From Wikipedia, the free encyclopedia
Қытай (ресми — Қытай Халық Республикасы, қысқартылған — ҚХР; қыт. дәст. 中華人民共和國, жеңілд. 中华人民共和国, пиньинь: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó, палл.: Чжунхуа Жэньминь Гунхэго) — Азия құрлығында орналасқан ірі социалистік мемлекет. Халық саны бойынша әлемдегі 2-ші мемлекет (1,4 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлар); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеп жатыр. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бірпартиялық, авторитарлық елдер қатарына жатқызылады.
Қытай Халық Республикасы қыт. 中华人民共和国 (Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó) | |||||
| |||||
Әнұран: «Еріктілер маршы» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | 1 қазан 1949 жыл | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | Қытай тілі[1][2], сонымен қатар автономия ішіндегі басқы халықтар тілі | ||||
Елорда | Бейжің | ||||
Ірі қалалары | Шанхай, Бейжің, Чунцин, Гуанчжоу, Чэнду, Тяньцзинь, Шэньчжень, Харбин, Нанкин, Лхаса, Гонконг, Тайбэй[3] | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы бірпартиялық социалистік республика | ||||
Төрағасы Мемлекеттік кеңес төрағасы БХӨЖ төрағасы ХСКК төрағасы Бірінші вице-премьер |
Си Цзиньпин[4][5] Ли Цян Ли Чжаньшу Ван Ян Ван Цишань | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет (де-юре) атеизм (де-факто) | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 3-ші орын 9 596 961 км² 2,8 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2010) • Тығыздығы |
▲ 1 403 500 365 адам (1-ші) 1 339 724 852 адам 145[6] адам/км² (83-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
27,331 трлн.[7] $ (1-ші) 19,520[7] $ (73-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
14,216 трлн.[7] $ (2-ші) 10,153[7] $ (67-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,752[8] (жоғары) (86-шы) | ||||
Этнохороним | қытайлар, қытайлықтар | ||||
Валютасы | Юань | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .cn, .中国, .中國, .公司, .网络 | ||||
ISO коды | CNY | ||||
ХОК коды | CHN | ||||
Телефон коды | +86 | ||||
Уақыт белдеулері | +8 |
14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мьянма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Вьетнам.
Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны — қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.
Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті — әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті.
Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, циклдық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.
Қытай тарих ғылымында қабылданған қысқа реттік кесте
Жылдар | Мемлекет (әулет) |
---|---|
Біздің заманымызға дейін | |
б.з.д. 2357. — б.з.д. 2255 | Аты аңызға айналған Яо билеуші |
б.з.д. 2255 — б.з.д. 2205 | Аты аңызға айналған Шунь билеуші |
б.з.д. 2205 — б.з.д. 1766 | Аты аңызға айналған Ся әулеті |
б.з.д. 1766 — б.з.д. 1122 | Аты аңызға айналған Шан-Инь әулеті |
б.з.д. 1122 — б.з.д. 247 | Чжоу әулетінің дәстүрлі мерзімдері |
б.з.д. 246 — б.з.д. 207 | Цинь әулетінің дәстүрлі мерзімдері |
б.з.д. 206 — б.з.д. 220 | Хань әулетінің дәстүрлі мерзімдері (Батыс Хань: б. з. д. 206 — 25, Шығыс Хань: 25 — 220) |
Біздің заманымыз | |
220 — 264 | Вэй әулеті |
265 — 420 | Цзинь әулеті (Батыс Цзинь: 265 — 316, Шығыс Цзинь: 317 — 420) |
420 — 479 | Сун әулеті |
479 — 501 | Ци әулеті |
502 — 556 | Лян әулеті |
557 — 588 | Чэнь әулеті |
589 — 618 | Суй әулеті |
618 — 907 | Тан әулеті |
907 — 959 | Бес әулеттің заманы |
960 — 1279 | Сун әулеті |
1280 — 1368 | Юань әулеті (моңғол) |
1368 — 1644 | Мин әулеті |
1644 — 1911 | Цин әулеті (манчжур) |
1912 — 1949 | Қытай мемлекеті |
1949 ж. 30 қыркүйегі | Қытай Халық Республикасы |
1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын коллективизацияландыру жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды.
