From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаңаөзен оқиғасы — 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ереуілге шыққан жергілікті жұмысшылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында болған қақтығыс.
Жаңаөзен оқиғасы | |
---|---|
АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында мемлекеттің Жаңаөзендегі наразылығын басуға қарсы демонстрациясы. 18 желтоқсан, 2011 | |
Орны |
Маңғыстау облысы, Қазақстан |
Күні | 16 желтоқсан 2011 – 18 желтоқсан 2011 |
Мақсаты | Теңдікке қол жеткізу, лайықты еңбек жалақысын талап ету, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмысқа қайта алу |
Сипаттамасы | Аштық жариялау, ереуіл, қақтығыс. |
Өлгендер | 17+[1] |
Нәтижесі | жағдай тынышталды |
16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласының орталық алаңына еңбек дауына байланысты жеті айдан бері ереуілге шыққан Өзенмұнайгаз мекемесінің бұрынғы қызметкерлері мен жергілікті құқық қорғау органдары арасында болған қақтығыс. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан қару қолданылып, оқ атылды. Қаладағы тәртіпсіздіктер коммерциялық нысандар мен мемлекеттік органдардың ғимараттарына ауысты. Полиция оқ қару қолдануы салдарынан ереуілшілер тарапынан көп адам опат болып, көбі жараланды.
17 желтоқсан күні Маңғыстау ауданының орталығы болып саналатын Шетпе станциясында жергілікті тұрғындар Жаңаөзендегі ереуілшілерді қолдау мақсатында жолаушыларды тасымалдайтын поезді басып алды. Поездың алдында жатқан шпалдарды бұза бастады. Поезд өртке айналып адамдарға қауіп төнді. Полиция қызметкерлері қару қолдану салдарынан бір адам оққа ұшты.
2011 жыл Маңғыстау облысында орын алған Қаражанбасмұнай және Өзенмұнайгаз кәсіпорындарындарындағы жұмысшылардың ереуілдері 2008 жылдан бері жалғасып келе жатқан ереуілдердің жалғасы болды.
# | Жыл | Кәсіпорын | Сипаттамасы | Ұзақтығы |
---|---|---|---|---|
1. | 2004 | Өзенмұнайгаз ӨФ | ||
2. | 2008 маусым | Өзенмұнайгаз ӨФ | көлік мекемелерінің жұмысшылары ереуілге шықты. Ереуілшілер жоспарланған қайтақұруға және активтерді жекеменшікке өткізу бағдарламасымен келіспеушіліктен туындады. Кейіннен талаптар саны 7 дейін өсті. | 15 күн |
3. | 2009 наурыз | Бұрғылау ЖШС | жұмысшылар кәсіпорынның жекеменшік қолда болуына қарсы болды және қайтадан Өзенмұнайгаз ӨФ қайта оралуын талап етті. | 2 күн |
3. | 2009 қыркүйек | Өзенмұнайгаз ӨФ | жұмысшылар еңбекақысын төлеу жүйесіне қарсылық ретінде аштық жариялаған әріптестерін қолдау мақсатында ереуілге шықты. Артынан жаңа 8 талап қосылды | |
4. | 2010 наурыз | Өзенмұнайгаз ӨФ | Ереуілдің негізгі себебі еңбек ақы төлеу жүйесіне эәне оны ендіру амалдарына қарсылық болды. Ереуілшілердің 14 талабын орындау мақсатында келісім комиссиясы құрылды.Қазан айында Өзенмұнайгаз ӨФ көлік қызметкерлері УОС-5 жүргізушісі Т. Кашановты құқық қорғау органдарының тұтқынға алуына қарсы ереуілге шықты. Т. Кашанов есірткі сақтағаны және тасымалдағаны үшін тұтқындалған болатын | 2 күн |
5. | 2011 | Қаражанбас | Қаражанбасмұнай және Өзенмұнайгаз өнеркәсіптерінің қызметкерлері еңбек ақыларын өсіруді талап етіп ереуілге шықты. | Ұяшық мәтіні |
16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласының орталық алаңында жиналған ереуілшілер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған шаралардың өтуіне қарсы екендерін хабарлаған болатын. Алайда қала әкімшілігі алаңға киіз үйлер тігіп, мерекелік концерт өткізуді жоспарлаған еді. Ереуілшілер алаңға қарай бағытталған мектеп оқушыларының мерекелік шеруін тоқтатып, оның өтуіне тосқауыл қойды. Араға полиция қызметкерлері араласты. Ереуілшілер тобы полиция қызметкерлерінің ескертулерін тыңдамастан, арада тұрған қоршауды бұзып өтіп, сахнада тұрған техниканы құлатуға және сындыруға кірісті. Ереуілшілер арасында үгіттеуші әйел адамдар да болды.
