Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы Тельман атындағы ауылында туған) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Ермахан Ыбрайымов Атлантада және Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туұстаушы болды. Әкесі - Ыбрайымов Сағи (1937 жылы туған), фермер. Анасы - Ыбрайымова Жәмилә (1942 жылы туған), зейнеткер. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген (1999), заңгер.

  • 1993 жылдан - «Iтаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы.
  • 2003 жылдан - бокстан ҚР бас жаттықтырушысы.
  • 2007 жылдан бері - «Олимпиадалық дайындық орталығы» РМК директоры. Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице-президенті. Қазақстанның сан мәрте чемпионы; Әскер қатарындағылар арасындағы бірінші Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы (Рим, 1995); Азия чемпионы (1995); XXVI Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы қола жүлдегері (Атланта, 1996); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Будапешт, 1997); Азия ойындарының чемпионы (1998); Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Хьюстон, 1999); XXVII Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы чемпионы (Сидней, 2000); халықаралық турнирлер жеңімпазы (Филиппин, 1994); (Галле, Бангкок, 1998). КСРО спорт шебері (1988). Халықаралық класстағы спорт шебері. ҚР бокстан Еңбек сіңірген спорт шебері (2000). ҚР бокстан Еңбeк сіңірген жаттықтырушысы. I дәрежелі «Барыс» (2000) орденімен; «Ерен еңбегі үшін» (1996) медалімен марапатталған. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2000). «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атағын алған (2000).

1995 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

More information Кезең, Күні ...
75 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 05.06.1995 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 5:8 Мажарстан Zsolt Erdei
Close

Атлантадағы Олимпиада ойындары

More information Кезең, Күні ...
71 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 23.07.1996 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 15:4 Канада Nick Farrell
1/8 27.07.1996 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSC 1 Индонезия Hendrik Simangunsong
1/4 31.07.1996 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 19:9 Германия Markus Beyer
1/2 02.08.1996 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 19:28 Куба Alfredo Duvergel
Close

1997 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

More information Кезең, Күні ...
71 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 19.10.1997 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 10:1 Өзбекстан Ikrom Berdiev
1/8 21.10.1997 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSC 1 Болгария Emil Krastev
1/4 22.10.1997 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSC 4 Мысыр Mohamed Hikal
1/2 24.10.1997 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSCH 2 Түркия Ercument Aslan
Финал 26.10.1997 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 7:9 Куба Alfredo Duvergel
Close

1999 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

More information Кезең, Күні ...
71 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/8 22.08.1999 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSC 1 Германия Adnan Catic
1/4 24.08.1999 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 19:9 Италия Claudio Perugino
1/2 25.08.1999 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 11:12 Куба Jorge Gutierrez
Close

Сиднейдегі Олимпиада ойындары

More information Кезең, Күні ...
71 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 19.09.2000 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSCO 3 Сирия Youssif Massas
1/8 23.09.2000 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSCO 3 Венесуэла Hely Yanez
1/4 27.09.2000 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 16:9 Куба Juan Hernandez Sierra
1/2 29.09.2000 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSCO 4 Америка Құрама Штаттары Jermain Taylor
Финал 01.10.2000 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 25:23 Румыния Marian Simion
Close
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Толық есімі ...
Ермахан Ыбрайымов
Суреті
Жалпы мағлұмат
Толық есімі

Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов

Туған күні

1 қаңтар 1972 (1972-01-01) (52 жас)

Туған жері

Меркі кенті, Жамбыл облысы,  Қазақстан

Close
Quick Facts Марапаттар, Қазақстан ...
Марапаттар
Men's Boxing
 Қазақстан
Олимпиада ойындары
Қола Атланта 1996 Жартылай орташа салмақ
Алтын Сидней 2000 Жартылай орташа салмақ
Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
Күміс Будапешт 1997 Жартылай орташа салмақ
Қола Хьюстон 1999 Жартылай орташа салмақ
Азия ойындары
Алтын Бангкок 1998 Жартылай орташа салмақ
Close
Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов

Әскери атағы - майоры. Хоббиі - туризм.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.