1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Цзедун идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «коммунизацияландырумен» аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т.б.)
Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны): жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды.
Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салған Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен 1990 жылдың басында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтудың дамуын, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мәселесін шешті.
Бұл түбегейлі жаңартуларды одан кейін келген Цзян Цземин мен Ху Дзинтао жалғастырды.
2002-2005 жылдары Ху Цзинтао(қыт. 胡锦涛) өзінің қолына жоғары партиялық, мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы төрағасы, ҚХР председателі, ҚХБА бас қолбасшысы).
ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары — 10,3%, 1998-2001 жылдары — 10%, 2002-2005 жылдары — 9% құрады.
ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп жатыр[9]. Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд доллардан асып кетті.
Бірақ та Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда.
Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтану үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік ықпалды шектеді.
2005 жылдың қазан айында ең ірі ұялы байланыс операторларының қызметін мемлекеттік бақылауға алу науқаны басталды. Жаппай сыбайластығы үшін жиі сыналатын Гуандун провинциясында партиялық және мемлекеттік басшылықты соттау басталды.
ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында «Қытайда үйлесімді қоғамды құруды стратегиялық мақсат ететін» 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады.
2006 жылдың 5 наурызында ВСНП кезекті отырысында бағдарламалық баяндамамен Вэнь Цзябао шығып, елдің экономикалық өсуін тежеуді, ал босатылған ақшаны шаруалардың өмір деңгейін көтерумен қатар, әскери шығындарды өсіруді ұсынды.
Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7,5%-ға тежеуді жоспарлауда. Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы өмір деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен 900 млн., немесе халықтың 75%-ы). ҚХР-да «түрлі-түсті революцияның» алдын алу мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд юань жұмсау көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп).
Әскери шығындар да көбейеді. Ресми әскери қаражат 2006 жылы 14,7%-ға көбейіп, 284 млрд юаньды құрайды (35,5 млрд доллар). Жоспарланып отырған ауыл шаруашылыққа және әскерге жұмсалатын қаржының көбеюі жағажайдағы бай провинцияларды пайдаланады.
Сондықтан, бұл саясаттың өткізілуі бұрынғы басқарушы Цзян Цзэмин шыққан Шанхай тайпасының қарсы әрекетіне кезігуі мүмкін.
1949 жылдың желтоқсанында ҚХР құрылғалы елде төрт Конституция қабылданды(1954, 1975, 1978 и 1982). Қытай Халық Республикасының Конституциясы бойынша (1982 жылдың желтоқсаны), ҚХР — халықтың демократиялық өктемдігі бар социалистік мемлекет.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы — жергілікті жиналыста 5 жылға сайланатын халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір палаталы Бүкіл Қытай халық қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ). БҚХҚЖ сессиясы жыл сайынғы тәртіппен шақырылады.
Депутаттардың санының көптігінен БҚХҚЖ функцияларын сессия мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты комитет атқарады (шамамен 150 адам).
Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы мен Халықтың саяси кеңес Советіне кіретін сегіз демократиялық партия қатысады.
Гонконгта және Макаода өз заң шығару жүйелері бар.
БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер және демократтар блогінен тұрады.
Қытай мен Азия, Африка, Латын Америкасы мемлекеттері арасындағы эконмикалық қатынасы сыртқы сауда және көмек салаларына байланысты жүзеге асады. Экономикалық қатынастарда қытайлық ықпалды азшылықтары бар бұл елдерде (бұл ел алдымен Оңтүстік Шығыс Азия елдері) пекин, осы азшылықтардың экспедициялық элементтеріне саяси тұрғыдан қолдау көрсетуге және олардың кәсіпкерлік мүмкіншіліктерін Қытайдың көрсетілген елдерде экономикалық және саяси қатысуын және өзінің эксплуаттарылық кірістерін кеңейту үшін қолдануға ұмтылады.
ҚХР және шетелдік Қытай буржуазиясы бөлігі арасындағы ерекше қатынастар нәтижесінің бірі Қытай экономикалық негізі жоқ және дамушы елдердің экономика үшін орнын толтырмайтын тауарлы және қаржылы аударылымдар болды. Қытай дамушы елдермен экономикалық байланыс облысында Қытай басшылығының «теориялық» құрылуы.
