From Wikipedia, the free encyclopedia
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) — [[метеорологиялық бақылаулар мен зерттеулерді дамыту бағытындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ұлттық ауа райын қадағалау қызметтерін үйлестіру мақсатын көздейтін ұйым.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым World Meteorological Organization | |
---|---|
[[Image:|250px]] | |
Қысқармасы | WMO |
Түрі | Халықаралық ұйым |
Заңды күйі | белсенді |
Орналасуы | Женева |
Ресми тілдері | Ағылшын тілі, Испан тілі, Орыс тілі, Француз тілі, Қытай тілі, Араб тілі |
Бас директор | Поптери Таалас[1] |
Президент | Герхард Адриан[2] |
1947 жылы БҰҰ жанынан құрылды. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым құрылғанға шейін оның қызметін Халықаралық метеорология ұйым (1871) атқарып келген. Қазір ұйымның 150 мүшесі бар. Жоғары органы — 4 жылда 1 рет шақырылатын Дүниежүзілік метеорология конгресі. Атқару кеңесі ұлттық метеорол. қызметтердің 24 директорынан тұрады және жылына 1 рет шақырылады. Ірі географиялық аудандардағы арнаулы қызметтерін 6 аймақтық ассоциация (Африка, Азия, Оңтүстік Америка, Солтүстік және Орталық Америка, Оңтүстік-батыс Тынық мұхиты, Еуропа) үйлестіріп отырады. Метеорология бақылауларды жасау және стандарттау, ақпараттар алмасу, ауа райын болжау, т.б. үрдістеріне байланысты техникалық мәселелерді тиімді шешіп отыру үшін арнаулы комиссиялар құрылған. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның тұрақты жұмыс істейтін хатшылығы Женевада (Швейцария) орналасқан. [3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.