From Wikipedia, the free encyclopedia
Балқаш ауданы — Алматы облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1932 жылы құрылған. Аудан орталығы – Бақанас ауылы.
Қазақстан ауданы | |||
Балқаш ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
15 | ||
Ауыл саны |
28 | ||
Әкімі |
Азат Үкітайұлы Құтпанбетов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, №64 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
44°49′19″ с. е. 76°16′04″ ш. б.44.82194° с. е. 76.26778° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1932 | ||
Жер аумағы |
37,4 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
28 816[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (93,16%), орыстар (5,03%), корейлер (0,58%), ұйғырлар (0,43%), немістер (0,23%), қырғыздар (0,13%), басқалары (0,44%)[2] | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі |
040300-040318[3] | ||
Автомобиль коды |
05 | ||
Солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданымен, шығысында Жамбыл облысының Мойынқұм ауданымен, батысында Жетісу облысының Қаратал, Көксу, Кербұлақ аудандарымен, оңтүстігінде Жамбыл, Іле, Талғар аудандарымен шектеседі.
Аудан жері Жетісу (Жоңғар) Алатауының Малайсары жотасынан Іле бойымен Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына дейін созылып жатыр. Солтүстігінде Сарыесікатырау шөлін, батысы мен оңтүстігінде Тауқұм құмды алқабын қамтиды. Жер бедері негізінен жазық. Аудан жеріндегі ең ірі өзен – Іле. Оның тармақтары ескі арналар мен көлшіктер құрай отырып Балқаш көліне құяды.
Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың орташа температурасы (–13 – 15°С), шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм. Шөлді қуаң белдемде орналасқан Балқаш ауданының негізгі топырақ жамылғысы – құмдақ және тақырлық топырақтар, өзен арналары мен жайылымдарында шалғынды-сазды топырақ қалыптасқан. Құмды өңірде сексеуіл, тобылғы, жиде, жусан, ши, сораң, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақ бөкен, елік, қабан, ондатр тіршілік етеді. Өзен аңғарлары мен жайылымдарда қырғауыл, құр, тырна, қоқиқаз, бірқазан, т.б. құстар мекендейді. Өзендерде сазан, алабұға, мөңке, шармай бар. Іле өзенінің Балқаш көліне құяр сағасында көмір, марганец, уран кендері барланған. Жалпақтас кен орнынан мәрмәр, гранит өндіріледі.
Аудан экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығында тәлімі және суғармалы егін шаруашылығы қалыптасқан. Аудандағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің аумағы 1,8 млн. га. Жыртылған жердің (25 мың га) 17 мың га жері игерілген. Оған бидай (7,8 мың га), күріш (8,1 мың га), көкөніс (335 га) және картоп (411 га) егіледі.[4]
Тұрғындар саны – 30747 (2019).
Аудандағы 28 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақдала ауылдық округі | 1761 | ▲1911 | 108,5 | 892 | ▲968 | 108,5 | 869 | ▲943 | 108,5 |
Ақжар ауылдық округі | 1024 | ▲1051 | 102,6 | 523 | ▲536 | 102,5 | 501 | ▲515 | 102,8 |
Ақкөл ауылдық округі | 1261 | ▼1088 | 86,3 | 658 | ▼565 | 85,9 | 603 | ▼523 | 86,7 |
Бақанас ауылдық округі | 5461 | ▲6689 | 122,5 | 2679 | ▲3325 | 124,1 | 2782 | ▲3364 | 120,9 |
Бақбақты ауылдық округі | 4048 | ▼3961 | 97,9 | 2002 | ▲2033 | 101,5 | 2046 | ▼1928 | 94,2 |
Балатопар ауылдық округі | 1957 | ▼1609 | 82,2 | 977 | ▼827 | 84,6 | 980 | ▼782 | 79,8 |
Береке ауылдық округі | 1802 | ▼1643 | 91,2 | 923 | ▼857 | 92,8 | 879 | ▼786 | 89,4 |
Бірлік ауылдық округі | 2206 | ▼1893 | 85,8 | 1098 | ▼943 | 85,9 | 1108 | ▼950 | 85,7 |
Желтораңғы ауылдық округі | 1761 | ▼1519 | 86,3 | 900 | ▼778 | 86,4 | 861 | ▼741 | 86,1 |
Жиделі ауылдық округі | 1530 | ▼1348 | 88,1 | 784 | ▼719 | 91,7 | 746 | ▼629 | 84,3 |
Көктал ауылдық округі | 1372 | ▼1084 | 79 | 710 | ▼575 | 81 | 662 | ▼509 | 76,9 |
Қараой ауылдық округі | 1998 | ▲2025 | 101,4 | 1035 | ▲1048 | 101,3 | 963 | ▲977 | 101,5 |
Құйған ауылдық округі | 1423 | ▼1135 | 79,8 | 721 | ▼579 | 80,3 | 702 | ▼556 | 79,2 |
Миялы ауылдық округі | 1128 | ▼1089 | 96,5 | 581 | ▼563 | 96,9 | 547 | ▼526 | 96,2 |
Топар ауылдық округі | 1305 | ▼1164 | 89,2 | 680 | ▼613 | 90,1 | 625 | ▼551 | 88,2 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 30037 | ▼29209 | 97,2 | 15163 | ▼14929 | 98,5 | 14874 | ▼14280 | 96 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.