Қытай басшылығы өзінің сыртқы саяси жаспарларында дамушы елдердің экономикалық бағынуына маңызды орын бөледі. Осы мақсаттарда Пекин оларға экономикалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстарының концепциясын байланыстыруға тырысады. Осылай бола тұра «өз көршіне сүйену» деген модификацияланған концепциясы насихатына қытайдың дамушы социалисттік ел рольіне әрекеттенуіне және бұл ерекше характерден шығатын оның дамушы елдермен экономикалық баланысына басты орын беріледі.
Маоизмтар ұлттық көзқарастардан және Қытай экономикасы үшін социалисттік елдердің интерпоционолдық көмегіне сүйене отрып «өз күшіне сүйену» концепциясында бейнеленген халықаралық еңбектің бөлінуінде қатысуының мақсаттың сәйкестілігін жоққа шығарады. Бұл концепция Қытайдың экономикалық дамуына үлкен зиян тигізеді. Әлемдік шаруашылық байланыста ғылыми – техникалық революцияда. Социалисттік экономикалық потенциялының өсуінде және социалисттік носондар бойынша Қытай дүниежүзілік сүйену 3 шаруашылықпен айналасу.
Халықаралық күш салу бәсеңділіктері дамуына елдер үшін, алахронизм болып табылады. Жеткілікті ғылыми техникалық потенциялдары бар және экономикалық құрылу қажеттіліктері үшін сыртқы ресурстарды бірқалыпты жұмылдыруға мұқият елдер, ең бірінші социалисттік елдермен және шетелдермен экономикалық байланыстарды шарты бойынша ұлттық экономикалық деңгейді қазіргі уақыттағы талаптарға сай көтере алады. Маонистік доктринаның ауқатсыздығы «өз күшіне сүйену» теориясы дамушы елдерге байланыстыра отырып шығады және маонистерді өздері Қытайдың сыртқы экономикалық қатынастары практикасында оның ережелерінен аймақтады. Қытай «тор» модернизациясы программасын жүзеге асыру барысында «Батыс монополиясы үшін экономикалық есігін біртіндеп ашады.
Қазір Пекин «өз күшіне сүйену» маонисттік доктринасының банкротқа ұшырауынынң куәчі болатын, Қытай территориясында аралас кәсіпкерлікер шығаруды ұсынады. Қытайлық өкіл 1974 жылы 1 сәуірде БҰҰ басты Ассемблеясының ҮІ арнайы сессиясында «өз күшіне сүйену» біраз түзетілген баяндамасын берді. Ол сонымен қатар «өз күшіне сүйену» шетелдік кенеттен бас тарту немесе «тұйықтық» дегенді білдірмейді деді. Біз бір – бірінің орнан толтырушылық, бір – біріне пайдалылық және мемлекеттің суверенитеті сыйлау негізіндегі экономикалық және технолгиялық алмасуды, әртүрлі елдердің ұлтты экономикасының дамуына пайдалы және ажет деп ойлаймын.
Пекин халықаралық экономикалық қатынас практикасында ешқандай сипттары және өнегелері жоқ Қытайдың дамушы елдермен сыртқы экономикалық байланысын қатынастардағы жаңа үлгі ретінде көрсетуге тырысады. Соңғы 20 – 25 жылда Қытай экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды. Негізгі сауда серіктесі – Жапония, онан кейін АҚШ пен Оңтүстік Корея.
Шетел инвестициясын тартудан Қытай АҚШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 жылы 1 шілдеде ҚХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Оған арнайы әкімшілік аудан мәртебесі берілді. Сянганның қосылуы Қытай экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орталығы болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан.
