From Wikipedia, the free encyclopedia
Ивано-Франковск (укр. Івано-Франківськ; 1962 жылға дейін — Станислав) — Украинаның батысындағы қала, Ивано-Франковск облысының, Ивано-Франковск ауданының және Ивано-Франковск қалалық қауымдастығының әкімшілік орталығы. Облыстық маңызы бар қала, Ивано-Франковск облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы.
Облыс орталығы | |||||
Ивано-Франковск | |||||
Іва́но-Франкі́вськ | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Облыс | |||||
Аудан |
Ивано-Франковск | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
48°55′22″ с. е. 24°42′38″ ш. б.48.92278° с. е. 24.71056° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
1662 | ||||
Алғашқы дерек | |||||
Бұрынғы атаулары |
1772 дейін — Станиславов, | ||||
Жер аумағы |
83,73 км² | ||||
Орталығының биiктігі |
244 м | ||||
Климаты | |||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
229 447 адам (2023) | ||||
Тығыздығы |
3507 адам/км² | ||||
Агломерация |
560,1 мың адам | ||||
Ұлттық құрамы | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+380 342 | ||||
Пошта индекстері |
76000, 76030 | ||||
Автомобиль коды |
AT, КТ / 09 | ||||
Ивано-Франковск шекарасы
|
Украинаның батысында Польша, Румыния, Мажарстан, Словакия шекараларынан 150–300 км қашықтықта орналасқан. Тауларға жақын орналасқандықтан, қала Карпаттың шығыс «қақпасы» деп аталады. Ивано-Франковск қаласынан Надворнянский бағытында екі жарым сағаттық жолда Украинадағы ең биік тау — Говерла (биіктігі 2061 метрден астам) бар.
Солтүстік-шығысында қаланы көркем төбелер — Вовчинец таулары қоршап жатыр, олардың орташа биіктігі теңіз деңгейінен 300–350 метр. Ивано-Франковск екі өзеннің сағасында орналасқан — Быстрица Солотвинская және Быстрица Надворнянская.[1]
Жер бедері ормандарға өте бай. Мұнда емен, шамшат, шырша, самырсын және басқалары өседі.
Станиславов қаласы (алғашқы атауы) туралы алғашқы деректер 1662 жылдан басталады. Оны поляк магнаты Анджей Потоцкий салған, ол қалаға әкесі Гетман Станислав Потоцкийдің құрметіне атаған. Сонымен қатар Анджей бекіністі үлкен ұлы Станиславтың құрметіне атады деген де нұсқа бар. Сол 1662 жылы қалаға Магдебург құқығы берілді, сонымен қатар ол өз елтаңбасына ие болды.
Қала-бекініс татарлар мен казактардан қорғану үшін бекініс мақсатында салынған, сонымен қатар Потоцкийлер отбасының қорғаны болған. 1802 жылы қала тарихының бастауы болған бекініс жойылды. Сән-салтанат пен ұлылықтың символы болған Потоцкий резиденциясы бүгінгі күнге дейін сақталмаған, кейінірек ол әскери госпиталь ретінде қайта салынды.
Сонымен қатар, барлық маңызды оқиғалар өткен базар алаңындағы Ратуша қала символы болып табылады. Мұнара, өкінішке орай, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде аман қалмады және оның қазіргі нұсқасы 1928 жылы ашылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ратуша өзінің негізгі функциясын — муниципалды кеңесті орындауды тоқтатты және онда тарихи-өлкетану мұражайы ашылды. Оның басты экспонаты — галисия князі Ярослав Осмомыслдың саркофагы (1187).
Қаланың тарихын оның көптеген ғимараттары, ескерткіштері мен шіркеулері, сонымен қатар бүкіл көшелері мен кварталдары баяндайды. Тарас Шевченко көшесінде 1918–1919 жылдары Батыс Украина Халық Республикасының Үкіметі жұмыс істеген ғимараты "Украин үйі" деп аталады, ал қаланың өзі алты айға жуық ЗУНР астанасы болды.
