From Wikipedia, the free encyclopedia
Ніл (лат. Nіlus, гр. Νείλος ([ni:los]) — Африкада орналасқан дүние жүзіндегі ең ұзын өзен.
Ніл | |
---|---|
Ніл Мысырда | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 6852 км |
Су алабының ауданы |
3 400 000 км² |
Су алабы | Жерорта теңізі |
Су шығыны | 2830 м³/с |
Су ағысы | |
Бастауы | Виктория көлі |
• Биіктігі | 350 м |
• Координаттары | 0°25′02″ о. е. 33°11′42″ ш. б.0.41722° о. е. 33.19500° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Жерорта теңізі |
• Биіктігі | 0 м |
• Координаттары | 31°27′55″ с. е. 30°22′00″ ш. б.31.46528° с. е. 30.36667° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ніл өзенінің картасы | |
Ел | Уганда, Оңтүстік Судан, Судан, Мысыр |
Ортаққордағы санаты: Ніл |
Ұзындығы 6671 км, алабының аумағы 2870 мың км2. Орташа су шығыны Асуан маңында 2600 м3/с (әр жылдары 500 м3/с-тан – 15000 м3/с-қа дейін ауытқиды). Шығыс Африка таулы үстіртінен 2000 м-ден астам биіктікте басталып, Жерорта теңізіне атырау жасап құяды. Ніл Рукарара өзені болып басталып, Кагера өзені арқылы Виктория көліне құйып, одан Виктория – Ніл деген атпен ағып шығады. Альберт көлінен кейін Альберт – Ніл, Асуа саласы қосылған жерде Бахр-әл-Жебел, Бахр-әл-Газал қосылғаннан кейін Ақ Ніл (Бахр-әл-Әбияд) деп аталады. Хартум қаласының тұсында Ақ Нілге Көгілдір Ніл қосылады да, сағасына дейін Ніл деп аталады. Жоғарғы бөлігінде ағысы қатты, арнасы шоңғалды және көптеген суқұламалар жасайды. Ең ірісі – Мерчисон сарқырамасы (биікт. 40 м). Таулы үстірттен шыққаннан кейін өзен аса кең, жайпақ қазаншұңқырды басып ағады. Ағысы баяулайды, арнасы тарамдарға бөлініп кетеді. Аңғарында кристалл тау жыныстары ашылған жерлерде шоңғалдар пайда болған (Хартум мен Асуанның арасында 6 шоңғал бар).
Көгілдір Ніл алабында жаңбыр жазда мол жауады. Сондықтан Ніл төмен ағысында жаздағы су шығыны сабасына түскен кездегіден 5 есе асып түседі. Ніл аңғары адамзаттың ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Оның суы ежелден жер суаруға, кеме қатынасына, халықты сумен қамтамасыз етуге, балық аулауға пайдаланылып келеді. Ніл аңғарында Египет халқының 97%-ы тұрады. Бірнеше бөгендер мен СЭС-тер салынған (ең ірісі – Асуан СЭС-і). Кеме жүзетін су жолының ұзындығы 3000 км-ден асады. Жағалауында Хартум, Асуан, Каир, атырауында Александрия қалалары орналасқан.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.