Өлке | Қытайдағы қазақша атауы | (пінин) | (қыт.) | Әкімшілік орталық | (пінин) |
---|---|---|---|---|---|
Аньхой | انحۇي ولكەسى Анхұй өлкесі |
Anhui | 安徽 | Хэфэй | Hefei |
Фуцзянь | فۋجيان ولكەسى Фужян өлкесі |
Fujian | 福建 | Фучжоу | Fuzhou |
Ганьсу | گانسۋ ولكەسى Гәнсу өлкесі |
Gansu | 甘肃 | Ланьчжоу | Lanzhou |
Гуандун | گۋاڭدۇڭ ولكەسى Гуәңдұң өлкесі |
Guangdong | 广东 | Гуанчжоу | Guangzhou |
Гуйчжоу | گۇيجوۋ ولكەسى Гүйжоу өлкесі |
Guizhou | 贵州 | Гуйян | Guiyang |
Хайнань | حاينان ولكەسى Хайнан өлкесі |
Hainan | 海南 | Хайкоу | Haikou |
Хэбэй | حىبەي ولكەسى Хыбей өлкесі |
Hebei | 河北 | Шицзячжуан | Shijiazhuang |
Хэйлунцзян | حەيلوڭجياڭ ولكەسى Хейлонжяң өлкесі |
Heilongjiang | 黑龙江 | Харбин | Harbin |
Хэнань | حىنان ولكەسى Хынан өлкесі |
Henan | 河南 | Чжэнчжоу | Zhengzhou |
Хубэй | حۋبەي ولكەسى Хубэй өлкесі |
Hubei | 湖北 | Ухань | Wuhan |
Хунань | حۋنان ولكەسى Хунан өлкесі |
Hunan | 湖南 | Чанша | Changsha |
Цзянсу | جياڭسۋ ولكەسى Жяңсу өлкесі |
Jiangsu | 江苏 | Нанкин | Nanjing |
Цзянси | جياڭشي ولكەسى Жяңши өлкесі |
Jiangxi | 江西 | Наньчан | Nanchang |
Цзилинь | جيلين ولكەسى Жилин өлкесі |
Jilin | 吉林 | Чанчунь | Changchun |
Ляонин | لياۋنىڭ ولكەسى Ляуниң өлкесі |
Liaoning | 辽宁 | Шэньян | Shenyang |
Цинхай | چيڭحاي ولكەسى Чинхай өлкесі |
Qinghai | 青海 | Синин | Xining |
Шэньси | شەنسي ولكەسى Шенси өлкесі |
Shaanxi | 陕西 | Тайюань | Taiyuan |
Шаньдун | شاندۇڭ ولكەسى Шандұң өлкесі |
Shandong | 山东 | Цзинань | Jinan |
Шаньси | شانسي ولكەسى Шанси өлкесі |
Shanxi | 山西 | Сиань | Xi’an |
Сычуань | سىچۋان ولكەسى Сычуан өлкесі |
Sichuan | 四川 | Чэнду | Chengdu |
Юньнань | يۇننان ولكەسى Йүннан өлкесі |
Yunnan | 云南 | Куньмин | Kunming |
Чжэцзян | جىجياڭ ولكەسى Жыжяң өлкесі |
Zhejiang | 浙江 | Ханчжоу | Hangzhou |
Тайвань | تايۋان ولكەسى Тайуан өлкесі |
Taiwan | 台湾 | Тайбэй | Taipei |
Автономиялық өлке | Қытайдағы қазақша атауы | (пиньинь) | (қыт.) | Әкімшілік орталық | (пиньинь) |
---|---|---|---|---|---|
Гуанси-Чжуан автономиялық өлкесі | گۋاڭشي جۋاڭزۋ اۆتونوميالىق رايونى Гуаңши жуаңзу автономиялық раёны |
Guangxi | 广西 | Наньнин | Nanning |
Ішкі Моңғолия | ىشكى موڭعۇل اۆتونوميالىق رايونى Ішкі Моңғол автономиялық раёны |
Inner Mongolia | 内蒙古 | Хух-Хото | Hohhot |
Нинся-Хуэй | نيڭشيا حۇيزۋ اۆتونوميالىق رايونى Ниңшя хұйзу автономиялық раёны |
Ningxia | 宁夏 | Иньчуань | Yinchuan |
Шыңжаң Ұйғыр | شينجياڭ ۇيعۇر اۆتونوميالىق رايونى Шынжяң Ұйғыр автономиялық раёны |
Xinjiang | 新疆 | Үрімжі | Urumqi |
Тибет | شيزاڭ اۆتونوميالىق رايونى Шизаң автономиялық раёны |
Tibet | 西藏 | Лхаса | Lhasa |
Аудан | Қытайдағы қазақша атауы | (пиньинь) | (қыт.) |
---|---|---|---|
Гонконг (Сянган) | شياڭگاڭ ەرەكشە اكىمشىلىك رايونى Шяңгаң ерешке әкімшілік раёны |
Hong Kong (Xianggang) | 香港 |