Қала 1962 жылы қаланың құрылғанына 300 жыл толуына орай Іван Франконың құрметіне аталып, Ивано-Франковск атауын алды.[2]
Ивано-Франковск қаласының климаты қоңыржай салқын климатқа жақын. Ивано-Франковскіде жауын-шашын тіпті ең құрғақ айда да болады. Орташа жылдық температура 8,6°C. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 778 мм.
Шілде — жылдың ең жылы айы. Шілденің орташа температурасы 19,5°C. Жылдың ең төменгі орташа температурасы қаңтарда болады, ол -3,2°C шамасында.
Салыстырмалы ылғалдылығы жоғары ай — қараша (81,54%). Салыстырмалы ылғалдылығы ең төмен ай — сәуір (68,36%). Ең жауын-шашынды ай — шілде (14,30 күн). Ең аз ай — қазан (8,97 күн).[3]
Ивано-Франковск ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | |
Орташа максимум, °C | −0,3 | 1,6 | 6,8 | 14,1 | 18,9 | 22 | 23,8 | 23,6 | 18,7 | 12,9 | 7,2 | 1,8 | |
Орташа температура, °C | −3,2 | −1,8 | 2,5 | 9,1 | 14,3 | 17,7 | 19,5 | 19,1 | 14,3 | 8,7 | 3,8 | −0,9 | |
Орташа минимум, °C | −6,2 | −5,2 | −1,9 | 3,7 | 8,8 | 12,7 | 14,7 | 14,2 | 9,9 | 4,9 | 0,8 | −3,6 |
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ивано-Франковск қаласының тұрғындары (тұрақты тұрғындары) 229 447 адамды құрайды.[4]
Ивано-Франковск — Украинадағы 425 қаланың бірі және халық саны бойынша Украинада 28-орында.[5]
2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
224 585 | 224 660 | 226 018 | 227 030 | 228 575 | 230 929 | 233 360 | 235 355 | 236 602 | 237 686 | 237 855 | 238 196 |
Қала экономикасы материалдық өндірістің кең ауқымды салаларымен ұсынылған: өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс т.б. Қала экономикасының негізгі салалары тамақ және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, туризм. Өнеркәсіп жалпы жұмыспен қамтылғандардың шамамен 15% алады және 536 өнеркәсіптік кәсіпорынмен ұсынылған, оның 50-ден астамы ірі болып табылады.
Ивано-Франковск өнеркәсібі машина жасау, металл өңдеу, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі кәсіпоры жұмыс жасайды. Қаланың шетінде өнеркәсіп кәсіпорындары, ал оның орталық бөлігінде әлеуметтік-мәдени мекемелер, әкімшілік және банк мекемелері орналасқан.
«Ивано-Франковск арматура зауыты» АҚ — кәсіпорын Украинадағы құбыр клапандарының әртүрлі түрлерінің жетекші өндірушілерінің бірі болып табылады. Оның өнімдерін мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындары, химия кәсіпорындары, энергетика және сумен жабдықтау кәсіпорындары пайдаланады, металлургия өнеркәсібінің жұмысында да сұранысқа ие. Аумағы 60 мың м2 болатын зауыттың құрылысы 1968 жылы басталып, 1971 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілді.[7]
Өндірістік құрылғылар зауыты (Промприбор) — «промприбор» қоғамдық акционерлік қоғамы – тауарлық газды есепке алу, бақылау-өлшеу жабдықтарын, автоматика құралдары мен мұнай және газ ұңғымаларын зерттеуге арналған аспаптарды шығаратын көп салалы аспап жасау кәсіпорны.[8]
«Радиозавод» АҚ — 1977 жылы әскери-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорны ретінде негізі қаланған ол бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері үшін арнайы техника шығаруға маманданған. Жалпы өндіріс көлемі 83398 м. Кәсіпорынды құру 1977 жылы басталды, 1979 жылы Карпат радиозауыты іске қосылды.
