![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/2f/Vanellus_miles_novaehollandiae.jpg/640px-Vanellus_miles_novaehollandiae.jpg&w=640&q=50)
Татреңтәрізділер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Татреңтәрізділер (лат. Charadriiformes) – құстардың бір отряды.
Татреңтәрізділер Қазбалық ауқымы: Late Cretaceous-Recent, 75–0 Ma | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Vanellus miles
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
|
Арғы тегі тырнатәрізділер деп есептелінеді. Эоцен дәуірінен белгілі. Татреңтәрізділер негізінен теңіз жағалауларында, ормандарда, шалғындар мен далалы аймақтарда, батпақты-сулы жерлерде тіршілік етеді. Арктикадан Антарктика жағалауларына дейін кездеседі. 8 тұқымдасы, 300-ден астам түрі белгілі.
Қазақстанда 8 тұқымдасқа (балшықшы, татрең, бізтұмсық, қарала балшықшы, тауқұдірет, қарақас, қаратұмсық шағалалар, т.б.) жататын 74 түрі бар. Қысы қатты жерлерде – жыл құсы. Татреңтәрізділердің жерге не тау беткейлеріне, кейде індер мен тастардың арасына салған ұяларының беті ашық болады. Ұясына 2 – 4 жұмыртқа салады, оларды мекиені мен қоразы кезектесіп басады. Көпшілік түрі моногамды және шоғыр құрып, ұя салады. Татреңтәрізділер жәндіктер және олардың дернәсілдерімен, ұлулар, шаянтәрізділер, құрттар және ұсақ кемірушілермен қоректенеді.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f1/Larus_ridibundus.jpg/640px-Larus_ridibundus.jpg)
Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” Татреңтәрізділердің 14 түрі, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 7 түрі (тарғақ, орақтұмсық, тарбақ шырғалақ, қарабас өгізшағала, реликт шағала, құртамыш шалшықшы және шитұмсық шалшықшы) енгізілген.[1]