Жаңаөзен қаласында болған қанды оқиғаға байланысты желтоқсанның 24-і полиция, 26 мұнайшыға іздеу жариялады.
Әлеуметтік желіде белсенділігімен танымал болған бірнеше блогерлер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің шақыруы бойынша Маңғыстау облысына аттанды. Блогерлерге жүктелген міндет қаладағы жағдайды барынша әділ суреттеп жеткізу.[2]
22 желтоқсан күні Бас Прокуратура Жаңаөзен қаласының ауруханасына түскен азаматтардың тізімін хабарлады [3]
Жаңаөзен коменданты Аманжол Қабылов журналистерге қақтығыс орын алған алаңнан және қатысушылардың үйлерінен тәркіленген суық қарулар мен травматикалық қару жарақтарды көрсетті [4].
Бірнеше полиция қызметкерінің үстінен қызметін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық істер қозғалды. Аталған шараларға наразылық танытқан Жаңаөзен полиция қызметкерлері жаппай жұмыстан кетуге арыз жазуға дайын екендерін хабарлады [5].
2012 жылдың 6 ақпан күні Қаржы полициясы Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сапбөпеевті тұтқынға алды. Қазақстан заңдарына сәйкес 3 күнге тұтқындалды [6]. 9 ақпан күні Жаңаөзен қаласының әкімі болып Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының әкімі Серікбай Трумов тағайындалды [7].
17 желтоқсан күні Жаңаөзендені ереуілшілерді қолдау ниетімен бір топ адам Шетпе станциясына ереуілге шықты. Ереуілшілер станцияға келіп тоқтаған барлық теміржол көлігін тоқтатып, рельстарды бұза бастады.
Шетпеде болған толқулар кезінде 30 жастағы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру қызметінің сержанты Төребек Төлегенов қайтыс болды, 12 адам жараланды.[8] 22 желтоқсан күні Бас Прокуратура Шетпедегі зардап шеккен азаматтардың тізімін жариялады.[9]
2011 жылдың 17 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев №197 Жарлығымен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының аумағында Төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Аталған Жарлық 17 желтоқсан күні кешкі сағат 18:00 ден бастап күшіне еніп 2012 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасты.[10]
22 желтоқсан күні Маңғыстау облысына арнайы сапармен Президент Нұрcұлтан Назарбаев келді. Маңғыстау обллыстық әкімдігінің ғимаратында жергілікті активпен кездесті. Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты өз еркімен қызметтен босататындығын және жаңа әкім ретінде Бауыржан Мұхамеджановты тағайындайтынын хабарлады[11],[12].
Сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" Ұлттық Компаниясы АҚ-ның басшысы ретінде Ләззат Қиынов[13], ал ҚазМұнайГаз Барлау және Өндіру компаниясының басшысы ретінде Алик Айдарбаев тағайындалды[14].
Президент алдына қойылған тапсырманы орындамағандықтан Тимур Асқарұлы Құлыбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы қызметінен босатылатынын хабарлады [15].
2012-ші жылдың 25-ші қаңтар күні Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Жаңаөзен оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарының алғашқы қорытындысын хабарлады. Оның айтуынша жастардың жаппай тәртіпсіздігінің салдарынан қаланың 125 нысанына зардап тиген. Олардың ішінде Жаңаөзен қаласы мен Теңге кенті әкімдіктерінің, Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың ғимараттары, полиция бекеттері, «Өзенмұнайгаз» компаниясының офисі, «Аруана» қонақ үйі, «Сулпак», «Атлант» және «Шолпан» сауда орталықтары, 5 (бес) банк мекемесі, 9 (тоғыз) банкомат, 21 (жиырма бір) автокөлік, тұрғын үйлер, сондай-ақ көптеген кіші және орта бизнес объектілері бар.
Жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесу және бейбіт азаматтарды қорғау үшін облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы оқиға орнына полицияның жиынтық жасағын аттандырды. Олар суық қаруды, тас, таяқ және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді қолданған топтың шабуылына тап болды. Полиция күштерімен болған қақтығыс кезінде 64 адам атылған оқтан жараланды, оның 14 мерт болды. Одан тыс 2 адамның өлімі қақтығыс салдарынан болмаған. 35 полиция қызметкері әртүрлі дәрежеденгі жарақаттар алған [16].
Арнайы прокурор бастаған ведомствоаралық іздестіру тобының тергеу жұмыстарының нәтижесінде полициямен қақытығыс қйымдастырған 6 адам анықталды. Бұзақылық әрекеттер жасап, тонаумен айналысқан белсенді адамдар анқталып қамауға алынды. Жаппай тәртіпсіздіктердің 6 (алты) ұйымдастырушысы – Сақтағанов, Жарылғасинов, Ирмуханов, Досмағамбетов, Уткилов және Тулетаева анықталып, оларға Қылмыстық кодекстің 241 (екі жүз қырық бірінші) бабының 1 (бірінші) бөлігі бойынша айып тағылып, қамауға алынды. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктердің 23 (жиырма үш) белсенді қатысушысы және бүліншілік пен тонаушылық жасаған 11 (он бір) адам анықталып, қамауға алынған. Олардың басым бөлігі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғанын және қатысқандарын растады.
