From Wikipedia, the free encyclopedia
Алматы Менеджмент Университет (АлмаУ) — Алматыда орналасқан жоғары оқу орны. Бакалавриат, MBA (іскер әкімшілдік магистрі) және DBA (іскер әкімшілдік докторы) бағдарламалары бойынша экономика мамандарын дайындайды.
Алматы Менеджмент Университеті | |
Университет атауы | |
---|---|
Халықаралық атауы | Алматы Менеджмент Университет |
Бұрынғы атауы | Халықаралық бизнес академиясы |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1988 жылы |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Қазақстан, Алматы, Розыбақиев көш., 227 |
Әкімшілік | |
Ректоры | Курганбаева Гульмира |
Негізгі көрсеткіштер | |
Оқытушылар | 240 |
Студенттер | 3400 |
Сайты | www.almau.edu.kz |
өңдеу |
АлмаУ Қазақстанның алғашқы бизнес ЖОО-лардың бірі болып саналады. Бұл оқу орны 1988 жылы Алматы менеджерлер мектебі ретінде құрылып, 1996 жылы Халықаралық бизнес академияға айналды.
1988 жылдың күзінде Алматы қалалық атқару комитетінің қалауымен Союз республикалық кооперативтік бірлестігі құрылады. Бірлестіктің басшысы Леонид Соломин Баянғали Қойшыбаевпен бірге Қазақстанда алғашқы бизнес-мектебін құруға талаптанады[1]. 1988 жылдың 12 желтоқсанында Союз кооперативтік бірлестігі негізінде Алматы менеджерлер мектебі (АММ) ұйымдастырылады. Оның алғашқы тыңдаушылары партия райкомының мәжіліс залында бір ай оқуға мәжбүр болды. Бірінші кезеңде оқыту қысқа мерзімді курстар түрінде жүргізілді, оларға әдетте жоғары білімі бар адамдар қатысты[2][3].
1989 жылдың қазанында АММ директоры орнына Асылбек Қожахметов келді, ол осыған дейін бұл мектепте информатика пәнінің оқытушысы болды[1]. 1990 жылы АММ коллективі Халықаралық-бизнес мектептер ассоциациясын ұйымдастыруына қатысты. АММ директоры Асылбек Қожахметов бұл ассоциация кеңесінің мүшесі, сондай-ақ ТМД кәсіпкерлерін дайындайтын мектептер ассамблеясының мүшесі болып саналды[2][3].
1992 жылы мектеп MBA бағдарламасы мен басқарушы кадрларға арналған бағдарламаларды құру бойынша жұмысты жүзеге асыра бастады[2][4][5]. Сонымен АММ Қазақстанның білім беру нарығына MBA бағдарламасын бірінші болып ұсынған[6].
1994 жылы Қазақстанның экономика министрлігі Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен жүргізілген кәсіпорындарды консультациялау жобасын тендерге шығарды. Тендерге қатысқан алты батыс мекеменің ішінде бесеуі (Еуропалық менеджментті дамыту қоры, Лионның коммерция мектебі, т.б.) АММ-ды ең қолайлы ептеш ретінде атады[7]. 1995 жылдан бастап бұл оқу орны Алматы менеджмент мектебі деп аталатын болды[6].
1995 жылдың қазан айында американдық «People to People International» ұйымы табысты экономикалық құтаюы мен жаңа қалыптасатын нарықтық қатынастарда дамуы үшін Алматы менеджмент мектебін «Бирмингем факелі» құрметті сыйлығымен марапаттады[8][9][10].
1996 жылы мектеп тұсында «Адам ресурстарын басқару: стратегия мен практика» атты халықаралық конференция өткізілді. Оған дүниенің 15 мемлекетінен 100-ден астам делегат қатысты, солардың арасында экономика министрі Өмірзақ Шөкеев, Қазақстан Президентінің экономика сұрақтары бойынша кеңесшісі Алтай Тілеубердин, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бірінші хатшысы Онно Симонс, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Найджел Рингроуз және басқалар[11].
1996 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасы үкіметінің № 1387 қаулысымен Алматы менеджмент мектебі Халықаралық бизнес академияға айналды[12]. Дәл сол жылы MBA кешкілік бағдарламасының «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша өндірістен қол үзбей оқыту басталды[9].
1998 жылы Дүниежүзілік банктің Экономикалық даму институты 1998-2001 жылдарға арналған Орта Азия мемлекеттерінің экономикалық саясатын әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу базаны құру бағдарламасын жүзеге асыруға АлмаУ-ды серіктес ретінде шақырды[13].
1999 жылы АлмаУ канадалық Макгилл университетімен бірге «Кәсіби қаржылық диплом» атты финансистерді дайындау бағдарламасын іске қосуға келісті[14]. Сол жылы франциялық HEC Менеджмент жоғары мектебімен ынтымақтастық келісімін жасасып, «Кәсіби басқару мастері» бағдарламасына қабылдау жүргізеді[15].
