Бақша
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бақша - әртүрлі ағаштар мен гүлдер, дәнді дақылдар егілген арнаулы жер, алаң. Бақшада күнделікті пайдаланылатын көкөністер өсіріледі. Бұларды бақша дақылдары дейді. Бақша дақылдары өсірілетін жер бақшалық деп те аталады. Негізінен сулы жерлерде, өзен бойларында өрістейтін бақша өсіру кәсібімен отырықшы қазақтар ертеден айналысқан. XIX ғасырда қазақ даласы туралы жазған Л.Мейердің еңбегінде 1847 жылы Сыр қазақтарының бау-бақша өсіргендігі, әсіресе терек, тұт ағаштарынан басқа өрік, алқоры, жүзім тәрізді ағаштардың жақсы өсірілгендігі туралы айтылады.
Бақшалық өсірілетін жерде ауыспалы егіс тәсілі колданылады. Бірінші жылы бақшалық өсімдіктері өсірілген жерге екінші және үшінші жылдары бидай мен арпа, төртінші жылы қайтадан бақша өсімдіктері өсіріледі. Көкөністердің алуан түрі өсірілетін бақшалықта әрбір бақша өсімдігінің тұқымдары да сараланып егіледі. Жетісу мен Сырдария өңірінің тұрғындары бау-бақша өсіруді ертеден-ақ меңгерген. Бақша дақылдарын өсіру ісі жақсы дамыған Сыр өңірінде қауынның күләбі, қант қауын, әміре, әңгелек, қара қауын, анар, тұрмалы, ақұрық, көкше сияқты түрлері өсірілген. Қарбыздың үлкендеу қара күңгірт түрі мен қабығы қалың, көлемі аса үлкен болмайгын теңбіл қабықты түрі өсірілген. Бақша өнімдерін әрбір көкөкністі тұтыну ерекшелігіне қарай көктей, шикідей, қайнатылған an немесе тұздалған, кептірілген түрде пайдалама береді. Мысалы, қауыннан қауынқақ, қауынбал, қауынқұрт деп аталатын өңделген тағам түрлері дайындалады. Бізге жеткен мәліметтерде отырықшы, дәстүрлі ортада жатақ аталатын қазақтардың жаз мезгілінде тұтынатын негізгі тағамы бақша дақылдары болғандығы айтылады. Жазда тағамға молынан пайдаланылатын бақша дақылдарын қазақтар «көкше байлық» деп атаған. «Көкше байлық үш айлық, үш айдан содан шошайдық» деген сөз. Бақша өнімдерінің мезгілдік тағам екендігін тұспалдайды. Кейінгі дәуірлерде бау-бақша өсіру ісі кәсіпке айналып, кең ауқымда дами бастады. Отырықшы болған қазақ шаруалары өздері өндірген бау-бақшалық өнімдерін жайылым қуып, мал бағатын ағайындарының малына айырбастап, нәпақаларын айырып отырған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.