Жания Жақияқызы Әубәкірова (1957 жылы 19 сәуір, Алматы қ., Қазақ КСР, КСРО) — пианист, концертмейстер, педагог, Қазақстанның халық артисі (1991), професор (1993), Қазақ Ұлттық консерваторияның ректоры (1997-2018).
1979 Мәскеу консерваториясын, 1981 ж. аспирантурасын (проф. Л.Н. Власенконың класы бойынша) бітірген. 1979 ж. Қазақ академия опера және балет театрында концертмейстер, 1981 - 1993 ж. Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) аға оқытушы, доцент, фортепьяно кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1993 жылдан професор 1997 жылдан осы қонсерваторияның ректоры. Жеке концерттік бағдарламасымен және камералық, симфониялық оркестрлермен бірге ТМД, Франция, Германия, Ұлыбритания, Финляндия, Италия, Чех Республикасы, Болгария, Корея, Жапония елдерінде өнер көрсетті. М.Лонг және Ж.Тибо атындағы (Париж, 1983) және камералық ансамбльдер (Париж, 1985) халықаралық байқаулардың жүлдегері. Қазақстан Комсомол сыйлық лауреаты атанды (1982). 1998 ж. Францияның Өнер және әдебиет орденімен марапатталған. "Тарлан" сыйлық иегері (2001). Әубәкірова туралы "Жаңа толқын" (1984), "Рояльдің алдындағы монологтар"[1][2]
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншытағай бұтағынан шыққан.[3]
Әубәкірова Жәния
Жәния Әубәкірова - пианистка, концермейстер, педагог, ЖОО-нын топ-менеджері.[4]. Ж.Әубәкірова – экономика ғылымының докторы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері, профессор Яхия Әубәкіровтің қызы. Ол Алматыда 1957 жылдың қыркүйек айының 9 күні туған. Жәния П.И.Чайковский атындағы мемлекеттік консерваторияны 1979 жылы, ал 1981 жылы аспирантураны профессор Л.П. Власенконың сыныбы бойынша бітірді. Ол 1979 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында концертмейстрлік қызметін бастаған, 1981 жылдан бастап 12 жыл бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында аға оқытушы, доцент, арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушілік қызметтерін атқарады,1993 жылдан профессор, 1997 жылдан бастап осы консерваторияның ректоры.
ҚР халық әртісі Жәния Яхияқызы Әубәкірованың есімі дүниежүзі музыка сүйер қауымына кеңінен танымал. Оның пианинодағы шебер еңбек жолы Қазақстан мемлекеттік сыйлығымен, Францияның өнер және әдебиетінің орденімен, Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты бекіткені үшін ІІ-Екатерина атындағы 2-дәрежелі «Кавалер» орденімен марапатталды. «Платиналық Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреатты, ал 1991 жылы ҚР әртісі атағы берілді. Францияда өткен халықаралық Маргарет Лонг және Жак Тибо конкурсында 1983 жылы Гранприді жеңіп алған. Жеңістердің бірі – 1985 жылы Халықаралық камералық ансамбльдердің (Париж, Гаухар Мурзабековамен біррге) конкурсында Гранприге, Қазақстан Ленин комсомолы (1982) және "Тарлан" (2001) сыйлығының ие болған.. 1998 жылы «Классика» атты музыкалық агенттікті ұйымдастырaды. Соның арқасында «Франциядағы қазақ маусымдарында» үлкен жетістіктерге жетіп, осындай концерттер 18 мемлекеттерде өтті. 30-дан астам үнтаспа жазылып, оның қазақстандық орындаушылар туралы 20-дан астам музыкалық фильмдері жарық көрeді. Қазақстан Республикасының Халық әртісі (1991).
Ж.Әубәкірованың жетістіктері туралы 1984 жылы «Жаңа толқын», 1986 жылы «Рояльдың алдындағы монологтар», 1998 жылы «Дуэт» атты деректі фильмдер түсірілген.
Өмірбаяны
Әкесі – Яхия Әубәкіров (1932-2008), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономист. Шыққан тегі – Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншытағай бұтағынан шыққан.[5] Апайы – Жанар Әубәкірова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Теориялық және қолданбалы экономика кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор.
1979 ж. Қазақ академия опера және балет театрында концертмейстер және П.И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясында ассистент-стажер.
1981 ж. – Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) аға оқытушы, доцент, фортепьяно кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1983 ж. – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның әншісі.
1993 ж. – Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры.
1994 ж. – Қазіргі білім беру әдістемесі және технологиясы арқылы жұмыс істейтін «Жания Әубәкірованың авторлық мектебінің» негізін қалады.
1997 жылдан 2018 жылға дейін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры. 2001 жылы өзінің басшылығымен оқу орны ұлттық мәртебе алды.
2009 жылдың қараша айында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Студенттік Симфониялық оркестрімен «IMJ artist» компаниясының]] шақыруымен және «Шеврон» компаниясының демеушілігімен АҚШ-ң бес ірі қалаларына: Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Вашингтон, Бостон және Нью-Йоркке гастрольдік сапар жасады. Жас музыканттар өздерінің ректоры халық әртісі Жания Әубәкіровамен әлемнің атақты сахналарында – Кеннеди-орталығында және Карнеги-холлында өнерлерін көрсетті. Оның демеушілігі және қатысуымен ұйымдастырылған іс-шаралар:
2002 – Жания Әубәкірова колледжі ( авторлық қазіргі білім беру әдістемесі және технологиясы арқылы жұмыс істейтін, мемлекеттік емес білім беру мекемесі).
2004 – Мәдениет және өнер саласындағы кәсіби менеджерлерді дайындауға бағытталған «Arts Management» магистрлік бағдарламасы ; халықаралық пианисттер конкурсы мен заманауй музыка фестивалі.
Марапаттары мен атақтары
- 1991 - Қазақстан Республикасының халық әртісі.
- 1998 - Францияның Өнер және әдебиет орденімен марапатталған.
- 2002 – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
- 2003 – Густав Малер атындағы Еуропа унии өнер сыйлығының лауреаты
- 2008 – «Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты нығайтуға үлес қосқаны үшін» «Ұлы Екатерина» ІІ дәрежелі қоғамдық мойындау орденінің кавалері.
- 2008 – Парасат ордені
- 2009 – «Поляк мәдениетіне қосқан еңбегі үшін» төс белгі.
- 2011 – Алтын Крест (Польша)
- 2012 – Тұңғыш Президент атындағы бейбітшілік және прогресс мемлекеттік премиясының иегері.
- 2016 – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медаль
- 2018 – Шет ауданының құрметті азаматы
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жеке алғыс хаты мен төс белгісімен марапатталды
- Қазақстан Республикасының бірнеше мемлекеттік және үкіметтік медальдарымен марапатталды
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
- Қояншы-Дәулет-Таңай, Болашақ-Баспа, 2008, 293 бет. Н. О. Дулатбеков(төраға), Н.Т. Жұмәділова, Б. Доскеев, Қ. Медиев, С. Тұңғышбеков, Г.Ш. Рымжанова және т.б. ISBN 9965-534-40-3
- Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5
- 3.↑ Қояншы-Дәулет-Таңай, Болашақ-Баспа, 2008, 293 бет. Н. О. Дулатбеков(төраға), Н.Т. Жұмәділова, Б.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.