Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы (ҚМДБ) — Қазақстан мұсылмандарына діни-руханияттық басшылық жасайтын республикалық бірлестік.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Қысқаша тарихы
Қазіргі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізі 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында қалана бастады. 1906 ж. Верныйда Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1 құрылтайы өтті, оған 100-ге жуық делегат қатысты.
1943 ж. Ташкентте Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының алғашқы құрылтайы өтті. Оған Қазақстан делегациясын шейх Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов (1884 – 1953) бастап барды. Құрылтайда Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылып, төрағасы әрі Бас мүфти болып Ишан Бабахан Абдулмаджидхан (1856 – 1957) сайланды. Қазақстанда қазият құрылып, Шамсутдинов қази болып тағайындалды. Ол 1946 жылдан бастап Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстандағы өкілі, Алматы қ-ның имамы қызметін атқарды.
1952 – 72 жылдар аралығында Сәдуақас Ғылмани (1890 – 1972), 1972 – 79 жылдар аралығында Жахия қажы Бейсенбайұлы (1932 – 1997) қази болды. Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылға дейін Ташкентте орналасқандықтан және кеңестік саясатқа байланысты Қазақстанның діни-рухани өміріне ықпал ете алған жоқ.
1990 жылғы 12 қаңтарда өткен Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайында дербес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. Басқарманың тұңғыш төрағасы, Бас мүфтиі Рәтбек Нысанбаев болды. Қазақстан мұсылмандарының жұмысына басшылық жасап, оның жұмысын жүргізетін Бас мүфти басшылық ететін атқарушы орган ҚМДБ аппараты – мүфтият. ҚМДБ-ның 2000 ж. өткен ІІІ құрылтайда төрағасы, Бас мүфтиі болып, профессор Әбсаттар Дербісәлі сайланды. 2013 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс өткен VII құрылтайында Маямеров Ержан Малғажыұлы Бас мүфти болып сайланды.
2017 жылдың 8 желтоқсанында өткен Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Серікбай Сатыбалдыұлы Ораз Бас мүфти болып сайланды.[1]
ҚМДБ
Діни басқарма ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти, ҚМДБ Ақылдастар алқасы, Қамқорлар кеңесі, ҚМДБ-ның төралқасы, Аппарат жетекшісі және Діни істер, Шариғат және пәтуа, Мешіт істері, Халықар. байланыс, Хаттама, Қажылық, Уағыз-насихат, Ғылым және білім, Жалпы және жастар ісі, Халал өнімдерін стандарттау, Баспасөз және интернет, Әйелдер-қыздар секілді бөлімдер мен секторлардан, сондай-ақ, іс басқармасынан тұрады.
Басқарманың мақсаты мен міндеті: ислам дінін насихаттау, тарату, Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар уағыздарының дұрыс насихатталуын қамтамасыз ету, ислам дінінің, Қазақстан мұсылмандарының бірлігін сақтау, діни ұйымдардағы шариаттың толық әрі дұрыс орындалуын қамтамасыз ету, облыстардағы өкіл имамдар арқылы республика мұсылман жамағатының діни мәселелерін шешу, республикада ислам дінін оқытып-үйрететін мамандар даярлау, сондай-ақ, шет елдік діни ұйымдармен, бірлестіктермен, оқу орындарымен қарым-қатынас орнату, діни әдебиеттер, оқулықтар, т.б. қажетті басылымдарды әзірлеу. ҚМДБ құрылтайшылығымен ашылған халықар. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті ун-ті мен имамдар білімін жетілдіруге арналған респ. Ислам ин-ты жұмыс істейді.[2]
Шариғат және пәтуа бөлімі — Сансызбай Құрбанұлы.
Қажылық бөлімі — Жанділлә Мамытханұлы Байжігітов.
Оқу-ағарту бөлімі — Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков.
ҚМДБ Аппарат басшысы — Гилимбек Жәдігерұлы Мәжиев.
Діни оңалту бөлімі — Хасан Ташайұлы Аманқұлов.
Уағыз-насихат бөлімі — Батыржан Берденұлы Мансұров.
Зекет және қайырымдылық қорының директоры — Мақсатбек Мақсотұлы Қайырғалиев.
Діни сараптама бөлімі — Нұрлан Евфратұлы Қайырбеков.
Мешіт істері бөлімі — Жаппасбаев Марат Абдуллаұлы.
Бас мүфти кеңсшісі — Кенжетай Байкемелұлы Дүйсенбай.
Қоғаммен байланыс бөілімі — Нұрбек Әуесханұлы Есмағанбет
Ақпарат бөлімі — Ағабек Қонарбайұлы Сыдықов.
Мүфтидің бас кеңесшісі — Шейх-уль-Ислам Алсабеков Мухаммад-Хусайн қажы Усманұлы.
- Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
- Республикалық Имамдардың білімін жетілдіру Ислам Институты
- «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығы
- «Астана» медресесі
- «Әбу Ханифа медресесі»
- «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі
- Алматы облысы — Мадияр Тағайбайұлы Пірімқұлов.
- Астана қаласы — Ерболат Нұрылдаұлы Жүсіпов.
- Ақмола облысы — Қуаныш Жұмабайұлы Сәбит.
- Ақтөбе облысы — Серікжан Еншібайұлы.
- Атырау облысы — Алтынбек Ұтысханұлы.
- Батыс Қазақстан облысы — Самат Қанатқалиұлы Әлібаев.
- Ұлытау облысы — Елдос Қуандықұлы Жұмаділдә.
- Жамбыл облысы — Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагалиев.
- Қарағанды облысы — Естай Айтуғанұлы Әбдіғали.
- Қызылорда облысы — Болатбек Ұласқанұлы Абуов.
- Маңғыстау облысы — Ануар Ізімбайұлы Елжанов.
- Түркістан облысы — Ержан Сматұлы Төлепов.
- Қостанай облысы —
- Өскемен аймағы —
- Павлодар облысы —
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Жетісу облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Алматы қаласы
ҚМДБ жанынан шығатын газет-журналдар
Басқарма жанынан “Munara” атты газет [3] (2019 жылдың қазанынан) және “Иман” атты журнал (2002 жылдың қарашасынан) шығады.
ҚМДБ Зекет қоры
ҚМДБ Зекет қоры 2011 жылды 3-ші маусымында Әділет Министрлігінде тіркелді. Қордың толық заңды атауы: «Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Зекет Қоры» Корпоративтік қоры.
ҚМДБ Зекет қоры – жеке және заңды тұлғалардың зекеттері мен садақаларын қабылдап, оны Шариғат үкімдеріне сай таратумен айналысатын ұйым.
Қордың құрылтайшысы – Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы.
Қасиетті Құран Кәрім мен сүнетті басшылыққа ала отырып, шариғат үкімдеріне сәйкес Қазақстан мұсылмандарының зекетінің жиналуы мен таратылуын жүзеге асыру
- Өзін-өзі қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне жалақы беру;
- Қазақстанның діни оқу орындарындағы студенттерге шәкіртақы тағайындау;
- Діни оқу орындарына ғимараттар салып, оларды техникалық базамен қамтамасыз ету;
- Қазақстанның діни медреселеріне заманауи студенттер үйін салу;
- Қажетті діни басылымдарды баспаға әзірлеп шығару, халыққа тарату;
- Ислам дінінің лайықты түрде насихатталуына қаржылай қолдау көрсету;
- Жағдайы төмен топтарға қаржылай көмек беру;
- ҚМДБ-ның басқа да діни қыметтеріне қаржылай қолдау көрсету.
- Шариғатқа (Ханафи мәзһабы бойынша) сәйкестік
- Халыққа ашықтық
- Ресмилік
Мешіттер
Қазақстанда 2769 мешіт орналасқан. Қазақстан бойынша ең көп мешіт орналасқан — Түркістан облысы, 753 мешіт орналасқан. Ең аз мешіт орналасқан — Астана, 13 мешіт орналасқан.
- Алматы қаласы — 58 мешіт орналасқан.
- Шымкент қаласы — 106 мешіт орналасқан.
- Ақмола облысы — 91 мешіт орналасқан.
- Алматы облысы — 286 мешіт орналасқан.
- Ақтөбе облысы — 70 мешіт орналасқан.
- Қарағанды облысы — 128 мешіт орналасқан.
- Атырау облысы — 44 мешіт орналасқан.
- Жамбыл облысы — 313 мешіт орналасқан.
- Маңғыстау облысы — 35 мешіт орналасқан.
- Батыс Қазақстан облысы — 48 мешіт орналасқан.
- Қызылорда облысы — 180 мешіт орналасқан.
- Қостанай облысы — 28 мешіт орналасқан.
- Солтүстік Қазақстан облысы — 60 мешіт орналасқан.
- Павлодар облысы — 107 мешіт орналасқан.
- Шығыс Қазақстан облысы — 98 мешіт орналасқан.
- Абай облысы — 110 мешіт орналасқан.
- Жетісу облысы — 193 мешіт орналасқан.
- Ұлытау облысы — 31 мешіт орналасқан.
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы бойынша, Қазақстандағы орталық мешіт 2022 жылы 12 тамыз айында түрік азаматы Али Тамириджидің қолдауымен Орта Азиядағы мешіт салды. Мешіттің аты — Республиқалық Бас Мешіт. Ал осы уақытқа дейін орталық мешіт — Әзірет Сұлтан болған.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.