From Wikipedia, the free encyclopedia
Бақанас — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, аудан және Бақанас ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Бақанас | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
44°48′22″ с. е. 76°16′26″ ш. б.44.80611° с. е. 76.27389° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1932 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
6 254[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
05 |
Бақанас шекарасы
|
Облыс орталығы - Қонаев қаласынан солтүстік-батысқа қарай 140 км, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 200 км-дей жерде, Іле өзенінің оң жағында орналасқан.
Іргесі 1932 жылы қаланған.
Тарихи-өлкетану мұражайы Алматы облысы әкімінің 2003 жылғы шешімі негізінде ашылды. Мұражай жалпы ауданы 384,2 шаршы метрді құрайды. метр. Экспозиция алаңы 215,7 шаршы метрді құрайды. Мұражай қорында 1 804 мұражай маңызы бар заттар бар. Мұражай экспонаттарында Еңбек және соғыс батырларының материалдары, Д.А. Қонаевтың жеке заттары, флора мен фаунаның заттары және аудан тарихы көрсетілген.
Орналасқан жері: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Байқауытов көшесі, 63"А".
2022 жылдың мамыр айында ауылда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш тұрғызылды.[4]
Бақанаста құрылыс, агроөндірістік, көлік, т.б. мекемелер, бірнеше өндірістік кооперативтер, шаруа (фермер) қожалықтары және серіктестіктер жұмыс істейді. Ботаника және интродукция институтының Іле ботаникалық бағы, мәдениет үйі, 3 орта, 1 бастауыш мектеп, аудандық аурухана, емхана, санитарлық-эпидемиологиялық станция, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары Алматы қаласымен (225 км) және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Бақанаста Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың кезінде келіп демалған саяжайы және салғызып кеткен көпірі бар. Жақында ғана Д.А.Қонаевтың құрметіне арналған саябақ ашылды. [5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.