | |||
1989 | 3,975,902[24] | 2,308,863[24] | 945,353[дереккөзі?] | ||
1990 | 4,212,373[24] | 2,504,291[24] | 1,058,005[дереккөзі?] | ||
1991 | 4,085,071[24] | 2,355,356[24] | 1,010,480[дереккөзі?] | ||
1992 | 3,931,341[24] | 2,228,941[24] | 1,023,641[дереккөзі?] | ||
1993 | 3,561,750[24] | 2,057,848[24] | 1,033,211[дереккөзі?] | ||
1994 | 3,508,456[24] | 2,031,064[24] | 1,088,073[дереккөзі?] | ||
1995 | 3,171,277[24] | 2,060,125[24] | 1,083,351[дереккөзі?] | ||
1996 | 3,410,060[24] | 2,135,276[24] | 1,159,718[дереккөзі?] | ||
1997 | 3,502,046[24] | 2,005,949[24] | 1,230,112[дереккөзі?] | ||
1998 | 5,210,000[25] | 1,361,025[дереккөзі?] | |||
1999 | 5,462,000[26] | 1,475,441[дереккөзі?] | |||
2000 | 5,954,723[27] | 1,619,206[28] | |||
2001 | 5,847,743[29] | 4,046,637[29] | 2,291,503[29] | 1,741,254[дереккөзі?] | |
2002 | 6,309,307[30] | 4,138,873[30] | 2,218,324[30] | 1,756,127[31] | |
2003 | 6,826,166[32] | 4,244,667[32] | 2,305,635[32] | 1,866,314[дереккөзі?] | |
2004 | 7,547,177[33] | 4,454,212[33] | 2,387,556[33] | 2,060,049[34] | |
2005 | 8,232,143[35] | 4,611,076[35] | 2,368,817[35] | 2,260,296[дереккөзі?] | |
2006 | 9,017,786[36] | 5,085,600[36] | 2,368,706[36] | 2,542,524[37] | |
2007 | 9,497,754[38] | 5,119,631[38] | 2,261,515[38] | 2,620,825[39] | |
2008 | 9,225,236[40] | 4,911,861[40] | 2,153,197[40] | 2,217,662[41] | |
2009 | 7,234,439[42] | 3,543,199[42] | 1,996,174[42] | 1,770,147[43] | |
2010 | 8,557,351[44] | 8,418,000[45] | 4,047,343[46] | 2,203,849[46] | 1,763,595[47] |
2011 | 7,858,091[48] | 3,483,464[48] | 1,783,521[48] | 1,644,661[49] | |
2012 | 9,909,440[50] | 9,748,000[50] | 4,420,158[50] | 2,411,890[50] | 2,082,504[51] |
2013 | 10,117,274[52] | 9,980,000 [52] | 4,290,652 [52] | 2,295,222 [52] | 2,236,042[53] |
2014 | 2,373,771[54] | ||||
Күнтізбе жылы | Өндіріс | Сатылым | Өндіріс | Сатылым | Сатылым |
Жалпы | Жапония | Құрама Штаттар |
Ескерту:Жапон өндірісінің 1937 жыл 1987 жыл аралығы көрсетілген.[55] Əлемдік өндіріс 1998 жылдан басталады, ғаламдық жəне жапондық өндіріс, 2001 жылдан жапондық өндіріске Daihatsu жəне Hino қосылды.
Toyota Motor 1997 жылдан бастап автомобиль нарығында гибридты технологияларды қарқынды ұсынған алғашқы компания, жаппай (Toyota Prius) гибридты автомобиль шығарып және сатушы. Кейінірек компания гибридты мықты жинақталған Camry моделін, Lexus моделін шығара бастады. Компания өзінің гибридты технологиясын «Hybrid Synergy Drive» деп атайды, ал Lexus моделі үшін «Lexus Hybrid Drive»деп аталады. Prius моделі АҚШ-та ең жақсы өтетін модель. Тойота қазір үш гибрид автосы «Hybrid Synergy Drive» жүйесімен негізделген : Prius, Highlander және Camry. Гибридты Toyota Sienna танымал минивэн машинасын 2010 жылы шығаруға жоспарлап отыр, ал 2030 жылы компания барлық өнімін «Hybrid Synergy Drive» жасауға жоспарлап отыр. 2011 жылыдың 28 ақпанына дейін компания 3,03 млн гибрид автомобиль сатты [56].
General Motors компаниясы Chevrolet Volt электромобилін жасау жоспарын айтқаннан кейін, Toyota Motor соған ұқсасын жоспарлауға кірісті. Қазір компания Жапонияда, АҚШ пен Еуропада "Toyota Plug-in HV' сынақтан өткізуде. Ұқсас Chevrolet Volt бұл модель - Li-ion аккумуляторына негізделіп жасалған. Электромобилдер қоршаған ортаға, гидридты қозғағышы бар көліктерге қарағанда, ешқандай кері әсерін тигізбейді.
2002 жылы Toyota- Toyota Team Europe-мен Кёльне, Германиядағы Формулы 1 қатысты. Үлкен бюджетке қарамастан, команда жанкүйерлер күткен нәтиже көрсеткен жоқ. 2004 жылы жобалаушы Майк Гаскойн жұмысқа алынды. Бірақ жоғары көрсеткіштер көрсетпегендіктен 2006 жылы контрактан босатылды. 2007 жылы Toyota Williams командасына өзінің қозғағыштарын жібереді. 2009 жылы, команда үшін соңғы маусым болды, пилоттары-Ярно Трулли мен Тимо Глок. 4 қарашада Toyota Формулы 1-ден кететіндігін жариялады.
7 маусым 1954 жылы Toyota Technocraft Co., Ltd., компаниясы құрылды. Оның басты мақсаты - Концерннің басты компанияларының көліктерін жөндеу және қызмет көрсету болды. Әр түрлі жарыстарға табысты қатысу үшін зауыттағы Toyota көлігіне Toyota Technocraft-тан автоспорттық Toyota Racing Development көлік бөлінді, қазіргі таңда тюнинг-ателье дәрежесіне бөлінген. 1979 жылы TRD USA бөлімі ашылды. Зауыттың TRD шеберлерінің маңызды жұмысы Формула-3 жарысына команда дайындау болды. Сондай-ақ Toyota Racing Development бөліміндегі жүк көліктерін Super GT чемпионатына дайындау. Ательенің қызықты жұмысы жеке клиенттерге азлитражды Toyota ist, Toyota Vitz и Toyota bB 2002 жылғы сериялары және жолсыз жерде жүретін Toyota FJ Cruiser көліктерін жөндеу. Бөлім шеберлеріне Toyota Racing Development, GT-Four Toyota Celica үшін үш буындағы модификацияланған көлік авторлық құқығы жатады.[57]
Тойота (Toyota Production System) компания менеджментінің 14 қағидасы (Toyota Production System)
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Toyota |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.