From Wikipedia, the free encyclopedia
Шетпе — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, аудан және Шетпе ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті.
Ауыл | |
Шетпе | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
44°08′25″ с. е. 52°08′45″ ш. б.44.14028° с. е. 52.14583° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1929 |
Ауыл статусы |
2000 |
Климаты |
Континентті |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
17 044[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі |
130400 |
Автомобиль коды |
12 |
Шетпе шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Шетпе |
Облыс орталығы Ақтау қаласынан солтүстік шығысқа қарай 96 км жерде, Маңғыстау түбегіндегі Батыс Қаратау мен Шығыс Қаратау жоталары арасында орналасқан.
1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021[2] |
---|---|---|---|---|---|
4974 | ▲8162 | ▲10581 | ▼10237 | ▲12223 | ▲16762 |
Іргесі 1929-30 жылдары "Ұшқын" серіктестігінің орталығы есебінен қаланған. 1933 жылы оның негізінде құрылған Жаңажол ұжымшарының, 1965 жылы Маңғыстау ауданының орталығына айналды. Шетпе аудан орталығы мәртебесін 1966 жылы түбекті елдің қалған бөлігімен байланыстыратын теміржол құрылысына байланысты алды, Шетпе стансасы облыс орталығынан гөрі басқа аймақтарға жақын. Станса мен оның айналасындағы құрылыстар, аудан орталығы жалпы халық арасында "Жаңа Шетпе" деп аталады. Аудан орталығы бұрынғы кепкен Жапырақты көлінің орнында тұрғызылған, одан ол кезде тек батпақ қана қалған. Қазір батпақ құрғап қалды.[3]
1967 жылы ауыл, 2000 жылы қайтадан кент болған. Шетпе арқылы Маңғыстау - Ақтөбе темір жолы және Ақтау - Ақтөбе автомобиль жолы өтеді.
Шетпеде құрылыс материалдары зауыты, ұлутас пен қиыршықтс кеніштері ("Мырзабек Алтын Тас групп" АҚ, "Роландтехник” компаниясының уату-сұрыптау зауыты, "Қызылтұран" ЖШС), су барлау экспедедициясы, жылжымаалы механикалық колонна, тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер, шаруа қожалықтары, 130 шағын орта кәсіпкерлер, 28 мемлекеттік, 4 қазыналық, 4 өндірістік-көліктік мекемелер, темір жол және автомобиль бекеттері, байланыс бөлімшесі бар. [4]
"КаспийЦемент" - бұл жаңа цемент зауыты. Алғашқы жұмыс 2013 жылдың қараша айында іске қосылды. Ал 2014 жылдың жазында зауытта цемент өндірісі ресми түрде басталды.[5]
Ғимараттың ішкі қабырғалары түгелдей оюлармен өрнектелген. 700 адам сиятын ерлерге арналған намаз бөлмесі, 200 адамға арналған әйелдер бөлмесі, имам бөлмесі бар. Діни сауат ашу курсы үшін де бөлме қарастырылған. Едендеріне кілем төселген. Мешіттің артқы жағында газбен жылытатын қазандық қойылған бөлме бар.[9]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.