Кәсіпорынның негізгі қызметі радиоэлектрондық құрал-жабдықтарды (акустикалық жүйелер, радиоқабылдағыштар, магнитофондар және т.б.) шығару болды. 1990 жылы Карпат радиозауыты Қарпаты өндірістік бірлестігіне айналды.[9]
Ивано-Франковск локомотив жөндеу зауыты — 1866 жылы Львов-Черновцы темір жолының Станислав машина жасау шеберханасы ретінде құрылды. 1944 жылы ол локомотив жөндеу зауыты болып өзгертілді. 1962 жылы қала атауының өзгеруіне байланысты зауыт Ивано-Франковск деп аталды. 1975 жылдан - Локомотив жөндеу зауыты. Зауыт TGM3, TGK2, M62, TGM4, TGM6, TGM23, 2TE10L сериялы тепловоздарды жөндеумен, олардың агрегаттарын шығарумен және олардың қосалқы бөлшектерін жасаумен айналысады.[10]
Аталған кәсіпорындардан басқа, «Позитрон» АҚ «Родон», «Карпатпрессмаш» АҚ, «Карпатлитмаш» АҚ, спирт зауыты, жиһаз фабрикасығ «Индуктор» АҚ, «Пищевкусовая фабрикасы» АҚ, Electrolux кір жуғыш машиналар зауыты, Tyco Electronics автомобиль кабельдер зауыты, ONDO табиғи цемент-құмды плиткаларды шығаратын зауыт т.б. жұмыс жасайды.
Ивано-Франковск қаласы Украинаның көптеген облыс орталықтарымен, сондай-ақ басқа елдермен теміржол, автобус және әуе қатынастарын орнатқан.[11]
Ивано-Франковск халықаралық әуежайы — Ивано-Франковск пен Ивано-Франковск облысының аймағына қызмет көрсететін халықаралық әуежай. Әуежай "Б" класына жатады, ол халықаралық рейстер мен жергілікті жолаушыларға қызмет көрсетеді. Әуежай бір жолаушылар терминалынан (аэрокзал), аэродромнан, МиГ-29 истребительдеріне арналған отыздан астам ангарлардан, диспетчерлік мұнарадан, жанармай базасынан және басқа құрылымдардан тұрады.[12]
Ивано-Франковск теміржол вокзалы — Теміржол вокзалы Станислав қаласында (Ивано-Франковск қаласының бұрынғы атауы) 1866 жылы салынған. Ашылғаннан кейін үш жыл өткен соң, пойыз алғаш рет Харьков арқылы өтті. Вокзал қаланы электрлендіру тарихына электр шамымен жарықтандырылған алғашқы ғимарат ретінде енді. Мұнда алғашқы шамдар 1897 жылы 13 қаңтарда жанды. Қазіргі уақытта теміржол вокзалынан Киев, Одесса, Ужгород, Львов, Харьков, сонымен қатар қала маңындағы маршруттар мен шетелге қатынастар бар.[13]
Ивано-Франковск автовокзалы — Автовокзал ғимараты — ескі үлгідегі бір қабатты ғимарат (вокзалдардың көпшілігі Кеңес Одағы кезінде 1980 жылдардың ортасында салынған). Ғимарат жолаушыларға қызмет көрсетудің стандартты кешенін ұсынады: шағын күту залы, билет кассалары, жұмыс үшін багаж қоймасы бар.
