Дернәсіл (larva) – көптеген омыртқасыз жәндіктер мен кейбір омыртқалы жануарлардың (балық, қосмекенділер) ұрық қабығынан шыққаннан кейінгі жеке даму сатысы. Бұларда организмнің пішінін түрлендіруге жұмыртқадағы қоректік заттар қоры жетіспейді, сондықтан олардың пішіні ересек организмдерге ұқсамайды. Дернәсіл өз бетінше өмір сүреді, белсенді қоректенеді, өсіп дамиды, мезгіл-мезгіл түлейді, әр түрлі ортада тіршілік етеді. Мысалы, көпқылтанды құрттар мен моллюскілердің көпшілігі су түбінде, ал олардың дернәсілі – трохофора суда еркін жүзіп тіршілік етеді. Қосмекенділердің ересегі құрлықта, дернәсілі (итшабағы) суда өмір сүреді. Су түбінде тіршілік ететін, сондай-ақ қозғалатын жәндіктердің (мыс., губка, ішекқуыстылар) дернәсілі – паренхимула, амфибластула,планула, диплеурула (тікентерілердің дернәсілі ) суда еркін жүзеді. Дернәсіл ересек түрге айналғанда (метаморфоз) құрылымы қайтадан өзгеріп, ересек организмнен мүлде ерекшеленеді. Әсіресе, бірқатар омыртқасыздардың (намертин, тікентерілілер, т.б.) метаморфозы кезінде дернәсіл тез өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жоғары сатылы жәндіктерде дернәсілі сатысынан кейінгі қуыршақ сатысында дернәсілдік қалпы мүлдем өзгеріп, ерекше бастама – имаголық табақшадан жаңадан қалыптасады. Жануарлардың дернәсілідік кезеңдегі белсенді тіршілік ету ұзақтығы да әр түрлі болады, мысалы, шыбындар мен көбелектерде 1 ай шамасында, зауза қоңызынікі 3 – 4 жыл, ал жолақ амбистоманың дернәсілі ересек түрге қалыпты жағдайда мүлде айнала алмайды, бірақ көбеюге бейім келеді. Дернәсіл даму кезінде ата-тегінің дамуында болған өзгерістердің барлығын қайталайды, мұның тірі организмдердің даму тарихын (филогенезін) зерттеуде маңызы зор. Осы заманғы жануарлардың кейбір топтарының дернәсілінде ата-тегінде болған құрылым ерекшеліктері сақталып қалған.
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.