From Wikipedia, the free encyclopedia
Медаль (фр. medalle, итал. medaglіa, лат. metallum - металл) – қайсыбір даңқты оқиғаның, көрнекті қайраткердің, жердің құрметіне шығарылатын екі жақты (кейде бір жақты) бейнеленген металл белгі [1]. Әдетте медалдің алдыңғы беті (аверс), артқы беті (реверс) және қыр жағы (гурт) деп аталады.
Әдетте медаль дөңгелек, тік бұрышты, кейде көп бұрышты, сопақша немесе басқа пішінде шығарылады.
Медальдар Ежелгі Римде мәлім болды. Алыс жорықтардан оралған жауынгерлерді ерекше белгімен марапаттау дәстүрлі болатын. Аталған белгіні олар кеудесіне немесе киімінің бұрышына тағатын. Жезден немесе күмістен жасалған арнайы белдіктерді - фалера деп атайтын.[2] Бірақ медаль соғу өнері 14-15 ғасырларда Италияда, Византияда кеңінен тарала бастады.
Ресейде 18 ғасырдан бастап империяның жорықтарына, соғыстарына, басқа да айтулы оқиғаларға арналған (мысалы, “Полтава жеңісі үшін”, 1709, “Шешенстан мен Дағыстанды бағындырғаны үшін”, 1860, “Романовтар әулетінің патшалық құрғанының 300 жылдығы құрметіне”, 1914, тағыда басқа) түрлі медальдар шығарылып тұрды.
КСРО-да 1939 ж. Кеңес Одағы Батырының айырым белгісі ретінде “Алтын Жұлдыз” медальі, 1940 ж. Социалистік Еңбек Ерінің айырым белгісі ретінде “Орақ пен балға” алтын медальі тағайындалды. Сондай-ақ жауынгерлік ерлігі үшін (мысалы,“Ерлігі үшін”, 1939), Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғаныста көрсеткен ерлігі үшін (“Мәскеуді қорғағаны үшін”, 1944, тағыда басқа), қалалар мен аумақтарды азат еткені үшін (мысалы, “Берлинді алғаны үшін”, 1945; “Белградты азат еткені үшін”, 1945, тағыда басқа), еңбектегі үздік жетістіктері үшін (мыс., “Тың жерлерді игергені үшін”, 1956; “Еңбек ардагері”, 1974, тағыда басқа) кеңес халқының тарихындағы аса маңызды оқиғаларды мерекелеу күндеріне арналған (мысалы, “Ленинградтың 250 жылдығы құрметіне”, 1957, тағыда басқа), көп балалы аналарға арналған 1-ші және 2-ші дәрежелі “Ана медалі”, 1944), тағыда басқа көптеген медальдар шығарылды.
Қазақстанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” ҚР Президентінің заңдық күші бар Жарлығына (23.1.1996) сәйкес азаматтар еңбектегі үздік жетістіктері мен жауынгерлік ерлігі үшін марапатталатын медальдары белгіленді. “Ерлігі үшін”, “Жауынгерлік ерлігі үшін”, “Ерен еңбегі үшін”, “Шапағат”
Ғылым, мәдениет, экономика саласындағы жетістіктері үшін, мысалы, Нобель сыйлығының лауреаттарына, халықаралық конкурстардың жеңімпаздарына медальдар тапсырылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.