Палеоген кезеңі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Палеоген – бордың алдында, неогеннен кейін келетін 65,5-32,03 млн жыл аралығындағы кайнозой заманын құрайтын екі кезеңнің алғашқысы (Халықаралық стратиграфия комиссиясы, 2004).
Палеоген кезеңі 65.5—23.03 млн ж. бұрын | |
[[Image:|240px]] | |
Кезең бойы атмосферадағы O2 орташа есесі | шам. 26 % көлемі[1] (заманауи деңгейден 130 %) |
Кезең бойы атмосферадағы CO2 орташа есесі | шам. 500 ppm[2] (индустрияландыру алдындағы деңгейден 2 рет көп) |
Кезең бойы жер бетінің орташа қызымы | шам. 18°C [3] (заманауи деңгейден 4°C жоғары) |
Палеоген кезеңі палеосен, еосен және олигосен дәуірлеріне бөлінеді.
ПАЛЕОГЕН палеоген дәуірі, палеоген кезеңі (палео… және грек. genos – тегі, жасы) – кайнозой эрасының алғашқы кезеңі және осы кезеңде жаралған жыныстар қабатының жиынтығы. Палеоген 65,5 млн. жыл бұрын басталып, 23,0 млн. жыл бұрын аяқталған. Оны ағылшын ғалымы Ч.Лайельдің (1797 – 1875) ұсынуымен 1834 ж. Халықаралық геологиялық конгресте қазіргі палеоген мен неогенді біріктіріп, үштік жүйе деп атады; алғаш ғылымға неміс геологы К.Науман енгізді (1866). Палеогенді зерттеу Г.П. Палластың, Н.А. Соколовтың, А.П. Павловтың есімдерімен байланысты. Қазақстанда Палеогенді зерттеуге Н.Н.Костенко леулі еңбек сіңірді. Палеоген палеоцен, эоцен, олигоцен бөлімдеріне бөлінеді, ал ярустық жіктелуі әр елде әр түрлі.