2024 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбіде басталады. Кібісе жыл.
More information Жылдар, Онжылдықтар ...
Close
More information 1990 жж., 2000 жж. ...
Close
Бұл біздің заманымыздың 2024 жылы, III мыңжылдықтың 24 жылы, 21 ғасырдың 24 жылы, 21 ғасырдың 3-ші онжылдығының 4 жылы, 2020-шы жылдардың 5 жылы болып табылады.
Әзірше 2024 жыл әлемдегі ірі қақтығыстардың жалғасуымен ерекшеленеді: Ресейдің Украинаға басып кіруі, Израиль−Хамас соғысы, Мьянмадағы азамат соғысы, Судандағы азамат соғысы және тағы басқа.
2024 жылы шамамен төрт миллиард адам тұратын дүние жүзінің 76 шақты мемлекетінде ұлттық сайлау өтетін болады, не өтіп қойған. Сайлайтын елдер тізімінде халқы ең көп 10 елдің сегізі (Америка Құрама Штаттары, Бангладеш, Бразилия, Индонезия, Мексика, Пәкістан, Ресей және Үндістан), Франция мен Ұлыбритания бар. 2024 жылы оған қоса Еуропа парламентіне сайлау жүрді.
- 1 қаңтар
- 2 қаңтар – Маршалл аралдарында жалпы сайлау өтті. Маршалл аралдарының заң шығару жиналысы Хильда Хайнды президент болып сайлады.[5]
- 3 қаңтар – Кермандағы лаңкестік әрекет: Қасым Сүлейманиның өлтірілу «мерейтойына» Керман, Иранда Ислам мемлекеті бомбалауы нәтижесінде 89 адам қайтыс болды.[6][7]
- 7 қаңтар – Бангладеште жалпы сайлау өтті. Оппозициялық партияның наразылығына және дауыс беруге келгендер санының күрт төмендеуіне қарамастан Хасина Шайһ Уазед басқарған Авами лиг партиясы сайлауда төртінші рет қатар жеңіске жетті.
- 8 қаңтар – Эквадордағы қарулы қақтығыс: Лос Чонерос атты картель басшысы Хосе Масиас Вильямар түрмеден қашып кетті. Эквадор президенті Даниэль Нобоа елде төтенше жағдай жариялады. Көшелерге, түрмелерге әскерилер жіберілді.[8]
- 11 қаңтар
- Папуа — Жаңа Гвинеяда есептеу кезінде болған болжалды қателік нәтижесінде полицейлер мен сарбаздардың жалақысы берілмей қалды, елде ереуіл басталды.
- АҚШ хуситтер қозғалысына тауар тасымалдап жатқан ирандық дауды басып, кейін батады. Операция нәтижесінде кеменің бүкіл экипажы ұсталған, екі SEAL теңізде жоғалған.
- 12 қаңтар – Өркендеу күзетшісі операциясы: Хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге шабуылына жауап ретінде АҚШ бастаған коалиция хуситтердің Йемендегі базаларына әуе шабуылын ұйымдастырды.[9]
- 13 қаңтар – Тайваньда президент сайлауы өтті. Демократиялық ілгерішіл партияның үміткері Лай Циндэ жалпы дауыстың 40% жинады да, жеңіске жетті.
- 14 қаңтар
- Таққа отырғанына 52 жыл болған күні Дания патшайымы II Маргрете тақтан бас тартты, оның орнына таққа кронпринц Фредерик отырып, ол X Фредерик атанды.[10][10]
- 2024 жылғы Комор аралдарындағы президент сайлауы: халықтың тек 16.3% қатысқан сайлау нәтижесінде халық наразылығына қарамастан президент Азали Ассумани 62.9% дауыспен қайта сайланды.[11]
- 15 қаңтар Бернардо Аревалоның Гватемала президенті болып ұлықтауы.[12]
- 19 қаңтар – Жапония SLIM миссиясының көмегімен Айға баяу қондыру жасаған бесінші ел болды.
- 19 қаңтар - Kaspi bank американдық NASDAQ биржасында компания 11 миллионнан астам акция сатты және 1 миллиард доллардан астам қаражат жинады.
- 22 қаңтар – Джозеф Бокайдың Либерия президенті болып ұлықтауы.