Ивано-Франковск арқылы қала маңындағы, қалааралық және халықаралық бағыттағы автобустар жүреді. Варшава, Прага, Рига және басқа да Еуропа қалаларына жолаушыларды тасымалдау арқылы жүзеге асырылады.[14]
Иван Франко атындағы облыстық академиялық музыкалық-драма театры — 1939 жылы желтоқсанда өзінің 1-театрлық маусымын А. Корнейчуктың «Платон Кречет» спектаклімен бастады. Бұл Галициядағы кезбе театрлардың негізінде құрылған Карпат аймағындағы алғашқы кәсіби украиндық театр болды.[15]
М.Подгорянка атындағы қуыршақ театры — Украинадағы ең көне балалар театрларының бірі. Қазір театр репертуарында балалар мен жасөспірімдерге арналған 50-ге жуық спектакль бар. 1991 жылдан бастап қуыршақ театрына жергілікті ақын Марийка Подгорянка есімі берілді.[16]
Ира Маланюк атындағы Ивано-Франковск облыстық филармониясы — Леси Курбас көшесі, 3 мекенжайында орналасқан Ивано-Франковск қаласындағы мемлекеттік концерттік ұйым, 1940 жылы құрылған. Бастапқыда ол музыкалық-драма театрымен бір сахнада өнер көрсетті. 1980 жылы музыкалық-драма театры жаңа ғимаратқа көшті.[17]
Ивано-Франковск өлкетану мұражайы — Мұражай 1940 жылғы 1 мамырдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мұражайда табиғат, тарих, халық шығармашылығы, археология бөлімдері бар. Бүгінгі күні мұражай қорында 120 мыңнан астам экспонат бар, олар жаңа экспозиция мен стационарлық көрмелерді құруға негіз болуда.[18]
Ивано-Франковск облыстық өнер мұражайы — Карпат аймағының бейнелеу және халық өнерінің құнды қазынасы. Мұражай қоры құнды және алуан түрлі. Оған көптеген галисия икондық картиналары, барокко мүсіндері, поляк, итальяндық, неміс және австриялық суретшілерінің картиналары, Львов пен Почаевте шыққан ескі кітаптар, сондай-ақ украин халық өнерінің құнды туындылары кіреді.[19]
Прикарпатья әдеби мұражайы — Прикарпатье әдеби мұражайы 1986 жылғы 16 мамырда құрылды. Оның алғашқы экспозициясы Иван Франконың туғанына 130 жыл толу тойланатын жылы ашылды. Қазіргі экспозиция объективті түрде Карпаттың әдеби дамуының барлық кезеңдерін қамтиды.[20]
Олекс Довбуштың тарихи-мемориалдық мұражайы — Олекса Довбуштың тарихи-мемориалдық мұражайы 1995 жылы әйгілі тарихшы Владимир Грабовецкийдің жеке коллекциясы негізінде құрылды, ол 50 жыл бойы XVI–XIX ғасырлардағы опришкилердің Карпат көтерілісшілерін және құлдықтағы шаруаларды азат ету үшін күрескен аңызға айналған батыр Олекса Довбуштың өмірін зерттеді. Шағын мұражай экспозициясы негізінен құжаттар мен картиналардан, сондай-ақ кейбір этнографиялық материалдардан тұрады.[21]
5–7 жыл бұрын мектептердегі оқуды және қазіргі жағдайды салыстыра отырып, белгілі бір прогресті байқауға болады, әсіресе технологияда, әлеуметтік тәрбиешілерді, психологтарды мектеп процесіне тартуда жетістіктер бар.
Ресейдің Украинаға толық шабуылының басталуымен мектептер қашықтықтан оқыту формасына көшуге мәжбүр болды. Осы уақыт ішінде мектептер әскери жағдай кезінде қауіпсіз оқу жағдайларына мұқият дайындала бастады және басты мақсат әуе дабылы болған жағдайда барлық балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық бомба баспаналарын жабдықтау болды.
Университеттер, әсіресе олар Польша, Аустрия, Германия, Мажарстан университеттерімен белсенді қарым-қатынас жасай бастайды. Бұл оқу сапасына өте жақсы әсер етуде. Оқытушылар мен студенттер құнды тәжірибе жинақтауға, ортақ нәрселерді көруге, қызықты білім беруге көмектеседі.[22]
Спорттық клубтары
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.