From Wikipedia, the free encyclopedia
Албания туы (алб. Flamuri i Shqipërisë) — қызыл түсті тудың ортасында екібасты қара бүркіт бейнеленген Балқан түбегінде орналасқан Албания Республикасының мемлекеттік туы.
Бүркіт бейнесі орта ғасырдың соңына қарай албаниялық дворян жанұяларының(Скандербег өз туында қолданған) және албандардың нышаны болды.[1] Кастриотидың елтаңбасындағы бүркіт бейнесі оның Османлы империясына қарсы көтерілісінде танымал болды.Осы көтерілістің арқасында Албанияның кейбір жерлері 1443-1478 жылдар аралығында тәуелсіз болды.Екібасты бүркіт бейнесі Шығыс Рим империясының(соның ішінде Палеологи династиясының) эмблемасан алынған болатын.[2] [3]
Екібасты бүркіттің бейнесі тәуелсіздікті аңсаған албан ұлтшылдарының 19 ғ. соңы мен 20 ғ. басында Османлы империясыға қарсы жорығында қайта көрінеді.[2] 1912 жылдың 28 қарашасында Влёра қаласында Албания Тәуелсіздік Декларациясы қабылданып, Исмаил Кемел көтерген ту жаңа ұлттың символы болып қабылданды.
Албания туына бірнеше жыл бойына көптеген өзгертілер енгізілді. Зогу патша басқарған жылдары(1928–1939) туға тәж бейнесі қосылды, ал Албаниядағы Италия басқыншылығы кезінде тәж екі шандырға алмастырылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін коммунистік тәртіп туға бес бұрышты жұлдызды қосұан болатын, ал 1992 жылдың 7 сәуірінде Албанияда коммунист үкімет құлағаннан кейін ғана жұлдыз тудан алынды.[1]
Албанияның теңіз тулары — теңіз сауда флотының және әскери-теңіз флотының тулары мемлекеттік тудан өзгеше болып келеді.Сауда флотының туы қызыл, қара және қызыл көлденең жолақтардын тұрады.Ал әскери-теңіз флотының туы мемлекеттік туға ұқсақ, алайда бүркіт ақ түсті туда бейнеленген, және тудың төменгі жағы қызыл жолақтан тұрады.
Тудағы екібасты бүркіт 1995 және 2000 жылдар аралығында шыққан бес албаниялық лек тиынының сырт жағында бейнеленген болатын.[4]
1969 жылдан бастап Албанияның туы Косовода кеңінен бейресми желбіреді.[5] Бұл 1990 жылдардағы мойындалмаған Косовоның рәмізі болатын.Қазіргі таңда Косово басқа рәмізді қолданады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.