From Wikipedia, the free encyclopedia
Бізтұмсық (лат. Recurvirostra avosetta) – татреңтәрізділер отряды бізтұмсық туысына жататын құс. Қазақстанның жазық өңіріндегі сулы-батпақты жерлерінде кездеседі. Дене тұрқы 44 – 47 мм, салмағы 220 – 310 г. Бізтұмсықтың тұмсығы ұзын, жіңішке, жоғары қарай қайқиған біз тәрізді имек келеді (аты осыған байланысты қойылған). Төбесі мен мойнының үстіңгі жағы және қанатының кей жері бірыңғай ақ түсті, сирағы ұзын, қауырсынсыз болады. Бізтұмсық – жыл құсы. Сәуір – мамыр айларында ұшып келіп, су жағалауларында кішкене шұқырларға немесе ұсақ тастар арасына әдетте 4 жұмыртқа салады. Оны мекиені мен қоразы 24 – 25 күндей басады. Бізтұмсық тайыз шалшық суларды кешіп жүріп, әр түрлі шаян тәрізділермен, жәндіктермен және бұлардың дернәсілімен, кейде өсімдіктердің дәнімен қоректенеді. Тамыз – қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді.[2]
Бізтұмсық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Recurvirostra avosetta Линней, 1758 |
Бізтұмсық - шөжебізтұмсық шөже тұқымдасына жататын салм. 89 г торғай тәрізді кішкене құс. Бізтұмсық шөженің арқасы көлденеңінен қарақошқыл, бауыры көлденең сұрғылт жолақты, қоңыр. Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларын, сирек те болса Балқаш, Зайсан аймақтарын, Тянь-Шань тауының қылқан жапырақты ормандарын мекендейді. Құс қайту кезінде өзен-көл маңында кездеседі. Сөуір-мамыр айларында Бізтұмсық шөженің еркегі жарқабақтар мен жартастардың жарықтарына, ағаш басына ұя жасап, дайын ұяға ұрғашысын ертіп келеді. Бізтұмсық шөже жазда екі рет балапан шығарады. Алғашында 5-6 жұмыртқа салады. 16-18 күнде балапандарын ұядан ұшырып, тағы 4-5 жұмыртқа салады. Бізтұмсық шөже әр түрлі ұсақ жәндіктерді және олардың дернәсілдерін жейді.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.