From Wikipedia, the free encyclopedia
Азия Даму Банкі - Халықаралық қаржы мекемесі. Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеуметтік комиссиясының шешімімен Азия және Тынық мұхит елдері үшін 1966 ж. желтоқсанда құрылды. Ол өз қызметін 1968 ж. бастады. Қазір оған 56 мемлекет мүше, оның 39-ы Азия — Тынық мұхит аймағының (АТА) өкілі, ал қалған 16-сы бұл аймақтан тысқары елдер. Банкінің саясатын айқындайтын жоғары органы — Басқарушылар кеңесі. Банк операцияларының бағыттарына 12 директордан құрылған Директорлар кеңесі жауап береді. Әр директордың орынбасары бар. Директорлардың 8-і Азия — Тынық мұхит аймағының (АТА) елдерінің өкіддері (1998). Банк президентін Басқарушылар кеңесі 5 жылға сайлайды. Ол Директорлар кеңесінің төрағасы болып есептеледі және банк қызметін басқарады. Азия даму банкінің президенті Жапония өкілінен сайланады. Штаб-пәтері Манилада (Филиппин) орналасқан. Банк Бангладеште, Индонезияда, Үндістанда, Непалда, Пәкістанда, Америка Құрама Штатта өзінің тұрақты өкілдерін ұстайды.
Банктің уставтық капиталы - 55 млрд долл. шамасы.
Бас кеңсесі - Манилада (Филлиппин)
Банкті Президенті 28 сәуір 2013 жылдан жапон Такэхико Накао басқарады.
Басқару органы - мүше елдердің өкілдер советі ме басқармасы (директорат). Мәселенің қайсысы болса да 20 %-і мүше елдерге тепе-тең бөлінеді, ал қалған 80 %-і банктің уставтық капиталына әр елдің қатысу үлесіне қарай теңестіріледі.
Дамушы елдердің экономикалық даму бағдарламаларын қаржыландыру, олардың сыртқы саудасына жәрдем беру, қаржылай, техникалық және экономикалық көмек көрсету. Банк бұл елдердің қажетін өтеу мақсатында жеңілдікпен берілетін несиелік операциялар жүргізу ісіне Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Америка мемлекеттерінің ресурстарын жұмылдыруда маңызды рөл атқарады. Банкінің негізгі қызметі — Азия-Тынық мұхит аумағының(АТА) елдеріне экономикалық өсу мен ынтымақтастық қарым-қатынасты жеделдету мақсатына көмек беру. Банк қарыз берудің екі түрін қолданады: бүкіл несие қорының 68,8 пайызы әдеттегі қарыз, ал қалғаны Азия даму қорынан дамушы кедей елдерге үлкен жеңілдікпен беріледі.
Қазақстан банкке мүшелікке 1994 ж. 19-қаңтарда қабылданды. Қазақстандағы зейнеткерлік реформаны қолдауға және ауыл шаруышылығын дамытуға қомақты несие бөлінді (1998)
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.