2000 жылдың 14 қаңтарында Халықаралық бизнес академиясы жаңа ғимаратының (Абай даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында) ресми ашылуы өтті[16], оған Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының президенті, АлмаУ қамқоршылар кеңесінің төрағасы Дәулет Сембаев, Алматы әкімінің орынбасары Қозы-корпеш Жаңбыршин, дипломаттар мен бизнесмендер қатысты[17]. Бұл кезеңде АлмаУ құрамына экономика саласындағы 8 оқу орны кірген: Алматы менеджмент мектебі, Алматы банкілік оқыту орталығы, «CISKO» желілік пен телебайланыс технологиялар бойынша оқу орталығы, McGill — АММ менеджерлер институты, Экономика мен қаржы институты, Қазақстан маркетинг және менеджмент институты, бизнес-класс, «Өз бизнесіңді бастап, жетілдіре біл» бағдарламасы[18].
2000 жылдың шілде айында АлмаУ «Филип Моррис Қазақстан» ААҚ-тан компьютерлерді сатып алуға мүмкіншілік беретін грантты иеленді[19][20].
2000 жылы академияда жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы енгізілді[21].
2002 жылы Еуропалық сапа арттыру жүйесі (EQUIS) критерийлерінің негізінде жүргізілген қоғамдық аккредитацияға Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан 65 жоғары оқу орны қатысып, оның 4-уі ғана өтті. Солардың ішінде АлмаУ да болды[22][23].
2002 жылдың аяғында Республикалық сапа ассоциациясы өткізген «XXI ғасырға — жалпыға бірдей сапамен!» байқауында үздік басқару жүйесі үшін академия «Білім беру» номинациясының жеңімпазы атанды[24][25][26].
2003 жылы академия HEC Менеджмент жоғары мектебі (Франция) және Лёвен менеджмент мектебімен (Бельгия) бірге International Executive MBA (IE MBA) бағдарламасын құрастырды. Ол 1999 жылдан бері істейтін «Кәсіби басқару мастері» біржылдық бағдарламасының жалғасы болып саналады[27][28][29].
2003 жылы АлмаУ-дың Астанадағы өкілдігі ашылды, онда MBA бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі, корпоративтік семинарлар мен тренингтер өтеді, консультациялық қызмет беріледі[30].
2003 жылдың шілдесінде АлмаУ базасында Қазақстан-Еуропалық университеттерді стратегиялық басқару орталығы құрылды, оның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Еуропалық менеджмент дамыту қоры, Қазақстан жоғары оқу орындарының ассоциациясы, Қазақстан кәсіби білім беру мекемелердің ассоциациясы, Орталық Азия менеджмент дамыту қоры (CAMAN)[31][32][33][34][35].
«National Business» жорналы 2003 жылы жасаған рейтингке сәйкес, Қазақстанда MBA бағдарламасымен оқытатын бизнес мектептердің ішінде Халықаралық бизнес академиясы ҚМЭБИ пен UIB-ні озып бірінші орынға ие болды[36][37].
2009 жылы АлмаУ президент-ректоры Асылбек Қожахметов «ЖОО-лар атынан ауыл мектептеріне демеу» атты бағдарламаны ұсынды; бұл бастама бойынша Қазақстандағы 144 жоғары оқу орнының әрқайсысына 200 ауыл ауданның ішіндегі біреуін қамқорлыққа алуы тапсырылды. АлмаУ Айыртау ауданының (Солтүстік Қазақстан облысы) білім беру мекемелері үшін қамқоршы болуды таңдады. Бағдарлама бойынша Айыртау ауданы орта мектептерінің мұғалімдері біліктілік көтеру үшін көктемгі мен күзгі демалыстар кезінде Алматыға ақы төлеусіз шақырылды[38][39][40][41].
2009 жылдан бастап АлмаУ жариялаған «ЗачОТ» республикалық байқауы бойынша жыл сайын Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті тақырыптарды ең жақсы айқындайтын 20-дан астам журналистер мен БАҚ-тар сыйлықтармен марапатталады[42][43].
2009 жылдың күзінде «Даму» қоры өткізген «Бизнес-кеңесші» атты жеке кәсіпкерлерге тегін оқу-әдістемелік көмек көрсету жобасы бойынша АлмаУ оқытушылары «Экспресс-курс предпринимательства» оқулығын шығарды[44][45].
2010 жылдың маусымынан бастап АлмаУ Business Education Teachers Academy (BETA) халықаралық жазғы сессиясын өткізеді, бұл Қазақстан мен шетелдік ЖОО-лар педагогтарының тұлғалық өркендеуіне және олардың кәсіби дағдыларының дамуына бағытталған шара[46][47].
