Технология
From Wikipedia, the free encyclopedia
Технология (гр. “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos” – ілім, ғылым)[1] – ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі.

Технология дайын тетік немесе бұйым жасау үшін өндірістік процестерде пайдаланылатын материалдың, шикізаттың немесе жартылай өнімнің (әрбір операциялар аралығындағы дайындамалар) пішінін, өлшемін, қасиетін, күйін өзгерту амалдарынан тұрады.[2]
Жалпы өндірістік процестің бөлігі болып табылатын өндіру, тасымалдау, сақтау, бақылау жөніндегі іс-қимылдар да технология деп аталады. Қоғамның өзгеруіне байланысты өндірістің, қызметтің, оқытудың, т.б. әр түрлі салаларына инновациялық технология ұғымы енгізілуде. Қазіргі кезде технология:
- алдыңғы қатардағы технология;
- қалдықсыз технология;
- өңдеу және қайта өңдеу технологиясы;
- халықаралық стандартқа сай технология болып ажыратылады.
Мұнай, газ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және т.б. технологиялар өндіріс талаптарына сай іске асырылуда.[1][3]
Сонымен қатар
Дереккөздер:
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.