From Wikipedia, the free encyclopedia
Тікентерілілер (лат. Echinodermata) типіне тек қана теңізде тіршілік ететін жануарлар жатады: теңіз жұлдыздар, теңіз кірпісі, теңіз лалагүлі, голотурилер сол сияқты ертеректе өліп біткен кейбір топтары. Сонымен бірге тікентерілілер өзіндік ерекшелігі жөне бейімделгіш қасиеті бар жануарлар тобы. Тікентерілілер коне жануарлар тобы, Кембрий уақытынан бері тіршілік етіп келеді жөне откен геологиялық кезеңдерде жануарлардың саны да өте коп болған. Қазіргі тікентерілілердің озіндік ерекшелігі дене қуысы бар жогары сатыдағы дамыған, сәулелі симметриялы. Олар ірі болып келеді, ғылымға 6000-ға жуық түрлері белгілі, теңіз түбіне бекініп және еркін қозғалып тіршілік ететін жануарлар. Олардың денесіңде радиалды жөне көбінесе бес сөулелі симмегрия болады, бірақ олардың ата- тектерінде билатералды (қос жақтаулы) симметрия да болған. Ерекше эволюциялық даму бағытының нәтижесінде тікентерілілерде қатты жабынды, инелері, улы бездері болған және регенераңиялық қабілеті (дененің жойылған бөлімінің қайтадан қалпына келуі) жақсы дамыған. Бұл қасиетгер теңіз бен мұхиттың түбінде жүрғенде жауларынан қорғануға немесе шабуыл жасауына мүмкіндік береді.
Тікентерілілер Қазбалық ауқымы: Cambrian–recent | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Echinoderm
| ||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
| ||||||||
Тип тармақтары[1] | ||||||||
Homalozoa † Gill & Caster, 1960
Crinozoa
Asterozoa
Echinozoa
Blastozoa †
† = Extinct |
Барлық алғашқы ауыздылардан айырмашылығы тері жабындысы бір қабатты эктодермалық эпителиядан және оның туындысынан (кутикула) тұрады. Барлық тікентерілілерде тері екі қабаттан тұрады: бірінші қабаты эпидермистен жөне соның астында жатқан мезодермадан туындаған, Сиііз деп аталатын терінің дөнекер болып тұрған ұлпа қабатынан тұрады. Осы жағынан қарағанда тікентерілілердің жабындысы хордалы жануарлардың жабындысының қүрылысына үқсас болып келеді. Қаңқасының өзіндік ерекшелігі бар ішкі тері қаңқасы болады. Тері асты дәнекер қабатында тікенектері мен инелері дене сыртьша шығып түратын ізбесті (әк) тақталардан қүралған қаңқа дамиды.
Нерв жүйесі радиалды қүрылысгы. Жүтқыншақ маңайыңцағы нерв сақинасынан дененің сәуле санына қарай радиалды нерв жүйесі тарайды.
Сезім мүшелері нашар дамыған. Теңіз жүлдыздарында қарапайым көздер сәуленің ұшында, ал теңіз кірпілерінде денесінің үсгіңгі жағында орналасқан. Сол сияқты басқа да сезім мүшелері бар.
Ас қорыту жүйесі ауыздан басталады. Аузы, қысқа өңеш арқылы үлкен қатпарлы қапшық төрізді қарьшмен байланысады. Қарын қысқа және тар артқы ішекке айналады. Артқы ішек қылаулатқыш жағынан ашылып аналь тесігімен жалғасады. Ас ортаңғы ішек бөлетін ферменттермен және фағоциттер арқылы қорытылады. Тікентерілілерде қоректенудің өздеріне тән негізгі төрт типі бар. Олар жануарлармен қоректенетін — зоофагтар. Бүларға нағыз жыртқыштар — жүлдыздар жатады. Олар моллюскалармен, аз қозғалатын омыртқасыздармен қоректенеді.
Өсімдіктермен қоректенетін — фитофаггар теңіз кірпілері балдырларды жартас қыртысынан қырып жейді. Үшіншілері органикалық бөлшектер мен су түбінде болатын ұсақ организмдермен қоректенетіндері- детриофагтар. Олар голотурилер мен офиуралар. Төртіншілері қорегіне судың терең қабатынан төмен түсетін "дождь трупов" үсақ организмдермен жөне кейбір планктондарды үстап қоректенетін — сестонофагтар. Бүл жолмен барлық теңіз лалагүлдері, бүтақсәулелі офиуралар және бүтаққармалауышты голотурилер қоректенеді. Қан айналу жүйесі бар. Ол кәдімгі екі сақиналы қан жолдарынан тұрады, оның біреуі ауыздың айналасында, ал екіншісі радиальды қан жолдарында. Олардың саны дененің сэулелеріне сәйкес келеді.
Арнайы зәр шығару мүшелері болмайды. Денеде жиналған зат алмасу өнімдерінің бірталай бөлігі дененің барлық қуыстарын толтырып түратын сүйықтықта (амблакралды) шашырап жатқан амебалы клеткалардың комегімен сыртқа шыгарылады.
Тікентерілілердің копшілігі дара жынысты, олардың ішінде қосжыныстылары (гермафродитті түрлері) кездеседі. Көпшілігі жынысты жолмен квбейеді, кейбіреулері жыныссыз жолмен боліну арқылы көбейеді. Үрықтануы сыртта отеді. Тікентерілілер әдетте топталып өмір сүреді. Кобею кезінде жыныс онімдерін суга шығарады, осы жерде үрықтануы өтеді. Одан дернәсілдері шығады. Кейбір жағдайда үрықтанған жүмыртқа үрғашысының денесіндегі ерекше қалталарында — шығару камерасында дамиды. Бүл қүбылыс тірі туатындарында кездеседі. Осы шығару камерасынан толық қалыптасқан жас үрпақтар шығып, үрғашысының денесінде біраз уақыт үсталынып жүреді. Осылай үрпақтарына жүлдыздар, кірпілер, голотурилер қамқорлық жасайды. Тікентерілілерде регенераңия қабілеті күшті дамыған. Әсіресе жүлдыздарда, офиураларда, голотурилерде жүлынып қалған сәуледен бүкіл денесі қайтадан жетіледі. Кейбір жүлдыздар, офиуралар, голотурилер үрғашысының денесінің болінуі арқылы жыныссыз көбейеді, нәтижесінде жас дара үрпақ (особь) пайда болады.
Тікентерілілерде даму өте күрделі метаморфозды. Үрықганған жүмыртқа толық радиальды бөлінеді. Үрық ерекше жіктеліп даму жолдарынан өтеді, нөтижесінде барлық тікентерілілерге ұқсас белгілері бар алғашқы дернөсілі — диплеврула пайда болады. Осы диплевруладан тікентерілілердің әр класында әртүрлі болатын дернәсілдің екінші өзгерген тұрі пайда болады. Олар голотурилерде — аурикулярия, теңіз жұлдыздарында — бипиннария, офиураларда — офиоплутеус, теңіз кірпілерінде — эхиноплутеус, теңіз лалагүлдерде — долиолярия деп аталады. Бұл дернәсілдердің барлыгында кірпікшелі баумен оралган радиальды оскіндері бар. Осы дернәсілдер әрі қарай метаморфозды дамып негізгі өзгерістерден әтіп ересектеріне айналады. Денесінің арқа жагы аборальді, ал құрсақ жагы — оральді болады. Сүйтіп барлық мүшелері радиальды симметрия қүрылысын дамытады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.