2010 жылдан бастап академия «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық лагерін ұйымдастырмақшы болды, бұл жоба қазақ тілін сәйкес тілдік пен мәдени ортаға енгізу арқылы оқытуды көздейді. 2010 жылдың жазында ауыл-лагердің бірінші қатысушылары 83 адам болды, олар — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына енетін компаниялардың бастықтары мен мамандары[48]. 2011 жылы «Ұлытау» лагеріне тағы 60 адам қатысты.
2010 жылы Халықаралық бизнес академиясы Батыс Қазақстанда (Атырау) өз өкілдігін ашты.
2011 жылдың күзінен бастап академия мүмкіншіліктері шектеулі (тіреу-қозғалыс аппараты және көру қабілеті зақымдалған) студенттер мен тыңдаушыларды қабылдай алатын Қазақстанның алғашқы жеке меншікті ЖОО-сы болды, бұл үшін оқу корпусында арнайы дәретханалар, пандустар және лифт жайғастырылған[49].
Халықаралық бизнес академиясында үздіксіз білім беру процессі жүзеге асырылады, ол келесі бағдарламаларды қамтиды:
2009 жылы құрылған АлмаУ колледжі 7 техникалық пен кәсіби мамандық бойынша дайындау жүргізеді: маркетинг, менеджмент, есеп пен аудит, қаржы, информациялық жүйелер, экономика және бағалау[50].
АлмаУ-дың жоғары кәсіби білім беру департаменті бакалаврларды келесі бағыттар бойынша дайындайды: экономика, менеджмент, есеп пен аудит, қаржы, маркетинг, мейрамхана ісі мен қонақ үй ісі, бағалау, логистика, информациялық жүйелер[51].
Академияның МВА департаменті келесі білім беру қызметтерін көрсетеді[52]:
Халықаралық бизнес академиясы Еуропалық Одақ пен АСЕАН мемлекеттерінің жетекші бизнес мектептерімен жаңа бірлескен бағдарламаларын ашуды тағы жоспарлайды.[52].
Академияның DBA бағдарламасы барынша жеке қатысушының талаптарына келтірілген, тыңдаушылар әралуан негізгі және арнайы курс модульдерінен тұратын оқу бағдарламасының вариантын құрастыра алады. Оқыту дәрісханада топтар арасында, жеке түрде ғылыми жетекшінің тәлімгерлігімен және дербес түрде оқытушының қатысуынсыз таңдалған оқу мен ғылыми-зерттеу бағыты бойынша жүргізіледі. Ресей Федерациясының Президенті қарамағындағы Ресейлік халық шаруашылық пен мемлекеттік қызмет академиясымен және Маастрихт менеджмент мектебімен бірге бірлескен бағдарламалар жүзеге асырылады[53].
2001 жылдан бастап академияда «Молодые акулы бизнеса» атты ғылыми-практикалық конференция өткізіледі, 2007 жылдан бері ол халықаралық статусты иеленді. Конференцияның ұйымдастырушылары Халықаралық бизнес академиясы және «Dixi!» студенттік ғылыми қоғамы болып табылады[54][55][56].
2001 жылдан бастап академияда студенттік совет жұмыс істейді[57], оның басқарма мүшелері студенттердің дауыс беруі арқылы сайланады[58].
2003 жылдан бастап АлмаУ студенттерінің алдылары жылда өтетін «Алтын ұлу» байқауының 10 номинациясы бойынша марапатталып, жеңімпаздарына оқу төлемінің 10—60% мөлшеріндегі жеңілдік беріледі[59][60][61][62].
АлмаУ студенттері Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент қоры ұйымдастырған «Жастар ғылымда — 2010» II халықаралық форумының үздік ғылыми жұмыс бойынша республикалық байқауларында жеңімпаздар қатарына енді[63]. Сондай-ақ академия студенттері халықаралық, республикалық, қалалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады[64][65].
Жылма-жыл АлмаУ-да студенттерге арналған әртүрлі байқаулар өткізіледі: «Бизнес-сафари» мен «Бизнес-инкубатор» бәйгелері бойынша ең таңдаулы бизнес-жобалар ұсынған студенттер белгіленеді[66][67], Не? Қайда? Қашан? және брейн-ринг интеллектуалды ойындары өткізіледі[68]. АлмаУ-дың Мансапты жоспарлау орталығы академия студенттерін жұмысқа орналастыру мақсатымен жүйелі түрде вакансия жәрмеңкелерін өткізіп, серіктес компаниялармен алғашқы таныстыруды ұсынады[69].
Академияда «Primus inter pares» атты студенттік газеті шығарылады, ал 2010 жылы студенттердің бастауымен және «Сорос-Қазақстан Қоры» қолдауымен АлмаУ-да I студенттік БАҚ-тар ұлттық форумы өтті[70].