Президенттің тапсырмасы бойынша қоғамдық тәртіпті орнатуға қатысқан полиция қызметкерлері әрекеттерінің заңдылығын тексеру жұмыстары басталды. Әсіресе қару қолдану мәселелеріне қатысты. Тергеу полиция қызметкерлері бейбіт тұрғындар мен өздерінің өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп-қатер төну жағдайында негізінен заңды әрекет еткенін көрсетті.
Бағынышты қызметкерлердің заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған шаралар қолданбай, қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін полицияның жиынтық жасағын басқарған Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Утегалиев қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Адамдардың өліміне әкеп соққан қару-жарақты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке:
Тергеу арқылы Базарбай Кенжебаевтың қаза болу фактісіне де баға берілді. Туыстарының айғақтары бойынша оның өліміне Жаңаөзен қалалық Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысында келтірілген дене жарақаттары себеп болған.
Аталған факті бойынша Кенжебаевты абақтыда заңсыз ұстауға жол бергені және оның дер кезінде ауруханаға жатқызылуын қамтамасыз етпегені үшін Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысының бастығы Теміров қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Сонымен қатар, қаза болғанды ұрып-соғуға кінәлі тұлғаларды анықтау жөніндегі шаралар қабылдануда.
Нәтижесінде жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқан мұнайшылардың ұзақ ереуіліне және әлеуметтік шиеленістің үдеуіне жергілікті атқарушы органдар мен мұнай кәсіпорындарының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері ықпал еткен.
Қаржы полициясы органдары аталған тұлғалар, қала тұрғындарының мүдделеріне қарамастан, бірнеше жылдар бойы жергілікті халық пен мұнай-газ саласындағы жұмысшыларды әлеуметтік-экономикалық қолдауға бөлінген қаражатты ұрлағандарын анықтады. Тергеу мәліметтері бойынша қаражатты ұрлауды Жаңаөзен қаласының бұрынғы және қазіргі әкімдері Бабаханов және Сарбөпеев «Жанашыр» және «Жарылқау» қоғамдық қорлары арқылы жүзеге асырған.
Аталған қорларда «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының қала тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған демеушілік көмегінен түскен қаражат шоғырланған. Ақшаның басым бөлігі кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырылып, иемделген. Көрсетілген лауазымды тұлғалар мен аталған қорлардың басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.
Жекелеген тұлғалардың жұмыстан босатылған жұмысшыларды наразылық акцияларын жалғастыруға және билікке қатаң қарсы тұруға бейімдеу жөніндегі белсенді әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктердің себептерінің бірі болып табылады. Сараптамамен олар таратқан үгіт материалдардың мазмұнында әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар екендігі анықталды[16]. .
2 наурыз 2012 Жаңаөзен қаласының прокуроры Марат Тойжан заңсыз ереуілге қатысқан азаматтарға қатысты тергеу жұмыстарының аяқталғандығын және сот процессі Ақтау қаласында өтетіндігін хабарлады[17].
22-желтоқсан күні бірнеше қоғам қайраткерлері мен оппозиция мүшелері Жаңазен оқиғасын тергеу жөнінде қоғамдық комиссия құратындықтарын және комиссия құрамында Жаңаөзен қаласында жұмыстарын бастайтындықтарын хабарлады. В Казахстане создана общественная комиссия по расследованию событий в Жанаозене и Шетпе
Жаңаөзен оқиғасына қатысты "Руханият" партиясы үндеу жариялады. Партияның ұстанымы бойынша Төтенше жағдай орнаған аймақта Парламент сайлауын өткізу дұрыс емес. Дегенмен, Жаңаөзен трагедиясына пікір білдіре отырып, әлеуметтік араздық тудырғаны үшін сотталған Қаражанбасмұнай өнеркәсібінің заңгері Н.Соколованы бостатуды да талап етті.[18]
24-желтоқсан күні Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына қатысты құрылған үкіметтік комиссияның жетекшісі, бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеев және "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының жаңа тағайындалған басшысы Ләззат Қиынов, "Қазмұнайгаз" Барлау. Өндіру" компаниясының жаңа басшысы Алик Айдарбаев "Қаражамбасмұнай" кәсіпорнының жұмыстан шығарылған 200 еңбеккерімен кездесті.[19]
Қазақтың біртуар перзенті, қазақ әдебиетін зерттеуші ғалым, жазушы Мұхтар Мағауин Жаңаөзендегі оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді.[20]
2-ақпан күні Норвегияның Хельсинки комитетінің Ослода өткен семинары Жаңаөзен оқиғасына және Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдарының жағдайына арналды. Аталған жиынға Қазақстаннан «Жаңарту» тәуелсіз кәсіподақ ұйымының жетекшісі Есенбек Өктешбаев пен азаматтық белсенді Айнұр Құрманов қатысқан.[21]
2012 жылдың 6-ақпан күні Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кеннет Фэйрфакс мырза өз елінің Жаңаөзен оқиғасын ұйымдастыруға еш қатысы жоқ екендігін мәлімдеді [22].