- 24 қаңтар – Белгород облысындағы Ил-76 апаты: ресейлік Ил-76 әскери транспорт ұшағы Короча ауданында құлады. Ресей мәліметінше ішінде болған барлық адам, соның ішінде 65 украиналық әскери тұтқын, экипаждың 6 мүшесі және 3 күзетші, қайтыс болды.[13]
- 26 қаңтар
- 28 қаңтар – Финляндиядағы президент сайлауының 1-айналымы өтті.
- 31 қаңтар – Джохор сұлтаны Ибраһим Исмаил Малайзияның 17-Янг ди-Пертуан Агонг тағына отырды.
- 4 ақпан
- Намибия президенті Хаге Гейнгоб қайтыс болды; орнын вице-президент Нанголо Мбумба алды.[16]
- Сальвадорда жалпы сайлау өтті.
- 7 ақпан – Әзербайжандағы президент сайлауы: Оппозицияның наразылығына қарамастан, президент Ильхам Әлиев бесінші рет қайта сайланды.[17][18]
- 8 ақпан – Пәкістанда жалпы сайлау өтті. Нәтижесінде Ұлттық ассамблея мандаттарының көбісін Партиясыз саясаткерлер жеңіп алды. Партиясыздардың көбі тыйым салынған Әділет үшін қозғалыстың бұрынғы мүшелері болған.
- 11 ақпан – 2024 жылғы Финляндиядағы президент сайлауы: Екінші айналым нәтижесінде президент болып Александр Стубб сайланды.
- 14 ақпан – 2024 жылғы Индонезиядағы жалпы сайлау: Үкіметтік табуляторлардың ресми жылдам санауы бұрынғы әскери офицер Прабово Субиантоны наурыз айында шығарылатын түпкілікті нәтижелерге дейін президенттік сайлаудың жеңімпазы деп таныды.
- 16 ақпан – Харптағы түрмеде ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды.
- 22 ақпан – америкалық Intuitive Machines компаниясының Nova-C қонушысы Айға қонған алғашқы коммерциялық көлік болды.
- 23 ақпан – Армения өзінің ҰҚШҰ-дағы мүшелігін де-факто уақытша тоқтатты.
- 25 ақпан – Беларусьтегі парламент сайлауы нәтижесінде биліктегі Белая Русь партиясы мандаттың көпшілігіне ие болды.
- 1 сәуір – Израиль Иранның Дамасктағы елшілігіне шабуыл жасайды да, нәтижесінде 16 адам қаза тапты.
- 6 сәуір – Словакиядағы президент сайлауы нәтижесінде Словакия президенті болып Петер Пеллегрини сайланды.
- 10 сәуір – Оңтүстік Кореядағы парламент сайлауы: Демократиялық партия мен Демократиялық альянс (кор.)қаз. 176 мандат жеңіп алды. Қызметтегі президент Юн Сөк Йөлге байланысы бар Халық күші мен Халықтық болашақ партиясы (кор.)қаз. тек 108 мандатқа ғана ие болды.[26]
- 10 сәуір – Айдың басында орын алған Израильдің Дамаскідегі Иран елшілігін бомбалауынан кейін Иран Израильге жауап соққыларын бастады.
- 25 сәуір – Гаити президентінің міндетін атқарушы және премьер-министр Ариэль Анри отставкасынан кейін өтпелі президенттік кеңес Гаити мемлекетінің жаңа басшысы ретінде билікті өз қолына алды.
- 1 тамыз – Қырғи қабақ соғысы аяқталғалы бергі АҚШ пен Ресей арасындағы ең ірі тұтқын алмасуы орын алды.[55]
- 4 тамыз – Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасина бүкілхалықтық наразылық шараларынан кейін отставкасын жариялап, Үндістанға кетеді.[56]
- 7 тамыз – Тайланд Жоғарғы Сотының шешімінен кейін Алға қозғалыс оппозициялық партиясы таратылды да, Пита Лимджароенрат пен басқа саясаткерлерге саясатпен айналысуға тыйым салынды.[57]
- Тағы қараңыз: Санат:2024 жылы туғандар
More information 2024 жылға арналған күнтізбе ...
Close