From Wikipedia, the free encyclopedia
Салжұқ сұлтандығы (парсы: سلجوقیان روم Saljuqiyān-e Rum) — 11 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың басында Таяу және Орта Шығыс елдерінде билік құрған мемлекет. 11 ғасырдың 30-жылдары салжұқтар Ғазнауи әулетіне бағынышты болып, Хорасаннан жер алды. 1040 жылы ғазнауилерге қарсы шығып, Данденакан түбіндегі ұрыста жеңіске жетті. Иран таулы үстіртін жаулап алып, аймақтағы бытыраңқы ұсақ иеліктерді бір орталыққа бағындырды. Сол кездегі мұсылман әлемі үшін маңызы ерекше бір орталыққа бағынған қуатты ислам мемлекеті осы салжұқтар кезінде орнады. Алғашқы салжұқ билеушісі Тоғрылбек (1038–1063) тұсында салжұқтар Хорезм, Хорасан, Иран, Әзірбайжан, Күрдістан, Ирак жерлерін жаулап алып, 1055 жылы Бағдатқа басып кірді. Халифа оған “батыс пен шығыстағы мемлекеттер дінінің сүйеніші” атағын беріп, “ұлы сұлтан” деп жариялауға мәжбүр болды. Салжұқ сұлтандығы бастапқыда екі негізгі иеліктерден тұрды.
{{{атауы}}} | ||||
| ||||
---|---|---|---|---|
Жоғары билеуші Тоғрылбек билігіне мемлекет астанасы болған Рей қаласының батысы мен оңтүстігіндегі елдер және ағасы Шағрыбекке Солтүстік Хорасан мен Орталық Азия аймағы қарады. Оның орталығы Мерв қаласы болды. Алп-Арслан тұсында (1063–1072) салжұқтар Арменияны жаулап алып (1064), Манцикерт түбінде Византия әскерлерін жеңді (1071). 1071–1081 жылы Кіші Азияны және басқа да аумақтарды жаулап алды. Мәлік шаһ (1072–1092) Грузия мен Қарахан мемлекетін бағындырды. Бұл тұста Салжұқ сұлтандығының шекарасы Сырдариядан Нілге дейін, Каспийден Жерорта теңізіне дейін созылды. Мемлекет астанасы Исфаһан қаласы болды. Бірақ көшпелі оғыз және басқа да түркі тайпаларының әскери шонжарлары мен ақсүйектері байтақ аумақтарды иемденіп, орталығы өкімет билігіне тәуелсіз болуға ұмтылды.
Сондықтан сұлтандар ішкі саясатта күшті өкімет билігіне мүдделі болған Иран ақсүйектеріне иек артты. Бұл топтың мүддесін көздеуші Низам әл-Мүлік болды. 11–12 ғасырларда Салжұқ сұлтандығы Орталық Азия, Орта Шығыс пен Кіші Азияда бірнеше иеліктер мен мемлекеттерге бөлініп кетті. Жаңадан Керман (1041–1187), Конья немесе Рум (Кіші Азияда, 1077–1307), Хорезмде Ануштегіндер (1097–1221) сұлтандықтары құрылды. Бірінші крест жорығынан кейін салжұқтар Палестинадан, кейін Сириядан, Грузиядан, Кіші Азиядағы кейбір иеліктерінен айырылды. 1118 жылы Мәлік шаһтың ұлдары Салжұқ сұлтандығын бірнеше иеліктерге бөліп алды. Санжар сұлтан (1118–1157) дербестікке ұмтылған ақсүйектермен күрес жүргізді. Бірақ 1141 жылы қарақытайлардан жеңіліс тауып, Орталық Азиядағы билігінен айырылды. 1153 жылы оғыздар Хорасанның Мерв, Нишапур, Тус, т.б. қалаларын басып алды. 1157 жылы Санжар өлгеннен кейін Хорасандағы “Ұлы салжұқ” билігі өмір сүруін тоқтатты. Оның інісі Махмұд мемлекетті қалпына келтіруге тырысқанымен, салжұқ империясының бұл бөлігі түпкілікті құлдырап, бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Хорасан, Керман және Батыс Иран арасындағы отыз жылдық өзара тартыстан кейін Хорезмшаһ үстемдік алды. Тек Рум сұлтандығы сақталып қалды. 12 ғасырдың соңына қарай Иранның батысы мен орталығында тұрған салжұқтар атабектер ықпалына түсіп, билігінен біржола қол үзді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.