Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (2 ақпан 1940 жыл, Баршатас ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы9 қаңтар 2025 жыл, Мэриленд) — кеңестік және қазақстандық тарихшы, жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984) және Қазақстанның халық жазушысы (1996).

Quick Facts Туған күні, Туған жері ...
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин
Thumb
Мағауин, 2008 жыл
Туған күні

2 ақпан 1940 (1940-02-02)

Туған жері

Баршатас, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО

Қайтыс болған күні

9 қаңтар 2025 (2025-01-09) (84 жас)

Қайтыс болған жері

Мэриленд, Америка Құрама Штаттары

Азаматтығы

 Қазақстан

Ұлты

Қазақ

Мансабы

тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым

Бағыты

тарихи проза

Жанры

проза

Шығармалардың тілі

Қазақша

Марапаттары

Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі

Close

Өмірбаяны

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылғы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған және Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.[1]

1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын 1965 жылы бастады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі,

1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.

1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте,

1984-1986 жылдары «Жазушы» баспасының бас редакторы.

1987 жылы еркін шығармашылық қызметте,

1988 жылдан бері «Жұлдыз» журналының бас редакторы.[2]

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984). Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық "Түркі дүниесіне қызмет" сыйлығының сахибы.[3]

2025 жылғы 9 қаңтарда (Қазақстан уақыты бойынша 10 қаңтарда) Мағауин Америка Құрама Штаттарының Мэриленд штатындағы үйінде қайтыс болды.[4]

Шығармашылығы

Thumb
Шыңғыс хан. Деректі тарихи хикая. Алматы, «Дәуір» баспасы, 2011–2016.

Әңгімелері

Кешқұрым атты тұңғыш әңгімесі 1964 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланды.

«Қобыз сарыны» атты ғылыми монографиясы жарық көрген (1968). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды.

«Көкмұнар» (роман, 1972), «Бір атаның балалары», «Көк мұнар» (повестер мен әңгімелер), «Аласапыран» (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), «Ғасырлар бедері» (әдеби зерттеулер), (әңгімелер, хикаят, роман), «Шақан Шері» (роман), «Мен» (ғұмырбаяндық роман-хамса), «Құмырсқа-қырғын» (әңгімелер), «Ұлтсыздану ұраны» (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген.

2002 жылы Алматыдағы «Қағанат» баспасында он үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты.

2020 жылы Мэрилендтегі «Magauin Publishing» баспасында жиырма бес томдық толық шығармалар жинағы басылып шықты.

2024 жылы Қазақстанда жиырма алты томдық толық шығармалар жинағы басылып шықты (Қасым баспа үйі).

Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған.

Аласапыран

Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген Аласапыран тарихи дилогиясы 1981–1983 жылдары жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (XVI–XVII ғасырлар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз Мұхаммед пен оқымысты Қадырғали Жалайырдың, Едіге би ұрпағы Пётр Арсланович Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі.

Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұхара, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында XX ғасырдағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психологиялық-философиялық тереңдікпен көркем бейнеленген.

Қобыз сарыны

«Қобыз сарыны» (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (XV–XVIII ғасырлар) жүйелі түрде талдады.

Жармақ

Жақын арада Чехиядан жарық көрген «Жармақ» — қазақтың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі психологиялық тартыстар жүйесіне құрылған романы жазушыны мүлдем басқа қырынан көрсетеді.

Шыңғыс хан

Бұл роман тетралогия болып табылады. 2011–2016 жылдары 4 кітап болып Алматыда басылып шықты. «Шыңғысхан» атты тарихи-халықтанулық, әдеби-көркем мемлекеттік (республикалық) журналында үзінділерімен 2012 жылдан 2016 жылға дейін жариялана бастады. Бұл тақырыпты тығыз зерттеуді ол 2000 жылдардан бері бастады. Алғашында «Шыңғыс ханның шарапаты» секілді мақалалардан («Жұлдыз» журналы, №3, 2002) бастады. Роман қолжазбасы Чехиядағы Прага, Карловы Вары жерлерінде 2008 жылдың 12 қарашасынан жазыла бастап, 2015 жылғы 30 қарашада АҚШ–тың Роквилл, Мэриленд жерлерінде жазылып аяқталды. Терең ізденісі, жазушылық қарым–қабілеті, тәжірибесі арқасында осындай іргелі де сүбелі еңбегі шықты.

Саяси көзқарастары

Мағауин 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасын қатты сынға алған жазушылардың бірі еді, оған қоса бұл жайлы жеке мақала да жазған да, ол үшін үкімет пен биліктегі партияны кінәлаған, «еліміз әлі тәуелсіз емес» деген ой айтқан.[5] Кейін Нұрсұлтан Назарбаевты «Елін жерімен қосып сатып жіберген патша» деп атап та сынға алды.[6]

Өз өмірі

Мағауин Бақытжамалға үйленген еді. Олардың төрт ұл, екі қызы бар. 2025 жылы хабарланған мәліметше Мағауиннің жиырма шақты немере, бес-алты шөбересі де бар еді.[6]

2007 жылы Мағауин Чехияға көшті, астанасы Прагада алты жылдай тұрып, кейін Америка Құрама Штаттарында тұратын болды да, сол жерде қайтыс болды. Мағауин Роквилл, Мэрилендте жерленбек.[6]

Дереккөздер

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.