Академияда жылда «Мистер және мисс АлмаУ» байқауы өткізіледі[71], сондай-ақ табиғат аясына шығулар[72], тақырыптық кештер және басқа да бой жаратын шаралар ұйымдастырылады[73][74][75][76], КВН топтары өнер көрсетеді[77].
Халықаралық бизнес академиясы Алматыда аумағы 8732,1 м² ғимаратта орналасқан, бұған қоса аумағы 1024 м² спорттық комплексі, 250 автомобилді сыйдыратын тұрақ, 190 орынға арналған асханасы бар. АлмаУ ғимараты мүмкіншіліктері шектелген студенттер мен тыңдаушыларға техникалық түрде бейімделген, атап айтқанда тіреу-қозғалыс аппараты зақымдалған адамдар үшін оқу корпусында ыңғайлы дәретханалар, пандустар және арнайы лифт орнатылған[49].
Оқу орнының кітапханасы 1996 жылы қалыптастырылған, оның бірінші пайдаланушылары Алматы менеджмент мектебінің тыңдаушылары болған. 1997 жылы кітапхана «Еуразия» қорынан грант ұтып алды, «Кітапхана мен оқу залын дамыту» жобасы бойынша грант сомасы техникамен жабдықтауға, кітапханалық қорды керекті әдебиетпен толықтыруға және Интернетке кіру мүмкіншілігін қамтамасыз етуге бағытталғын болатын. 2001 жылы «Кітап қорын қалыптастыру және кітапхананы дамыту» жобасы бойынша берілген грант кітаптар қорының одан арғы дамуына, сондай-ақ кітапхана процестеріне «ИРБИС» бағдарламасын енгізу арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға жұмсалды. АлмаУ кітапханасы Қазақстан кітапханалардың информациялық консорциумының мүшесі болып табылады[78]. Кітапханалық қор 203 мыңға жуық кітапты қамтиды.
2009 жылдың 4 желтоқсанында Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың, әйгілі қазақстандық спортшылардың, әртістердің, БАҚ өкілдерінің, АлмаУ студенттері мен қызметкерлерінің қатысуымен академияның жаңа спорттық комплексі мен клубының салтанатты ашылуы өтті. Рәсімге Олимпиялық ойындарының грек-рим күpeci бойынша чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, жеңіл атлетиканың олимпиялық чемпионы Ольга Шишигина, грек-рим күресінің жастар арасындағы әлем чемпионы және Олимпиялық ойындарының қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, Қазақстан Футбол Федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов және басқалар қатысты[79].
Қазіргі уақытта Алматы Менеджмент Университетінің ректоры Курганбаева Гульмира болып табылады. 2008 жылдан - 2016 жылға дейін Алматы Менеджмент Университетінің ректоры Асылбек Қожахметов болған. Ол 1989 жылдың қаңтарынан бері Алматы менеджерлер мектебінің оқытушылары қатарында болды, сол жылдың қазан айынан бастап «Одақ» республикалық кооперативтік бірлестігінің менеджерлер мектеп директоры болып істеді, 1990 жылдан бері — «Алматы менеджерлер мектебі» ұсақ бірлескен кәсіпорнының директоры, 1992 жылдан бері — «Алматы менеджерлер мектебі» ЖШС-тің бас директоры, 1998 бен 2002 жылдар арасында — Халықаралық бизнес академиясының президенті[91].
Қаржылық пен информациялық демеу қамтамасыздандыру, материалдық-техникалық база мен қоғамдық инфраструктураны нығайту, стратегиялық даму сұрақтарын әзірлеу мен шешу, оқу орны ұжымының мен студенттерінің тұлғалық өркендеуіне мүмкіндік туғызу мақсаттарымен 2009 жылдың желтоқсанында академияда АлмаУ қамқоршыларының кеңесі құрылды. Кеңестің төрағасы болып Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті, «Парасат Холдинг» АҚ-ның директорлар кеңесі басқарушысы Ерлан Қожасбай сайланды. Қамқоршылар кеңесіне сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушысы Серік Аханов, Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, Қазақстан президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлері форумының кеңес төрағасы, «Raimbek Group» компаниясының басқарушысы Райымбек Баталов, Astana group ЖШС-тің президенті Нұрлан Смағұлов, «Қазкоммерцбанк» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басқарушысы, Қазақстан Үкіметінің экс-вице-премьері Дәулет Сембаев, Қазақстан экономистерінің ассоциациясы қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басқарушысы, Қазақстан Үкіметінің экс-вице-премьері, қаржының экс-министрі Ораз Жандосов және басқа да әйгілі экономистер мен кәсіпкерлер[92][93].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.