From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақтоғай ауданы – Павлодар облысының солтүстік-батысында орналасқан аудан. Ауданның әкімшілік орталығы – Ақтоғай ауылы облыс орталығынан солтүстік-батысқа қарай 116 км жерде, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан. Негізі жер ауып келген шаруалардың құнды жерлерді игеруімен байланысты 1907 жылы қаланған.
Қазақстан ауданы | |||
Ақтоғай ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
7 | ||
Ауыл саны |
31 | ||
Әкімі |
Қаршыға Зәлмұханұлы Арынов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, №75 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
52°42′00″ с. е. 75°28′48″ ш. б.52.70000° с. е. 75.48000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
9,8 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
12 858[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (76,37 %) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі |
140200-140212 | ||
Автомобиль коды |
14 | ||
Ауыл шаруашылық алабының аумағы соның ішінде егістік жерлер – 36,4 мың га, шабындық жерлер – 34,1 мың га, жайылымдар – 594,1 мың га, тыңайған жерлер – 246,0 мың га, бау-бақшалар – 0,45 мың га, көпжылдық өсімдіктер – 0,05.
Ауданы 9,8 мың км². Солтүстігінде Ертіс ауданымен, оңтүстігінде — Ақсу және Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарымен, батысында — Ақмола облысының Ерейментау және Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов аудандарымен, шығысында — Тереңкөл және Павлодар аудандарымен шектеседі.
Климаты қатал континентальды. Қаңтар айындағы орташа температура −17°-18°С, шілде айында— +20°+21°С. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері — 250-300 мм.
Аумақтың жер бедері— жазық (Ертіс жазығы). Жер қойнауындағы табиғи құрылыс материалдары зерттелінген. Аудан аумағында Ертіс, Сілеті (өзен), Шідерті өзендері, Жаалулы, Тобылғысор, Тайқоңыр, Сасықсор және т.б. көлдері өтеді. Топырағы қою қызғылт. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде аудан аумағының көп бөлігі жыртылған.
Дәнді, бетегелі, қылқан селеу өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, борсық, суыр, аламандар мекен етеді.
Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына)
1999 жылы халық саны — 21,0 мың адамды, 2012 жылы — 14,0 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1999 жылы 1 км² 2,15 адамнан, ал 2012 жылы 1,43 адамнан келді.
1938 жылы Куйбышев ауданы ретінде құрылған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1963 жылы 2 қаңтардағы Президиумы Жарғысымен Краснокутск ауылы орталығы бар Краснокутск ауданы болып өзгертілді. Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылдың 4 мамырындағы Президиумы Қаулысымен Ақтоғай ауданы болып өзгерді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен 1993 жылдың 7 қазанында Ақтоғай ауданының орталығы - Краснокутск ауылы Ақтоғай болып өзгерді.
Аудан аумағындағы 31 ауыл 7 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақжол ауылдық округі | 1347 | ▼1055 | 78,3 | 646 | ▼530 | 82 | 701 | ▼525 | 74,9 |
Ақтоғай ауылдық округі | 5691 | ▲5749 | 101 | 2751 | ▲2940 | 106,9 | 2940 | ▼2809 | 95,5 |
Жалаулы ауылдық округі | 1431 | ▼992 | 69,3 | 709 | ▼527 | 74,3 | 722 | ▼465 | 64,4 |
Жолболды ауылдық округі | 964 | ▼700 | 72,6 | 484 | ▼362 | 74,8 | 480 | ▼338 | 70,4 |
Қараоба ауылдық округі | 2024 | ▼1683 | 83,2 | 984 | ▼869 | 88,3 | 1040 | ▼814 | 78,3 |
Қожамжар ауылдық округі | 1467 | ▼1311 | 89,4 | 716 | ▼657 | 91,8 | 751 | ▼654 | 87,1 |
Мүткенов ауылдық округі | 2190 | ▼1679 | 76,7 | 1081 | ▼864 | 79,9 | 1109 | ▼815 | 73,5 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 15114 | ▼13169 | 87,1 | 7371 | ▼6749 | 91,6 | 7743 | ▼6420 | 82,9 |
Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: сүтті мал шаруашылығы, дәнді дақыл шаруашылығы. Күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты жасалынады. Кәсіпкерлік - аудан экономикасының маңызды құрамдас бөлігі және жаңа жұмыс орнын құрудың негізгі құралы болып табылады. Қазір ауданда 364 шағын бизнес субъектілері қызмет істейді. Аудан аумағы бойынша облыстық шеңберде маңызы бар автомобильді жолдар өтеді, "Ленинск-Ертіс-Русская Поляна" жер телімі 43-128 (85 км) км, "Ақтоғай-Шолақсор" жер телімі 0-164 (164 км) км.
2012 жылғы жағдайға сәйкес ауданда 2 мектепалды ұйымдары тіркелген. 2001—2002 оқу жылында 32 жалпы білім беру мектептері (4390 оқушылар), оның ішінде 16 орта мектеп (3848 оқушылар), 7 негізгі мектептер (384 оқушылар), 9 бастауыш мектептер (158 оқушылар); оның ішінде 16 мектеп қазақ тілінде, 2 мектеп орыс тілінде оқытады және 14 қазақ-орыс тілдеріндегі аралас мектептер, 2012 жылы ауданда 30 орта жалпы білім беру мекемелері, 1 кәсіби лицей-мектебі тіркелген.
Ауданда Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы бар, бас дәрігері Марат Тұрсынұлы Сатабаев.
Қожамжар ауылында халық Ағартушысы Ж. Тіленшиевтің 1967 жылы даталанған мүсіні бар. Ауданда Ақтоғай орталық аудандық кітапханасы бар. Әр түрлі газеттер шығарылады: «Коммунистік еңбек» (1939 жылдан), «Коммунистический труд» (1955 жылдан), Ауыл Тынысы.
Ақтоғай ауданы Кеңес Одағының батыры – Серікбай Мүткеновтың, Социалистік Еңбек Ерлері — А. А. Ахмединова мен Қ. Қаленованың отаны болып табылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.