Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Молдавандар (өз атауы – молдовень) – Молдова Республикасының байырғы халқы. Жалпы саны 3,5 млн. адам (2004). Біразы ТМД елдерінде, сонымен қатар Ресей, Украина, Италия, Испания, Беларусь, Канада, АҚШ және т.б.тұрады.
Молдавандар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
3,5 млн.(2004) | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Молдова |
2 741 849 |
Украина |
258 619 |
Ресей |
156 400 |
Италия |
68 591 |
Португалия |
21 147 |
Қазақстан |
14 245 |
Румыния |
15 000 |
Тілдері | |
румын тілі | |
Діні | |
христиан дінінің православие тармағы |
Антропологиялық жағынан үлкен еуропа нәсілдің ортаеуропалық тобына жатады. Роман тілінің шығыс тобындағы молдаван тілінде сөйлейді. Жазуы кириллицаға негізделген.
Христиан дінінің православие тармағын ұстанады.
Молдова жерін адамзат төменгі палеолит дәуірінде мекендеген. Жоғарғы палеолит дәуірінде рулық қоғам орнады. 6 ғасырдан алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құрыла бастады. Фракиялық тайпалардың негізінде қалыптасып, б.з. алғашқы ғасырларында романдықтар ықпалына ұшыраған волохтар Солтүстік Балқан түбегі мен Карпат таулары аралығын мекен еткен. Ерте орта ғасырларда шығыс славяндардың ықпалына ұшырады. Молдавандар 12 ғасырда Шығыс Карпат өңірінде ұлт болып қалыптаса бастады.
10-12 ғасырларда бұл өлкеге көшпелі печенег, қыпшақ тайпалары келді. 13 ғасырдың ортасы мен 14 ғасырдың 1-жартысында Молдова жері Алтын Ордаға бағынды. 1359 ж. Волох Богдан бастаған тәуелсіз Молдова князьдігі құрылды. Ол 15-18 ғасырларда Осман империясына тәуелді болды. 18 ғасырдағы орыс-түрік соғыстарынан кейін Ресей империясының қол астына қарады. 19 ғасырдағы әлеуметтік мәдени өзгерістер молдаван халқының қалыптаса бастауына жағдай жасады. 1917-18 ж. Кеңес өкіметі орнады. Бірақ елдің негізгі бөлігі Бессарабия - Румынияның қол астында қалды. Азамат соғысы біткеннен кейін, 1924 ж. Украин КСР-нің құрамында Молдова АКСР-і құрылды. 1939 ж. жасалған Кеңес-герман келшмшарты бойынша 1940 ж. Бессарабияға Қызыл Армия бөлімдері кіргізілді 1940 ж. 2 тамызда Молдова КСР-і құрылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Молдова тәуелсіз мемлекетке айналды.
Молдовандардың дәстүрлі шаруашылығы мал бағу, егін егу. Солтүстік және оңтүстік бөліктерінде егістік дақылдар — әсіресе жүгері мен бидай, орта, таулы бөлігінде — жүзімдіктер мен бақшалар басым. Сондай-ақ кең таралған шарап жасаумен байланысты кооперациядан басқа қолөнер және басқа да ауылшаруашылық емес қызмет нашар дамыған. Ірі өнеркәсіп бұрын болмаған дерлік; кеңестік кезеңде озық технологиямен жабдықталған бірқатар зауыттар мен фабрикалар құрылды. Негізгі кәсіптері: тоқымашылық (кілем тоқу), құмыра жасау, ағаш өңдеу, тері илеу. Бірқатар аудандарда балықшылық, аңшылық кәсіптері дамыған.
Бұрын шаруа үйлерін салуда сазбалшықты және саманды (сабаны бар саз) құрылыстар басым болған. 1947 жылдан бастап Молдавияда кең көлемді тұрғын үй құрылысы басталып, молдаван шаруасының дәстүрлі өмірін көп жағынан өзгертті.
Молдавандардың халық өнері ұзақ тарихта әлемдік мәдениетке үлкен үлес қосып, көптеген рухани құндылықтарды жасай алды. Ауыз әдебиеті ертегілерге, батырлық эпостарға, әндерге, мақал-мәтелдерге бай. Хора молдавандардың ұлттық биі ретінде танылған. Бұрын ауылдық жерде билейтін болса, қазір қала көшелерінен де билеген адамдарды жиі көруге болады. Хора биін орындау кезінде биге қатысушылардың барлығы қол ұстасып, шеңбер құрады. Тағы бір танымал би - жок, жаппай ұлттық биге айналды.
Кең таралған музыкалық аспаптары: кобза (ішекті), най (үрмелі аспап), чимпа, т.б.
Ұлттық киімдері: ерлер ақ көйлек пен шалбар, кеудеше, қыста қой терісінен тігілген сеңсең бөрік, жазда тоқылған ши қалпақ киеді. Әйелдер негізінен түрлі ою-өрнектер салынған ақ көйлек киіп, бастарына орамал тартады. Аяқ киімдері – теріден жасалатын опинчь.
Ұлттық тағамдарының басым көпшілігі жүгері мен ұннан жасалады. Молдавандар әрқашан көкөністер мен жаңа піскен жемістерді тұтынады. Негізгі тағамдары: ірімшік, қырыққабат орамдары, мамалыга, гювеч, варениктер. Жемістерді гарнирлердің барлық түрлерін жасауға қолданады. Олар тұздалған, қайнатылған, тіпті қуырылған түрінде болады. Сарымсақ әртүрлі тұздықтарға қосылады. Молдавандар сарымсақты ғажайып ем деп санайды, сондықтан оны қысы-жазы жейді.
Молдавандар Қазақстанға 20-жылдары 20 ғасырдың басында, Бессарабия мен Херсонда ашаршылық болған кезде қоныс аударған. Молдавандардың Қазақстанға қоныс аударуының екінші толқыны КСРО халықтарының жаппай жер аударылу кезеңімен тұспа-тұс келді. 1942 жылғы 1 мамырда Молдавиядан күштеп қоныс аударылды: Ақтөбе облысына 481 адам, Атырау облысына – 1 295 адам, Батыс Қазақстан облысына - 684 адам, барлығы 2460 адам қоныс аударды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 14,0 мың молдавандар тұрады, оның ішінде Қарағанды облысында – 2,4 мың, Қостанай облысында – 2,4 мың, Ақмола облысында – 1,6 мың, Ақтөбе облысында – 1,4 мың адам (2014).[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.