Қарабас өгізшағала (лат. Ichthyaetus ichthyaetus) – татреңтәрізділер отрядының шағалалар тұқымдасына жататын құс.

Quick Facts Қарабас өгізшағала, Амандық күйі ...
Қарабас өгізшағала
Амандық күйі
Thumb
Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Татреңтәрізділер
Тұқымдасы: Laridae
Тегі: Ichthyaetus
Түрі: I. ichthyaetus
Екі-есімді атауы
Ichthyaetus ichthyaetus
(Pallas, 1773, Каспий теңізі)
Синонимдері

Larus ichthyaetus

Close
Thumb
Larus ichthyaetus


Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде, ЕділЖайық өзендерінің суқоймаларында, Наурызым мен Қорғалжын қорықтарында, Павлодар мен Қарағанды облыстарының суқоймаларында, Балқаш – Алакөл су алабында ұялайды. Ұшып келу және ұшып кету кезеңдерінде Қазақстанның барлық суқоймаларынан, оның ішінде Оңтүстік Алтайдың таудағы көлдерінен де кездестіруге болады.


Ұялайтын жерлері – ащы көлдердің аралдары. Қанатының ұзындығы 45 – 55 см, салмағы 1,2 – 1,9 кг-дай болатын ірі құс. Бауыры ақ, арқасы көгілдір, атына сай басы қара, көзінің айналасы – ақ, тұмсығы сары, оның ұшы қызғылттау, сирағы – жасыл сары болып келеді. Қанатын баяу қағып, асықпай ұшады. Үлкен шоғыр құрып топталып ұялайды. 3 – 4 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Ұясын жерге салып, ондағы 1 – 4 шұбар жұмыртқаны қоразы мен мекиені 25 – 30 күндей шайқайды. Басқа шағалалардан ерекшелігі – балапандарының түсі – аппақ, өзіне жақын қарабас, мойнақ не реликті шағалалардың балапандарына ұқсас болуында. Қарабас өгіз шағаланың негізгі қорегі – балық, жәндіктер (қоңыздар, көкқасқа шегіртке), кесірткелер, кеміргіштер (сарышұнақтар мен құм тышқандары), сол сияқты майда құстар, кейде үйректер мен қасқалдақтарды да ұстайды. Қарабас өгіз шағала – жыл құсы. Ақпанның аяғы – наурыздың басында ұшып келіп, тамыз – қыркүйекте ұшып кетеді. Көпшілігі Каспий теңізінің жағалауларында қыстайды. 1976 жылдан Алматы хайуанаттар бағында бірнеше жұбы бар. Санының жылдан-жылға азаюына байланысты Наурызым мен Қорғалжын, Алакөл қорықтарында, сол сияқты «Реликт шағала» қорықшасында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[1][2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.