From Wikipedia, the free encyclopedia
Астана қаласының бас мешіті — Қазақстанның Астана қаласындағы мешіт. Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы сыйымдылығы бойынша ең үлкен мешіттердің бірі.
Астана қаласының бас мешіті | |
Ел | |
---|---|
Қала | |
Ағымы | |
МДБ | |
Сәулетшісі |
Dewan Architects & Engineers |
Құрылыстың бастамашысы | |
Құрылысы басталды |
2019 |
Құрылысы аяқталды |
2022 |
Жалпы ауданы |
68 062 м² |
Сыйымдылығы |
30 000 |
Биіктігі |
130 м |
Күмбездің биіктігі |
83,2 м |
Күмбездің диаметрі |
62 м |
Мұнаралар саны |
4 |
Мұнаралардың биіктігі |
130 м |
Картада орналасуы | |
| |
2019 жылғы 18 наурызда құрылыстың бастамашысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мешіттің құрылыс алаңына алғашқы кірпішін қалады[1]. Құрылысты жеке инвесторлар қолдады, мемлекеттік бюджеттен қаражат пайдаланылмады[2]. 2022 жылдың 12 тамызында Назарбаевтың қатысуымен мешіттің ашылуы өтті[3].
Мешіт 10 гектар жер учаскесінде салынған. Жалпы ауданы 68 062 м². Мешіттің сыйымдылығы 235 мың адамды құрайды. Оның ішінде ашық алаңда шамамен 200 мың адам, нақтырақ айтқанда подиум мен сахна аймағында 30 мың адам, мешіт ауласында 170 мың адам бір мезетте құлшылық жасайды.
Мешітте биіктігі 130 метр төрт мұнара бар. Әрбір мұнара исламның бес негізін білдіретін 5 бөліктен тұрады. Сол қанаттағы мұнаралардың бірі келушілер үшін ашық, туристер мұнараға лифт арқылы немесе жаяу көтеріліп, қаланы биіктен тамашалай алады.
Үлкен күмбездің биіктігі – 83,2 метр, диаметрі – 62 метр. Мешіттің кіреберіс есігі әлемдегі ең биік ағаш есіктердің бірі саналады. Ол тропик Африкада өсетін ироко атты қатты ағаштан қолмен жасалған. Оның биікті – 12,40 метр, салмағы – 1,5 тонна. Сондай-ақ есіктер қазақша өрнектермен безендірілген.
Құбыла жақтағы қабырғада алтын түспен жарықтандырылған Аллаһтың 99 есімі жазылған. Мозаика қабырғасының ұзындығы 100 метр, биіктігі 22,4 метр. Мозаика алуан түсті 25 миллион шыныдан тұрады[4].Мешіттің үлкен залы мен әйелдер намаз оқитын орынға толық кілем төселген. Бұл – әлемдегі қолмен тоқылған ең үлкен кілем. Оның жалпы ауданы – 15 525 шаршы метр. Салмағы – 4 700 гр/м2. Қалыңдығы – 15 мм. Кілем Жаңа Зеландияда таза (100%) жүннен тоқылған. Кілемнің ортасындағы медальонының диаметрі – 70 метр. Ол да әлемдегі ең үлкен кілем медальоны болып саналады. Кілемнің оюлары қазақша нақышпен безендірілген.
Мешіттің үлкен залына ілінген ортадағы таза шыны (хрусталь) аспашамы әлемдегі ең үлкен аспашамдардың бірі саналады. Оның диаметрі – 27 метр, салмағы 20 тонна. Ол да түрлі көлемдегі хрусталь панельдерден құралған. Барлық хрусталь жеті түстегі 3 614 833 бөлшектен тұрады, әрқайсысы қолмен жиналған. Үлкен люстра 1 360 890 хрусталь бөлшектен құрастырылған. Мешіттің төрт бұрышында диаметрі 8 метрлік төрт аспашам ілінген.
Сонымен қатар, мешіттің жерасты қабатында 440 орындық банкет залы, 405 орындық жабық паркинг, вестибюль, дәретхана, техникалық, ритуалдық қызмет көрсету орны, құрбан шалу орны және басқа бөлмелер орналасқан. Бірінші және екінші қабаттарда намаз оқитын орыннан бөлек сыныптар, конференц-зал, неке қию залы, Құран оқитын бөлме, телестудия, кеңселер, қызметтік бөлмелер, дүкендер, мұражай және техникалық бөлмелер бар[5].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.