Макао (Аомынь) | اۋمىن ەرەكشە اكىمشىلىك رايونى Аумын ерешке әкімшілік раёны |
Macau (Àomén) | 澳门 |
Тайвань – Шығыс Қытай теңізіндегі арал. Жер аумағы 35961 квадрат километр. Халқы – 22 миллион (1998). Әкімшілік орталығы – Тайбэй (2,7 миллионнан астам). Халқының 97%-ы қытайлар. (қытайлық деген қазақстандық деген сияқты, ал ондай ұлт өмірде жоқ, сондықтан "ҚЫТАЙЛАР" болады)
1949 жылы ҚКП-дан жеңілген Чан-Кайши өкіметі Тайвань аралына көшті. 1950 жылы өзара келісім арқылы аралға АҚШ-тың 7-флоты кіргізіліп, одақтастық шарт жасалды. Қытай Тайвань аралын өзінің бір бөлшегі деп санайды әрі онымен «бір мемлекет, екі жүйе» принципі бойынша бірігуді ұсынып отыр. Ал Тайвань «бір ел, екі үкімет» принципі бойынша бірігуді қалайды. Жалпы Тайваньды әлемнің көпшілік елдері (соның ішінде Қазақстан) жеке мемлекет емес, Қытайдың бір бөлшегі деп есептейді. Әрі онымен дипломатиялық байланыстар жасамайды.
Тайвань жеке мемлекет ретінде АҚШ-тың әскери көмегі арқасында ғана өмір сүріп отыр. Олардың одағын Жапония қолдайды. Тайвань 2-дүниежүзілік соғыстан кейін өте жоғары қарқынмен дамып, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты аса дамыған елдердің қатарына кірді. 1997 жылы есеп бойынша елдің ішкі өнімі – 290 миллиард доллардан астам, кісі басына шаққанда – 13,3 мың долларға жеткен. Импортқа аса ірі мөлшерде компьютерлер, электронды тұрмыс тауарлары, киім-кешек, химия өнімдерін шығарады.[10]
Қытай жазуы морфема–логографтық жазу саналады. Көне қытай тілінде сөздер бір буынмен, яғни бір ғана иероглифпен жазылса, кейін көп буынды – бірнеше иероглифті сөздер саны ұлғайып, бір буынды сөздер көп буынды сөздердің түбір морфемаларына айналған. Қытай жазуы Дауынкоу өңірінен табылған алғашқы жазудан (қыш ыдыстағы жазу) басталады, бес мыңжылдық тарихы бар. Археологиялық зерттеулер жазудың қытайдың Инь-шан дәуірінде (б.з.б. 2140 – 1711) пайда болғандығын көрсетті. Хань дәуірі тұсында түрліше жазылып жүрген иероглифтер бірізділікке түсті. Қытай жазуы дамудың үш түрлі кезеңін бастан кешірді:
Иероглифті зерттеу ертеден басталды, бірақ қазірге дейін қытай жазуында қанша иероглиф бар екені нақты анықталмаған. Б.з. 100 – 121 жылы Шүй-Шин жасаған «Шуо вын жие зы» сөздігінде 9353 иероглиф қамтылған, Цинь патшалығы тұсында (1644 – 1911) Жаң Шу құрастырған «Каң ши» сөздігінде 47035 иероглиф бар. Қытай – жапон сөздігінде 48902 иероглиф, «Қытай тілінің үлкен сөздігінде» 49905 иероглиф қамтылған (Тайвань, 1968). Ғалымдар қазір иероглифтер саны 60 мың шамасында деп болжайды.
Б.з.б. 6 – 3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және техникалық ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғылыми- техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, тағы басқа). Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған.
Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 жылы жазылған. Б.з.б. 138 – 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және «Ұлы Жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты.
Сун дәуірінде (960 – 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап – «Нэйцзин» Қытай медицинасының дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш «фармакология» кітабы Қытайда жазылды.
Инемен емдеу әдісі Қытай медецина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. Қытай дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғасырда Қытайда оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 – 5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс – Қытай қорғаны. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.).
Кітап шығару тарихы Қытайда 5 – 6 ғасырларға саяды. Қытайда кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 – 03 жылы оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еуропалық үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. 1964 жылы қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы сыналды (жер бетінде). Ал 1967 жылы маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды.
1966 жылы кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета қолданылып, ол бірнеше жүз километр қашықтыққа ұшты. 1970 жылы Қытай бірінші рет Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971 жылы 2-ЖЖС-н ұшырды.
3 мың жылдық тарихы бар Қытай әдебиетінің алғашқы поэтикалық ірі туындысы – «Шицзин» («Жыр кітабы», б.з.б. 11 – 6 ғасырлар) халық жырларының жиынтығы. Көркем прозадан «Гоюй» («Патшалықтар тарихы»), «Чуньцю» («Жылнама»), филосафиялық трактаттардан «Чжуан-цзы», «Сюнь-цзы», тағы басқа шығармаларды атауға болады. Тан дәуірінде поэзия мен новелла дамыды.
Юань әулеті (1289 – 1368) дәуірінде қытай драмасы өркен жайды. Жаңа Қытай әдебиетінің негізін қалаушы Лу Синь (1881 – 1936) болды. 1921 – 22 жылы реалистік және романтик. бағыттағы әдеби топтар құрылды. Қазақ тіліне бірқатар шығармалары аударылып, жеке кітап болып басылды. (Лу Синь, «Әңгімелер», 1951, 1958; Го Можо «Әңгімелер», 1958; Лао Шэн «Рикша», 1960; «Мысықтар шаїары», 1972, тағы басқа).
Қытай өнерінің ежелгі ескерткіштері б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болды. Неолит дәуірінде жасалған керамикалық бұйымдар сақталған. Инь мемлекеті тұсында айналасы дуалмен қоршалған қалалар пайда болды. Цинь мемлекеті (б.з.б. 221 – 207) кезінде Қытайдың ұлы қорғанының негізгі бөліктері салына бастады. Тан (618 – 907) және Сун (960 – 1279) мемлекеті дәуірлеп тұрған кезде қытай мәдениеті жан-жақты өркен жайды. Қытай музыкасы дүние жүзіндегі ең көне мәдени мұралардың бірінен саналады. Б.з.б. 11 – 6 ғасырлардағы жазбаларда кездесетін «юэ» (музыка) сөзі поэзия, би, бейнелеу өнері деген ұғымдарды да қамтыған.
Ежелгі қытай философы Конфуций тамаша музыканың мемлекеттік құрылысқа игі әсері тиетіндіктен оның арнайы құрылымдық сипаты болу керек деп тұжырымдаған. Дәстүрлі қытай оркестрінде 100-ге тарта музыкалық аспаптар қолданылады. Олардың негізгілері: шекті – сэ, цинь, пипа, ху (эрху, сыху, баньху); үрмелі – сяо, пайсяо, шэн; соқпалы – барабан, шылдырмақ қоңыраулар, тағы басқа Қытайдың театр өнері «байси» («жүз ойын-сауық») ойын түрінде пайда болған. Б.з.б. 2 – 1-мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде «чан-ю» («әнші актер»), «пай-ю» («қуақы», «комик») деген терминдер кездеседі. Тан дәуірінде (7 – 10 ғасырлар) ән мен бидің сахналық жаңа түрі – дацюй пайда болды. 8 ғасырдың орта шенінде Тан императоры Сюань-цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын «Алмұрт бағы» («Лиюань») атты театр мектебі құрылды. 17 – 19 ғасырларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинь-цян, юэцзюй, тағы басқа құрылды.
19 ғасырдың орта шенінде осы театрлар негізінде пекиндік муз. драма (цзинси) театры дүниеге келді. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.