From Wikipedia, the free encyclopedia
Ертіс ауданы — Павлодар облысының солтүстік-батыс жағында, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан аудан. 1928 жылы 17 қаңтарда Павлодар округі құрылғаннан кейін тоғыз ауданымен қоса Ертіс ауданы да құрылған. Ауданы 10,2 мың ш. км.
Қазақстан ауданы | |||
Ертіс ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
12 | ||
Ауыл саны |
27 | ||
Әкімі |
Болатбек Шәріпов[1] | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, №118 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
53°15′36″ с. е. 74°39′36″ ш. б.53.26000° с. е. 74.66000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
10,2 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
17 007[2] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (54,87 %) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі |
140500-140517 | ||
Автомобиль коды |
14 | ||
Аудан солтүстікте Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығыста облыстың Железин, Тереңкөл аудандарымен, оңтүстікте Ақтоғай ауданымен, батыста Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданымен шектеседі.
Аудан климаты қатал континентальды. Көктем мен күз тұрақты емес, жылыдан суыққа ауысып отыратын температурада қысқа болып келеді. Қаңтардың орташа температурасы −18ºС-қа, шілденің - +20ºС-қа тең. Жауын-шашын көбінесе жазда болады. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері — 250—300 мм. Қар жамылғысының орташа биіктігі қыс соңында 25 см-ге жетеді. Жыл бойы жиі желдер болып тұрады; бұлттылық пен ауа ылғалдылығы басым емес.
Аудан аумағы Ертіс жазығының солтүстік бөлігін алып жатыр. Жағалары жыраларға тілімденген көптеген көлдер бар (Қызылқақ, Сілетітеңіз, Тобылғысор және басқалар). Көлдердің көбі ұсақ түрде келетін асқа жарамды тұзы бар көлдер болып келеді. Топырағы қара, сортаң, сонымен қатар сұр, сұрғылт – сары реңктегі құм, супес пен балшық түрінде де келеді. Ауданда Ертіс өзені алқабында орналасқан шығанақты шалғындар бар. Пайдалы қазбалардың ішінде алебастр кезедеседі.
Аудан аумағында бетеге, жусан, терек, үйеңкі, шеңгел, мойыл, итмұрын кездеседі. Қасқыр]], түлкі, қоян, борсық, сарышұнақ, суыр, елік секілді аңдар мекендайді.
Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына)
2012 жылы халық саны — 19,459 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км² 1,9 адамнан келді.
27 елді мекен 11 ауылдық округ пен 1 ауылдық әкімдікке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Абай ауылдық округі | 985 | ▼760 | 77,2 | 503 | ▼394 | 78,3 | 482 | ▼366 | 75,9 |
Ағашорын ауылдық округі | 1525 | ▼1124 | 73,7 | 745 | ▼591 | 79,3 | 780 | ▼533 | 68,3 |
Амангелді ауылдық округі | 930 | ▼623 | 67 | 474 | ▼329 | 69,4 | 456 | ▼294 | 64,5 |
Байзақов ауылдық округі | 1672 | ▼1143 | 68,4 | 839 | ▼592 | 70,6 | 833 | ▼551 | 66,1 |
Ертіс ауылдық округі | 7772 | ▲8070 | 103,8 | 3686 | ▲3925 | 106,5 | 4086 | ▲4145 | 101,4 |
Қарақұдық ауылдық округі | 790 | ▼518 | 65,6 | 370 | ▼263 | 71,1 | 420 | ▼255 | 60,7 |
Қоскөл ауылдық округі | 960 | ▼685 | 71,4 | 493 | ▼361 | 73,2 | 467 | ▼324 | 69,4 |
Қызылжар ауылдық округі | 1580 | ▼1381 | 87,4 | 747 | ▼666 | 89,2 | 833 | ▼715 | 85,8 |
Майқоңыр ауылдық әкімдігі | 612 | ▼342 | 55,9 | 320 | ▼188 | 58,8 | 292 | ▼154 | 52,7 |
Панфилов ауылдық округі | 1988 | ▼1118 | 56,2 | 988 | ▼578 | 58,5 | 1000 | ▼540 | 54 |
Северный ауылдық округі | 1334 | ▼929 | 69,6 | 694 | ▼487 | 70,2 | 640 | ▼442 | 69,1 |
Сілеті ауылдық округі | 705 | ▼686 | 97,3 | 351 | ▲367 | 104,6 | 354 | ▼319 | 90,1 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 20853 | ▼17379 | 83,3 | 10210 | ▼8741 | 85,6 | 10643 | ▼8638 | 81,2 |
Павлодар қаласымен көлік байланысы су жолы арқылы іске асады, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларымен негізгі байланыс түрі – автомобильді көлік.
Ауылшаруашылық мамандандырылуы: бидай шаруашылығы, сүтті мал шаруашылығы. Тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Ауданда өндірілетін негізгі өндірістік және ауыл шаруашылық өнімнің түрлері: бидай дақылдарын өсіру, сүт және ет өндіру. МАЖС, АЖС саны — 11 Ауылшаруашылық тауар өндірушілердің саны: Ауыл шаруашылық – 26 Шаруа қожалықтары – 434
2012 жылғы оқу жылының басында 4140 оқушысы бар 31 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері, 269 оқушысы бар 1 кәсіби-техникалық мектеп қызмет етті.
Емдейтін мекемелер саны-35, оның ішінде аурухана, поликлиника, туберкулезге қарсы аурухана.
Клубтар саны - 22, кітапханалар саны - 19, музей - 1. Екі аудандық газеттер бар, олардың біреуі мемлекеттік тілдегі «Ертіс нұры», екіншісі - орыс тілдегі «Иртыш».[7]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.