2012 жылдың 8-ақпан күні АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі К.Фэйрфакс Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі тарапынан АҚШ-тың Федералды Тергеу Бюросына Жаңаөзен оқиғасын тексеруге қатысу үшін арнайы шақыру жіберілгендігін хабарлады. Алайда аталған мекеменің қызметкерлері оқиғаның тексерілуіне елеулі үлес қосатындай жылдам келе алмағандығын және оған қатыса алмайтындығын айтты. Мұндай шақыру Біріккен Ұлттар Ұйымына да жіберілген екен.[23]
Желтоқсанның 24-і күні Мәскеуде Сахаров алаңына Мемлекеттік Дума сайлауының қорытындысына наразылық таныту мақсатында халық митингіге шықты. Мемлекеттік Думаның «Справедливая Ресей» фракциясынан сайланған депутаты Илья Пономарев Сахаров даңғылына жиналғандарға Қазақстанның Жаңаөзен қаласындағы оқиғаларда құрбан болғандарды еске алып, рухтарына тағзым етуді ұсынды [24]
2011-ші жылдың 18 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Мәсімовтың "Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты туындаған әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және өзге де проблемаларды жедел шешу үшін үкіметтік комиссия құру туралы" № 1546 қаулысы қабылдданды[25]. Аталған үкіметтік комиссияның төрағасы болып Бірінші вице-премьер Өмірзақ Естайұлы Шөкеев тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ресми сайтында 16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында орын алған тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған адамдардың тізімі жарияланды:[26].
Сонымен бірге Жаңаөзен қалалық ауруханасына әртүрлі жарақаттармен жеткізілген азаматтардың да тізімі(қолжетпейтін сілтеме) жарияланды[27].
2011 жылдың 16 және 18 желтоқсаны аралығында Жаңаөзен қаласы орталық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне түскен адамдар тізімі (Бас прокуратураның 2011 жылғы 22 желтоқсандағы мәліметі бойынша)[28].
Тізілгендердің ішінен: - амбулаториялық емделуде - 35 адам; - стационарлық емделуде - 62 адам.
2012 жылдың 6 ақпан күні Қаржы полициясы Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеевті тұтқындады. Қала әкімінің міндеті әкімнің орынбасары Қайрат Нұрмахановқа уақытша жүктелген[29].
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова Үкімет отырысында наурыздың ортасына қарай Жаңаөзен тұрғындарын "жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасы бойынша басқа аймақтарға көшірудің ережелерін дайындайтынын хабарлады. Министр хабарлағандай, ақпан айында осы жоспарға қатысты құқықтық-нормативтік актілерге қажетті өзгерістер жасалады. "Жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасына шамамен 200 мыңнан астам адам қамтылады. 2012 жылы бұл бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттен 50,6 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр [30].
26 қаңтар күні сот шешімімен Жаңаөзен қаласында ереуілшілердің жаппай тәртіпсіздікке баруына арандатқаны және әлеуметтік араздық тудырғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 164 бабының 3 тармағы бойынша Владимир Козлов пен Серік Сапарғали тұтқындалды[31].
Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке байланысты сот отырысы Ақтау қаласында 27 наурыз күні сағат 10:00 де өтеді. Оған 37 адам айыпталушы, 100 ден аса адам жәбірленуші және 45 куәгер қатысады. Одан басқа 6 айыптаушы мен 12 қорғаушы қатысады. Сот процессіне барлық тараптапрды қатыстыру мақсатында сот отырысын "Арман" жастар орталығында өткізіледі [32].
2012 жылдың 25 қаңтар күні Жаңаөзен қаласының УҰИ басшысы Жеңісбек Теміровке қатысты қылмыстық кодекстің 308 бабының 2 және 4 тармағы бойынша (қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін) қылмыстық іс ашылды. 16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында орын алған қанды оқиғалар кезінде Базарбай Кенжебаевты заңсыз тұтқындап, уақытылы медициналық көмек көрсетпеді. Базарбай Кенжебаев алған жарақаттарынан өліп кетті. Ж. Теміровке қатысты сот процессі 25 сәуір күні басталды [33].
2012 жылдың 22 маусым күні Ақтау қалалық сотында алқабилер соты Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевті кінәлі емес деп тапты. Айыпталушы сот залынан босатылды[34].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.